Дипломдық жұмыстың өзектілігі – сырттан тартып алынған ресурстар активті операциялардың «ғимараты» турған фундаменті ретінде қызмет етеді және оның тұрақтылығын банктердің барлық құрылымы тәуелді. Сондықтан тартылған ресурстар қалыптастыру мақсаты әлемдегі кез-келген мемлекеттерддегі коммерциялық банктер үшін өзінің актуалдылығын жоғалтпау және тапсырылмаған критерилерге жауап беру (құндылық, жеңілдік, тұрақтылық және т.б). Екінші деңгейлі банк жүйесін алдын-ала функциялауда коммерциялық банктердің ресурстарның қайнар көздері болып тартып алынған қаражаттар табылады. Егер де олар банк ресурстарының жалпы көлеміне 80-90%-ін құрса. Қазіргі экономикалық жекешелендіру жағдайда банкке қажетті тартып алынған ресурстарды қалыптастыруда оның қызметінің негізгі проблемасы болып табылады. ....
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр. Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ЖІӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуғаң атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо¬микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың¬нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай¬тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік¬тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес-керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле¬мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылдың деп айта кетті [1].....
Қайта құру жолындағы Республикамыздың, экономикалық дағдарыстан өте қиыншылық жолмен шыққанын өзіміз көріп отырмыз. Еліміздің халқымыздың әл-ауқаты қазір дұрысталып кележатыр. Бұл дағдарысты жоюға дағдарыспен күресуге банктеріміздің қосқан үлесі өте көп. Сол себептен орталық банктердің ақша-несие саясаты жайлы осы кіріспе сөзімде айта кетейін. Орталық банктердің ақша-несие саясаты деп оның айналымынан аққша-массасын , несие көлемін пайыздық мөлшер деңгейі мен ақша айналымындағы және қарыз капитал нарығындағы басқа көрсеткіштерді өзгертуге бағытталған іс-шаралардың жиынтығын айтады. Ол саясаттың мақсаты ақша-несие саясаты несиеге және ақша эмиссиясына жағдай жасауға, ия оларды іркеуге және шектеуге (несиелік) бағытталады. Өндірістің дағдарысы және жұмыссыздықтың күшеюі жағдайында орталық банк несие беруді кеңейту және пайыз мөлшерін азайту арқылы өндірістің жандануына себемші болды. Керісінше экономикалық өрлеу кезінде кездесетін алыптастаушылық, бағаның өсуі үйлесімсіздіктің өрлеуі сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында орталық банк несиеге мен қою, пайыздық төлемді жоғарлату, төлем құралдарын шығаруды тежеу сол сияқты әрекеттермен шұғылданады. Ел экономикасының жағдайы ақша-несие жүйесіне тығыз байланысты. Несие институттарының санына , несие ресурстары мен жүргізілетін операцияларының көлеміне қарай кез-келген мемлекеттің ақша-несие жүйесінің негізгі комерциялық банктер болып саналады. Оған дәлел, көптеген мемлекеттерде ақша-массасының 75%-бен 90%-ға дейінгісі банктік депозиттер, ал тек 25-10%-зы орталық банктің банкноталары. Сондықтан мемлекеттің ақша-несие аясын мемлекеттік реттеу қызметі тек орталық банк арқылы комерциялық банктердің масштабы мен олардың түрлеріне ықпал жасаумен ғана табысты бола алады. Орталық банктің ақша-несие саясатының әдістері сан алуан, олардың ең көп тарағандары төмендігідей ; - комерциялық банктерге берілетін несие пайыздық төлем мөлшерін өзгерту; - банктердің міндетті қорларының мөлшерін өзгерту; - ашық нарықтағы операциялар, яғни векселдерді мемлекеттік облегацияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу-сату операциялар; - валюта курсының саясаты, немесе курстық саясат. Бұл айтылған ақша-несиелік реттеу әдістері барлық комерциялық банктердің операцияларына және толық қарыз капиталының нарығына әсер ететіндіктен жалпы реттеу әдісі деп аталады. Іріктен тексеру әдістеріне мыналыр жата ....
