Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ

Тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының нарықты экономикаға өтудегі стратегиялық бағдарламаларының біріндегі негізгі экономикаға өтудегі стратегиялық бағдарламаларының біріндегі негізгі макроэкономикалық мәселе еңбеккерлерді әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажетті объективті факторларын қарастырғанда әлеуметтік сфераға ерекше көңіл аударылады. Әлеуметтік сфера салаларының мәселелері нарықтық қатынастар жағдайында өздігінен шешілуі мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес арнайы мемлекеттік шаралардың орындалуын қажет етеді.
Қазақстан халықты әлеуметтік қамсыздандыру реформасын жүзеге асырған ТМД елдерінің арасында бірінші ел болып табылады. Халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің өзгерісі ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 12 мамыр N 819 үкімімен бекітілген, Қазақстан Республикасындағы зейнетақылық қамсыздандыру жүйесін реформалау концепциясымен байланысты болды. Шетелдің халықты зейнетақымен қамтудың кең ауқымды тәжірибесін қарастырып және қорытындылап, еліміздің мемлекеттік органдары бұл сұраққа өз бағытын ұсынды. Бұл оң әсерлі экономикалық жағдай, яғни мемлекеттің халықтың әл- ауқатын өсіруге талпынуы өмірдегі әлеуметтік қамтудың жаңа жолдарын шұғыл енгізуді қажет етті.
1998 жылдың 1 қаңтарында тәуелсіз Қазақстан өмірінде тарихи қоғамдық маңызды жағдай болды. Ол – еліміздің зейнетақы жүйесі айналымының реформалау жолына түсуі. Яғни, зейнетақымен қамсыздандырудың «біріккен» жүйемен қатар, Кеңес Одағында болмаған жинақтаушы жүйесі енгізілді. Бұл жүйе кезінде жұмыскерлердің зейнетақы мөлшері соңғы жұмыс жылындағы жалақысына, еңбек стажына, жасына байланысты еді және сонымен қатар зейнетақымен қамсыздандыруда мемлекеттік монополия болды. Бұл жүйе экономикаға нұқсан келтіріп, зейнеткерлердің барлығын бірдей зейнетақымен қамсыздандыра алмады. Себебі, зейнетақы салым көлемі мен алым көлемінің арасындағы тіке байланыстың жоқтығы, сондай-ақ әр мекеме жұмыскерлерінің зейнетақы салымдарын уақытылы және толықтай аударған-аудармағанына қарамастан зейнетақыны уақытылы алып отырды. Осы жүйенің сақталып тұруы, оның дағдарысқа ұшырауын тездетіп, зейнетақы төлеудегі ұзақ үзілістерге әкелер еді. Осыған байланысты осы қабылданған заңның шығуына сәйкес жаңа жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілді. Бұл жүйенің ерекшелігі әр азамат табысының 10%-ын міндетті зейнетақы төлемі ретінде жинақтаушы зейнетақы қорына аударып отыруымен қатар, болашақ зейнетақысын өзі қамтамасыз етіп отыруында.
Қазақстан Республикасы биылғы жылдан бастап 2005-2007 жылдарға арналған әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасын іске асырып жатыр. Соның нәтижесінде қазір ең төменгі зейнетақы мөлшері 10300 теңгені, ал зейнетақының орташа мөлшері 12000 теңгені құрады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржының мәні мен қызметі Қаржылық жүйе

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі «Қаржының» теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның (саяси экономияның) негіздеріне сүйенеді. Ол тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мән-мағынасы (предметі) болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
Қаржы нарығындағы болып жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер етуде. Ең алдымен қаржы және валюта нарығының мәнің мен мазмұнынң түсініп, валюта нарығын қаржы нарығының құрама бөлігі ретінде қарастыруға болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық жағдайдың бағасы және корпорацияның қаржылық тұрақтылығына жету жолдары

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттағанда “қаржылық жағдай” дегеніміз немесе “қаржылық жай-күй” дегеніміз не деген сұрақтарға жауап береміз.
Соңғы жылдары шығарылған әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет “Кәсіпорынның қаржы жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен сипатталады” деп жазған.
Профессор Н.А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: “Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді”.
В.М. Родионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы “қаржы ресурстарының қалыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі” деп жазса, кәсіпорынның қаржы ресурстарының тұрақтылық жағдайы ақша қаражаттарын еркін айналымға салуының, үздіксіз жұмыс істеуі мен өнім шығаруының, өнім көлемін ұлғайтудың және жаңалап отыруының негізгі көрсеткіші болып табылады деп есептейді.
Профессор В.М. Родионованың есептеуі бойынша, кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржылық тұрақтылық дәрежесімен, жеке айналым қорымен, олардың сақталуымен, жеке және сырттан тартылған қорлардың қатынасымен, бағалы қағаздар шығару арқылы қосымша қаржылық ресурстар арқылы анықталады.
М.Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: “Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы”. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржы ұғымы

