Асқабақ шырынының пайдалы қасиеттері

Асқабақтың денсаулыққа пайдалы қасиеттері барлығына жақсы белгілі. Көкөністер мен жемістердің шырынының пайдасы дәлелденген, асқабақ шырыны дәрілік препаратқа теңестіріледі. Оның құрамында көп мөлшерде бето-каротин, ол біздің ағзамызда ретинолға айналады (А дәрумені), сондай-ақ В, Е, К және С (аскорбин қышқылы) бар. Асқабақ шырынының минералды құрамы өте алуан түрлі; калий, мырыш, темір, кальций, магний. Асқабақ шырынында тағы майлар, белоктар және минералды тұздар бар.
Асқабақ шырынындағы ағзаға үлкен пайдасын тигізетін пектин болып табылады. Ол зат алмасуды реттеп, асқазан-ішек жұмыстарын қалыпқа келтіреді. Қандағы холестеринді төмендетіп, перифериялық қан айналымын жақсартады. Пектин біздің ағзамызда жиналып қалған токсин, пестициндерден құтылуға көмектеседі. Сондай-ақ, ол бауыр тазалауда жақсы құрал болып табылады.
Жүрек-қан тамырлары ауруларында асқабақ шырынының ерекше құнды, пайдалы қасиеттері бар. Бұл сусынмен атеросклероздың алдын алуға болады. Сондай-ақ магний миокард, бұлшық ет талшықтарын нығайтып, қан құрамын жақсартады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Волейболшылардың дене қабілеті қасиеттерінің дамуының әдістемелік негіздері

Зерттеудің көкейтестілігі. Бүгінгі күн жағдайында қоғамның әлеуметтік -экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты және дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.
Зерттеу нысаны: арнайы балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі тұтас педагогикалық процесс.
Зерттеу пәні: спорт мектептеріндегі жаттықтыру сабақтарының мазмұны.
Зерттеу мақсаты: жас спортшылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесін жасау және теориялық жағынан негіздеу.
Зерттеу міндеті:
Нарықтық экономика кезеңінде тұлға мен қоғам дамуына өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын нығайту өте қажетті және жоғарғы дәрежеде дене тәрбиесі жағынан даярлау аса маңызды педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
• Жас ерекшеліктерін ескеріп оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі жасалынды;....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Банан қабығының тоғыз қасиеті

✅ 1. Күмісті тазалайды
Бананның қабығы өңі кетіп қалған күміс заттарды қалпына келтіреді. Ол үшін қабықты блендерде тіс пастасына ұқсағанға дейін су қосып еземіз. Артынан жұмсақ матамен күмісті тазаласақ, біртіндеп қара дақтардың кетіп жатқандығын көресіз. Одан кейін күмісті банан қабығының қалдықтарынан тазартып, жылтырату үшін жұмсақ матамен жақсылап сүртеміз.

✅ 2. Аяқ киімге арналған жақпа май
Банан қабығының құрамындағы майлар мен балауыз оны аяқ киімді тазалап, жылтырату үшін қолдануға мүмкіндік береді. Аяқ киімді қабықтың ішкі жағымен сүртіп, үстінен құрғақ матамен сүртесіз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары

Тәуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухтың жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.
Мемлекетіміз өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері еліміз бейбітшілікте өмір сүруде. Осы күнге жету үшін қаншама тер төгілді десеңші!
Қайран, ата-бабаларымыз-ай, олардың көрген қасіреттері жер мен көктің арасындағы қара түтіндей лас, әрі қасіретке толы өмір еді. Бірақ, өмірге деген құлшыныс, ертеңге деген жарқын болашақ олардың үмітін тұтатқан көрінеді. Міне, еліміз тәуелсіз. Күлімдеген күн, көгілдір аспан да таза. Бүгінгі күні еліміздің бетке ұстар рәміздері де бар. Рәміздеріміздің шығу себебі тәуелсіздіктің қасиетті нышаны болып табылады. Тәуелсіздіктің - туы, егеменнің - елтаңбасы, әлем деңгейіндегі – гимніміз шырқалып тұр.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Зейіннің қасиеттерін баланың жас шақтарына байланысты зерттеу

Зерттеудің өзектілігі: Мектепке дейінгі жастағы балалар, кездескен қиыншылықтарды шешуге және алдарына қойған мақсаттарына жетуге тырысады. Мұндай жағдайлар, өздерін дұрыс ұстай білуге, ішкі және сыртқы жағдайларды бағалауға және мінез-құлқы мен танымдық өрістерін дамытып, қалытастырады. Зейін-барлық психикалық таным процестерімен байланысты және соның көмегімен анықталады. Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегін де, дене еңбегінің де мәні, нәтижесі болмас еді.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың психикалық дамуы барысында зейіннің қай дәрежеде тиянақтылығын бағалау және оны дамыту.
Зерттеудің міндеті:
-Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін бағалау;
- Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін дамыту және шоғырландыру;
-Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларда зейінді зерттеу әдістемелерін пайдалану;
-Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейіннің қалыптасу деңгейін бағалау;
Зерттеудің әдісі: Зейінді дамытудың мәнін, мазмұнын, көлемін анықтауға байланысты психологиялық және әдістемелерді талдау.
-мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінің анықтауда қазіргі қолданылып жүрген психологиялық оқу құралдары мен психологтар тәжірибесін зерттеу;
-зерттеу жұмысы барысында, балаларда қолданған әдістемелік тесттердің жауаптарын талдау пайдалынады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | БЕЛОКТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ, ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

