Өлең: Қадыр Мырза Али (Қартым маған күнде сәлем жолдайды)

Қартым маған күнде сәлем жолдайды,
Қала жайы көңіліне қонбайды.
«Айналайын, бәрі де бар шаһарда,
Ал көкжиек онда бірақ болмайды!
Көре алмайсың таңның қалай атқанын,
Көре алмайсың күннің қалай батқанын.
Тек жарық пен қараңғыдан сезесің
Түн мен күннің кезектесіп жатқанын......
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-бөлігінде «Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы». Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – құқықтық жүйенің реформаларының конституциялық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес келуі. Елімізде мызғымас құқықтық мемлекет орнату үшін осындай шарттарды қажет етеді. Құқықтық мемлекетке Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасы бойынша бүгінгі саяси өмір маңызды мәселелерді алдыңғы қатарға қояды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы құқықты сақтауды дұрыс жолға қоюы. Өзінің құқықтық негізін қоғам білгісі келеді. Саналы құқықтық мемлекеттің, халықтың сана сезімін өзгертетін маңызды саналы рухани кезеңі мемлекеттің егемендігін нығайтудың маңызды кезеңі мемлекет ішіндегі халықтың ролін анықтайды. Оның мәнісі – біздің қоғамдағы құқықтың ролін арттыру болып табылады. Қазақстан Республикасында құқықтық реформаны құру туралы мемлекеттік жобасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын орнатуға ерекше көңіл бөле отырып, азаматтардың барлық құқықтарының қорғалуына құқықтық кепілдік береді. Еліміздің құқықтық саясатының концепциясының негізгі міндеті – болашақта қылмыстық іс жүргізушілік заңнаманы жетілдіру мен қатар нақты нормалардың негізін қалайтын қағидаларды бекіту, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Біржанның қартайған және сырқаттанған кезінде шығарған өлеңдері)

Ал, дүние, өтеріңді біліп едім,
Білдірмей серілікпен жүріп едім.
Бұл күнде арық қойдан бағам кейін,
Үш жүзді сайран қылған Біржан едім.
Қарасу есік алды лайланды,
Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды.
Қамзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп,
Дүние өтерінде шыр айналды......
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Қарты бар үйдің қазынасы бар

Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: "Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден немересіне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр болама деп қорқамын..." деген екен. Рас, қазақ ұрпағына ұлағатты тәрбие бере алған, ұлтжанды ұл, қылықты қыз тәрбиелеген. Ал қазір біз сол ғасырлар бойғы ұлы құндылықтарымыздан ажырап барамыз. Бұл - бүгінгі қоғам дерті. Бесік жырын шетелдің у-шу, даңғаза әуеніне алмастырса, ертегінің орнын телеарна мен компьютердегі атыс-шабыс ойындар, фильмдер, мен түрлі мультфильмдер алмастырды. Өкініштісі сол, сәбиін "әлдилеп" ән айтып еміренетін әжелер азайды, бесік жырын білмейтін аналар көбейді, ұлдарын атқа мінгізіп өсіретін аталарымыз жоқтың қасы. Атам қазақтың ұрпақ тәрбиесін жоғары қойғандығы соншалық, туған-туыс, бір рулы ел болып, бүкіл ауыл болып атсалысқан. Әсіресе, бұл жерде үйдегі көпті көрген қарт ата мен әженің тәрбиесі үлкен рөл атқарады. Ал бүгін сол ата-әжелеріміз бала тәрбиесіне қаншалықты деңгейде мән беруде?

Адамның асыл қасиеттері мен адами болмысы өз отбасында қалыптасады. Отбасында алған үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие арқылы ғана Отанға деген сүйіспеншілік сезімі орнығады. Ал отбасындағы басты құндылық ұлттық тәрбие деуге болады. Сол ұлттық тәрбиенің дәнін себуші жандардың бірі - әжелер екені даусыз. Әже алдын көріп, тәлімін алғандардан қазақтың сүт бетіндегі қаймағындай болып, тарихта есімі қалған ұлылар қатары көп-ақ. Зередей зерделі ұлағатты әжеден аңыз-әңгімелер естіп, жыр-дастандар тыңдап өскен бала Абай дана Абайға, қазақты танытқан ұлы ақынға, зор тұлғаға айналды......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Алгебралық бөлшектерді қысқарту. Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді ықшамдау (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Алгебралық бөлшектер
Сабақ тақырыбы: Алгебралық бөлшектерді қысқарту. Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді ықшамдау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.29 Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді ықшамдайды
Сабақ мақсаттары: Алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып, бөлшекті қысқартуды орындай алу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қатарынан қалған кәрі жетім

Қазақта бір мақал бар ғой «Қатарынан қалған кәрі жетім» демекші қазіргі уақытта кәрі жетім болып қалған қаншама үлкен кісілер қарттар үйінде өмір сүріп жатыр. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп өскен бәріміз бір қазақтың баласымыз. Тарихқа көз жүгіртіп көрсек біздің далада түрме, жетімдер үйі, қарттар үйі деген....
KZ
Толық
0 0

Шығарма: Қарттарым амансау болғай!

Қариялар азайып бара жатқанын, әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе? Биыл — Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 71жыл толмақ. 1941жыл 22 маусым — барлық посткеңестің елдердің тарихындағы ең қайғылы датаның бірі. 1941жылдың дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап, жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпіртүкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Қарт ананың қасiретi

...Əкем қайтыс болған соң анамның да денсаулығы сыр бере бастады.
- Бұл үйде не шешең тұрсын, не мен тұрайын! Шаршатты əбден!
Өткіз анау қарттар үйіне! Сол шешең үшін мына үйде күнде ұрыс. Берекеміз кетті. Шалының артынан неге кетпеді екен... Өткізбесең бала шағаны жинаймын да кетемін. Қалыңдар шешең екеуің!!!
Арада бір ай өтті. Əйелімнің қабағы ашылмады. Балаларды əдейі жылатады. Анама əдейі суыған шəй, дəмсіз тамақ береді.
Жұмыста болатынмын. Үлкен ұлым телефон соқты. "Тез жетіңізші, өртеніп жатырмыз" деп. Алып ұшып үйге жеттім. Анам өзі тамақ істеймін деп ас бөлмеде өрт шығып кетіпті. Жер үй болған соң сыртқа шығып үлгеріпті. Əйелім де менің артымша келді.
- Болды жетер! Құрт шешеңді! Бір күні мына түрімен үйді өртейді. Жап жаңа мебелімді құртыпты!
Бір жағынан əйелімдікі де дұрыс шығар. Біз үйде жоқ кезде жалғыз қалады. Ертең үйді өртеп жіберсе ше. Оданда қарттар үйінде жағдайы дұрыс болады.
Мен осы шешімге тоқтадым. Араға бірер күн салып анаммен сөйлестім.
- Бір-екі айға сізге санаториге путевка алып келдім. Демалып, кішкене денсаулығыңызды түзеп қайтасыз...
- Маған осында да жақсы ғой балам. Ол жерде жағдайым бола қояр ма екен. Сендер жұмыстасыңдар, мына үйге де бас-көз болатын адам керек. Бəрін қойшы, ол жаққа кетсем кішкентай Баконтайымды сағынамын ғой........
Махаббат хикаялары
Толық
0 0