Елiмiзде өтiп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту ұшiн ғана емес, бұкiл қоғамдық өмiр ұшiн де орасан зор маңызы бар екендiгiн республикамыздың тәуелсiздiгiнiң 10 жыл iшiнде атқарылған жұмыстар көз жеткiзе дәлелдейдi. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулi өзгерiстер енгiздi және сайып келгенде әрбiр еңбекшiнiң мұддесiн қамтиды. Сондықтан бұған дейiн ынта - ықыластың уақыт өткен сайын әлсiремейтiндiгiнiң, қайта арта тұсетiндiгiн өмiр көрсетiп отыр. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтiң барлық экономикадағы негiзгi буын – бұл акционерлік қоғам. Мiне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажеттi өнiм өндiрiлiп, қызмет көрсетiлуi тиiс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткенi акционерлік қоғамда ең бiлiктi кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды ұнемдеп жұмсау, жоғары өнiмдi техникалар мен технологияларды қолдану мәселелерi кең тұрде шешiледi. Акционерлік қоғамдарда өндiрiстi және өнiмдердi сатуға кететiн шығындарды мейлiнше азайтуға қол жетедi. Сол сияқты бизнес жоспарлар әзiрленедi, маркетинг қолданылады, тиiмдi басқару жұйесi – менеджмент iске асырылды. ....
Қазіргі заманғы кез келген қоғамның экономикалық құрылымының қалыптасуы мен дамуында алғы, анықтаушы рольді үкіметтің таңдап алған экономикалық саясаты шеңберінде жүзеге асатын мемлекеттік реттеу алады. Мемлекетке экономикалық және әлеуметтік реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ең маңызды механизмдердің бірі қаржылық механизм- бсты тізбегі мемлекеттік бюджет болып табылатын, қоғамның қаржылық жүйесі. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет ақшалай қаражттардың орталықтандырылған қорларын құрады және орталықтандырылмаған қорларға, мемлекеттік органдарға жүктелген қызметтерді артқаруға мүмкіндікті қамтамасыз ете отырып, әсер етеді. Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттік реттеу жүйесінің негізін кірістерді қайта бөлу жөніндегі қатанас құрайды. Тоқсаныншы жылдардың басынан бастап Қазақстан Републикасында жүргізіліп келе жатқан экономикалық және саяси реформалар мемлекеттік қаржы, ең алдымен бюджеттік жүйеге әсерін тигізді. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің ресурстарын мобилизациялау және жұмсаудың басты құралы бола отырып саяси үкіметке экономикаға әсер етуге, оның құрылымдық қайта құруларын қаржыландыруға , экономиканың басым секторларының дамуын ынталандыруға, тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуге нақты мүмкіндік береді. ....
Еліміздің нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты экономикадағы ақша айналысын реттеп отырудың маңызы ерекше болып табылады. осы ақша айналысын реттеудегі шаралардың бірі қолма-қол ақшаларды несиелік ақшаларға ауыстыру саясаты екені белгілі. Бүгінгі таңда ұлттық ақшаайналысында несиелік ақшалардың келесі түрлері қолданылуда: вексель, банкнота және чектер. Осылардың ішінде вексельдік қатынастардың маңыздылығы ерекше болып табылады. Өз кезегінде вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол - бағалы қағаз. Бірақ Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» (28,04,97 ж.) ҚР-ның Заңына сәйкес вексель бағалы қағаз болып табылмайды, ол қарыз міндеттемесі деп көрсетілген. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. /1/ Вексельдің экономикалық мәні - несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі болуында. Вексель нарықтық экономикалық қатынастарда тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытудағы басты құрал болып табылады. сондықтан елдің экономикасының тиімді өсуін ынталандыру үшін вексельдік несие ақшаларды дамытудың Қазақстан үшін маңызы жоғары болып отыр. Сондай-ақ вексельмен операцияларды Ұлттық банктер де және коммерциялық банктерде іске асырады. Ол туралы жұмыс барысында тоқталамыз ....