КІРІСПЕ
1. Белоктардың жалпы сыпаттамасы және физикалық
- химиялық қасиеттері
Академик В.И. Вериадскийдің есебі бойынша жер жүзіндегі тірі организмдердің салмағы 10 т. тең екен. Ал осы барлық тірі организмдердің негізгі құрамда бөлігі белок. Тіршілік ету процестерін зерттеу жұмыстары олардың өмірінде нуклеин қышқылдарының белоктардың жаңаруы, күрделілігі, шексіз әр-түрлілігі, маңыздылығының ерекше кеңдігін көрсетті. Ф.Энгельс өзінің "Табиғат диалектикасы" еңбегінде өмір дегеніміз – белокты денелердің өмір суру тәсілі, яғни организмдегі зат алмасудың қоршаған ортамен тығыз байланысы деп жазды. Басқаша айтқанда белок - барлық тірінің материалдық негізі болса, ал олардың тіршілік ету тәсілі - өмір болып табылады.
Белоктардың "белок" деп аталуы олардың тауық жұмыртқасы белогының қайнап денатурацияланған кезде - ақ тығыз массаға айналуынан шыққан. Оның басқаша аты протеин - бірінші; маңызды
Белоктардың тірі организмдер үшін алатын орны:
1. Белок – генетикалық ақпаратты жеткізуге қолданылатын молекулалық құрал. Белоктардың маңызды қызметтерінің бірі олар түзу сызықтық РНҚ-дағы генетикалық хабарды үш өлшемдік яғни кеңістіктік хабарға айналдыратын химиялық материал болып табылады, Ал бұл үш өлшемдік, яғни кеңістіктік хабар тірі организмдердің макромолекулалық, субклеткалық компоненттеріне тән. Міне, белоктардың бір осы қасиетті ғана, олардың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Топырақтың сулық қасиеттері мен су режимдері және оларды реттеу тәсілдері

Топырақ құрылымы.Топырақ үгілу нәтижесінен пайда болады ,әр түрлі механикалық бөлшектерден тұрады.Осы механикалық бөлшектер топырақ түзілу және оның әрә қарай даму процестерінде топырақ шіріндісі,өсімдік тамырлары ,топырақтағы жәндіктер әрекеттері арқылы бір-біріне желімденіп ,жабысып әртүрлі топырақ түйіртпектерін –агрегаттарын құрады.Топырақ құрылымы дегеніміз осы.Топырақ құрылымы-оның су-ауа алмасуына ,т.б көптеген физикалық қасиеттеріне әсер етіп,оның құнарлығына өте үлкен септігін тигізеді.Топырақ құрылымы төмендегідей болады:
 Құрылымы жоқ,шан-тозаңды,борпылдақ;
 Құрылымы майда түйіртпекті,мөлшері оқ дәрідей шамамен 0.5-1 мм;
 Дәнді түйіртпекті,диаметрі 1-5мм;
 Жаңғақты құрылым,бөлшектері 5-10мм;
 Майда кесекті құрылым.10мм-ден ірі;
 Ірі кесекті құрылым,топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді.
Су режимдері және оларды реттеу тәсілдері.
Су режимін реттеу. Су қоймалары, немесе резервуарлар арқыл,і су көздерінен жұмсалатын судың мәлшерін уақыт ішінде қолдағ өзгертуді су көзінің режимін реттеу деп атайды. Су кой-маларіша, резервуарларға судын, жиналу ұзақтығына және олар-ды гшдалану жағдайына қарай су көздерін реттеудің тәуліктік, аптальқ, маусымдық (немесе жылдық), көпжылдық және аралас
түрлері болады.
Тәуліктік реттеу. Бұл әдіс жер асты суларын пайдаланғанда түнгі уақыттарда суды резервуарларға жіберіп, ал күндіз суару, немесе сумен жабдықтау үшін пайдаланады. Бұнда пайда-ланылітын сумөлшері (цр) резервуарға қүйылатын судың мөлше-рінен цн ) көп болады.
Маусымдық жэне жылдық реттеу ағып келетін суды жыл бойы қайта бөлу негізінде жасалады. Ол үшін өзен арнасында, немесе сайларда плотина құрылысы салынады және жасалған реттегіш су қоймасына ағып келетів су толығынан, немесе тасқын суының бірсыпыра белігі тоқтатылып, кейіннен ол суару ушін пайдаланы-
лады.
Ағатын суды маусымдық реттеу оның жыл бойы пайдаланыла-тын мөлшерінің жыл бойы жыйналатын судың есепті қамтамасыз етілген мөлшерінен аз болғанда қолданады.
Ал енді нақтылы пайдаланылатын судың мөлшері жыл бойы жиналатын судың, мөлшерінен көп болғанда көпжылдық реттеу ұйымдастырылыц, оны суы көп жылдары су қоймаларына жинап, суы аз жылдары суару және суландыру үшін пайдаланады. Топырақтың су режимі және оны реттеу
Ауыл шаруашылығы дақылдарының топырақтың ылғал және ауа режимінде қоятын талаптары. Ауыл шаруашылық дақылда-рының өсіп-өнуі үшін күннің жарығы, жылу, ылғал, ауа және қо ректер бірдей керек. Ылғал, ауажәне минералды заттар күн жа-рығы әрекетімен болатын фотосінтез процестері арқасында орга-никалық заттар жасау үшін негіті материалдар болып саналады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экология | Жер асты суларының физикалық - химиялық қасиеттері

Кіріспе
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Көз тиген кісіге дем салу дұғасы

Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим!
Нар аллаһу уә сұлтан әл әзим. Уәл мунтаһи әл қәдим уә әллуа һә әл кәрим. Иттәмат әл тәмат уәддаъуат. Әл муста жәбат ән саһиб уә мин ил айн. Әл жин уәлә нас мин назрат. Уәл мужтәһа уәл әшрат ил айн бил айн.....
Дұғалар
Толық
0 0