КІРІСПЕ
Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financiе сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
1. Қаржының мәні, функциялары және рөлі
1.1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық инвестициялық қызметі

Нарықтық қатнастарға өткен дербес егеменді еліміздің алға қарай даму
барысынды түрлі әрекеттер атқарыла бастады.Кеңестік экономикадан өтпелі экономикаға өткенде еліміздің экономикасындағы байланыстар (өндірістік,экономикалық,сауда-саттық) үзіліп қалды,яғни экономикамыздың әсіресе үзілген байланыс салдарынан тоқтап қалған кәсіпорындарының жұмыс істеуі мен қайта жандануға инвестициялық көздердің маңызы зор.
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға өтуіне байланысты өз нарықтық институтын, мемлекеттік басқару жүйесін, экономикалық шаруашылық жүйесін қалыптастырды. Осыған байланысты күрделі бақылау жүргізу барысында мемлекет экономикасына инвестицияны тарту жөнінде көлемі ұлғайғанын бақылап, және тартудың маңыздылығы байқалып, әсерінен мемлекет экономикасының дамуы көрінуде. Мемлекеттегі инвестициялық климоттың тұрақтылығы оның масштабы, құрылымы, эффектілігі шетел инвесторларға бизнесін дамытуға, үлкен табыс алуға, елдің жағдайын көтеруге жол ашады
Негізінен инвестицияларды тарту оның құрылымды саясатын жүргізу ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру саясаты әр түрлі нысанда жүзеге асыруға мүмкіндігін, оған банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей инвестициялардың меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылу да мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Бірден инвестиция құрылымдық саясаты елдің өндірістік базасын жедел жаңартуын және оның өндірістік мүмкіндігінің артуын қарастырады. Екіншіден, фирмалар жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелестік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін жүргізеді.
Инвестиция түсінігі капиталды салымдар мәнінен кең ұғым болып табылады.Бұл түзетудің маңыздылығы «юридикалық тұлғалар,азаматтар мен мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асырудағы тәжріибелік іс әрекеттер жиынтығы» түсінігіндегі инвестициялық іс-әрекет мәнін түсінуге қажет.
Жалпы инвестиция арқылы қоғамның прогрессшіл дамуында таптар мен әлеуметтік топтардың мүліктік жағдайы,алатын табысы,орны мен маңызы,Қазақстанның дүние жүзі мемлекеттері арасындағы, макроэкономикалық көрсеткіштері мен абыройы артады, қағам дамуында кешегі, бүгінгі және ертеңгі сатыларының рөлі анықталып, ол болашаққа екпінді қарқынмен жүруіне, дүниежүзілік цивилизацияланған елдерге интеграциялануына кеңістік ашады.Сонымен қатар, жаңа өндірісті рационалды орналастыру, барлық кәсіпорындар ішінде ірі,орта, шағын және шетел фирмалары толығымен қатысатындарының үлесін оптималды ету, экономикалық өрлеудің экстинсивтік түрінде қарағанда интенсивтік түрін барынша тиімді дамыту үлкен көлемде инвестициялар ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржыны басқару

Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономи-калық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жүмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығі Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі.— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекетгік борыштың аза-юында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуыңда) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
басқарудағы демократизм;
қаржы мәселелеріне саяси тәсіддеме (көзқарас);
басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтай-лы үйлесуі (үштасуы);
басқарудың ғылымилығы;
орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудагы келісушілік;
басқарудағы жауапкершілік;
шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.
Қаржыны басқарудыц екі аспектісін ажырата білген жөн: біріншіден, мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудыңтетігі, түтқасы ретінде пайдалана-ды және сейтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жа-сайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып та-былады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны басқаруга гылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір сферасында, олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен жүйелі көзқарасты айқындайды. Заңи заң-дарда, қаржылық болжамдар мен жоспарларда, қаулыларда және басқаларда ресімделетін қаржылық сипаттағы басқару шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық және заңи зандардың талаптарын, өткен шаруашылық кезеңнің қорытындыларының ғана емес, сонымен бірге келешекті экономикалық талдаудың нәтижелерін, экономикалық-математикалық әдістер мен қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесін, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуін ескерген жөн. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша теориясы және ақшаның экономикадағы ролі