Қазіргі заманға сай экономикалық жүйені қалыпты құрылымдауды қамтамасыз етуде маңызды роль мемлекетке тиесілі. Мемлекет өзінің пайда болған тарихынан бері келе заңдылықты, реттілікті ұлттық қауіпсіздікті ұйымдастыру мен қатар экономика сферасында белгілі бір функцияларды орындап келеді. Мемлекеттік реттелген экономиканы ұзақ тарихқа ие. Ертеректе капитализмнің өзінде Еуропада бағалар ұсыныспен, тауар сапасын және қызметтерді пайыздық мөлшер және сыртқы сауданы бақылаушы орталық болған. Қазіргі жағдайда кез-келген мемлекет ұлттық экономиканы реттеуді, әртүрлі дәрежедегі экономикаға мемлекеттің араласуы арқылы жүргізеді. Мемлекеттік және нарықтық реттеу қандай үлесте болуы керек, мемлекеттік араласудың бағыты және шекарасы қандай деген сұраққа, пікірлер қадамдардың кең пікір спектірі бар-ол толық мемлекеттік монополизмнен шеткі экономикалық либерализмге дейін. Бірақ мемлекеттің белгілі бір функцияларды атқару керектігі міндетті. Бұл «Кейнсиандық ревалюция» кезінде және бір дәлелденді, онда нарықтық экономикаға кассалық көзқарасқа төңкеріс жасады және экономикалық құлдыраудың өздігінен тұруы мүмкін емес екенін дәлелдеді. ....
Кәсіпорынның қаржылық қорын бағалау, оның тұрақтылыққа жету жолдарын, экономикалық тиімділікті де анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын жұмысының қаржылық қорынының жағдайын бағалау адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады. ....
Жер өте ерте кезден адамзат қоғамының өмір сүру және өміріне қажетті заттарды өндіру ортасы болып келеді. Жер ауданы, әсірісе өндіріске қолайлы, құнарлы жерлер шектеулі болып келеді. Сондықтан да жер үшін күрес ешқашан тоқтаған емес. Бір қоғамның, мемлекеттің өз ішінде жерге меншік, иелік ету арқасында байып отырса, екіншілері-жері жоқтар кедейленеді. Осы қатынастар және жердің шектеулігі, жерді экономикалық бағалау, тиімді пайдалану, жерге меншік қатынасын және соның негізінде салық төлемдерін тудырады. Жер салығы жер иеленушілердің тұрақты табыс көзі болып келеді. Жер жалпы халықтың меншік деп жарияланған социалистік қоғамда да жер салығы болды. Өйткені, жер пайдаланушылар жер иеленушілерден шаруашылық есеп бойынша оқшауланған. Сонымен қатар, жердің табиғи өнімдеріне және орналасу тиімділігіен байланысты дифференциалдық рента әрқашан болады. Сапасы біркелкі тәуір жермен барлық жер пайдаланушыларды қамтамасыз ету, мүмкін емес. Сапалы әртүрлі жерді пайдаланушылар бірдей еңбек жұмсай отырып, әртүрлі нәтиже алады.Сондықтан жер иелену құқығы қоғамның барлық мүшесіне бірдей болған күннің өзінде жақсы жерді пайдаланушылар ондай мүмкіндігі жоқтармен өзінің табысымен бөлісуі керек .Бұл жер салығы арқылы жүзеге асырылады. ....
Шаруашылық жасаушы субъект үшін өсуінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқаша субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін. Менің курстық жұмысым осы жалгерлік есебіне негізделген, соның ішінде қаржыландырылған жал есебі. Жұмыстың мақсаты: Қаржыландырылған жал есебінің мазмұны мен мақсатын, оның қолданылуын ашып көрсету. Жұмыстың мақсатына жету барысында белгілі бір міндеттер қарастырылады: 1. Жал есебінің маңызы мен мазмұны 2. Қаржыландырылған жал есебі туралы түсінік 3. Қаржыландырылған жал есебін қолдану Жұмыс барысында қолданылатын негізгі ұғымдардың анықтамалары: Жалдау – бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесінде жалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар пайда болады. Жалға беруші – жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мүлікті жалға беруде меншік иесі өкілеттік берген органдар мен ұйымдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға беруші бола алады. Жалгер – бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Заңды және жеке тұлғалар, біріккен кәсіпорындар, шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер жалгер болуы мүмкін. ....