Ақша дегеніміз не? Ақша - адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп етуге дайын.
Ақшаның сиқыры адамдарды арбап алады. Кейбіріеулер ақша үшін терлеп-тепшіп еңбек етсе, енді біреулер оны қолға түсірудің, көбейтуді түрлі амалдарын іздестірумен болады. Ақша – тек қана одан құтылып қана пайдалануға болатын бірден-бір тауар. Ақшаны жаратпайынша ол сізді тамақтандырмайды, баспана болмайды. Ақша үшін адамдар көптеген тірліктерге барады және ақша сол үшін қайтарым да береді.
Қазіргі елімідегі ақша-несие және қаржылық шаруашылық елеулі құрылымдық өзгерістер кезеңін бастан кешіп отыр. Өйткені әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық экономикаға көшу кезінде ақша жүйесі түбегейлі қайта құрылып, несие-қаржы институттарының және олар жүргізетін операцияларды жаңа түрлері пайда болуда. Біздің тәуелсіз елімізде Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі қарым-қатынастар жүйесі қалыптасып олар заман талабына сай әрекет етуде. Сондықтан осы курстық жұмыстың тақырыбы мені қатты қызықтырды.
Себебі, балалық шақтан бастап адам ақшаның неге қажеттігін және оның өз өміріндегі атқаратын ролі жөнінде біле бастағанымен «Ақша деген не?» деген сұраққа жауап табуға қиналады.
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Дәл осы мәселені мен мейлінше кеңінен қарастырмақпын.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржы салсындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері

Бітіру жұмысымда қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі, қоғамдағы орны, маңызы мен мақсаты қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жөүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың маңызы өте зор екендігі белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистің құрамына жатады.
Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты экономика, қаржылар аясындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару және әлеуметтік-мәдени салалардағы мемлекет атқаратын қызметтердің рөлін төмендету сияқты келеңсіз көзқарастар қоғамымызда орын алып отыр. Оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік басқару сияқты мемлекеттік-құқықтық категорияның орнына атқарушы органдар (атқарушы билік органдары) терминінің пайдаланылуы жаңағы көзқарастарға негіз болып отыр. Ал осы атқарушы билікті жүзеге асыру мемлекеттік-басқарушы қызметті жүзеге асыру болып табылатынын білуге тиіспіз. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған орай жоғарыдағы мемлекеттік басқару жөніндегі көзқарастарға қарсы пікір айту қажет болар деп ойлаймыз: Біріншіден, мемлекет бұрын да қазіргі кезеңде де өзінің табиғи құрылымына байланысты экономикалық және әлеуметтік-мәдени саясатты қаржылардың көмегімен жүзеге асыруға атсалысады. Бұл жерде олар алуан қоғам мүдделіктерін көздейтіндіктен осы аялардағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығаруға болмайды;
Екіншіден, мемлекеттің экономика, рөлі күшейе бермек; үшіншіден, мемлекет ешқашан да нарықтық экономикаға қарсы тұрмайды, қайта біз оның қолында нарықтық қатынастардың тиімді дамуы мен жандануына себін тигізетін зор мүмкіншілік бар екенін ұмытпағанымыз жөн; төртіншіден, нарықтық өзіндік реттеу стихиялық процестер туындатады жөне ол процестер нарықтың бір қыры ретінде қаржылар және әлеуметтік-мәдени салаларындағы дәрежесі ұзақ жылдар бойындағы тарихи тәжірибелермен белгіленген. әсіресе қазіргідей, қысылтаяң реформа кезеңінде мемлекеттің, мемлекеттік басқарудың ауыздықталмаған қара күштермен сипатталады. Оны тежеу, реттеу тек мемлекеттің ғана қолынан келеді; бесіншіден, жоғарыда айтқанымыздай нарықтық өзіндік реттеу анархия мен хаосқа әкеліп соғатынын байқадық. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржы саясаты және қаржы механизмі

Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы
Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу. «Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негізге» сәйкес қаржылық есеп беруді пайдаланушылар қатарына мыналар қосылады:
- берілген инвестицияларға байланысты тәуекелді көтеруші инвесторлар. Оларға акцияны сату, ұстай тұру немесе сату жайлы шешім қабылдауға және субьектінің дивиденд төлеуге қабілетін бағалауға көмектесетін ақпарат керек болады.
- тиесілі кредиттер мен проценттер бола ма, олар уақытылы төлене ме деп белгісі кеметін қарыз берушілер;
- тиесілі сома бола ма, төлене ме деп анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратқа қызығушы жабдықтаушылар және басқа сауда кредиторлары;
- сатып алушылар. Оларға субьектің үздіксіз қызметі туралы, әсіресе, олардың осы субьектіге ұзақ мерзімдік келісімдері туралы ақпарат қажет;
- қызметкерлер. Олар субъект қызметінің тұрақтылығы мен тиімділігі туралы ақпаратқа, сонымен қатар субъектінің еңбек ақымен және басқа жеңілдіктермен, зейнетақымен, жалдау жөніндегі бұдан былайғы жұмыспен қамтамасыз ету қабілетін бағалау мүмкіндігін беретін ақпаратқа мүдделік танытады;....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржыны басқаруды ұйымдастыру

КІРІСПЕ
Баскару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0