Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Рим империясының гүлденуі Сабақтың тақырыбы: Ежелгі рим қоғамы римдік мәдениеттен қалай көрініс табады? 2-сабақ Оқу мақсаты:5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдастыру табиғатын сипаттайды 5.2.2.3 Ежелгі әлемнің өнерін сипаттайды Сабақтың мақсаты:• Ежелгі Рим мәдениетінің ерекшеліктері меноның әлемдік мәдениетке әсерін анықтау......
Бақтияр Әбілдаұлы Тасыған дария тартылып, арнасына түскені сияқты 1774 жылы қырғыз басқыншылары да тәубасына келген еді. Ресейге қарасты Еділ қалмақтары Жоңғарияға 1771 жылы жөңкіле көшіп, жолындағы алаш баласын қырып-жойып келе жатқанда Абылай хан бастаған қазақ қолы амалсыз қарсы көтеріліп, қырғын соғыс болған еді. Осыны пайдаланған қырғыздар Аякөзден бергі Жетісуды, Шу, Талас бойын, тіпті Шолаққорған, Созақты, Қаратауды басып алғанды. .....
Сексенде селкілдеген Ахметті, Ажал келіп, ақыры бақыл етті. Бұйырғаны қартыңа бұл өмірден - Айналасы алты кез ақырет-ті. Тіршіліктен есіл қарт шеттетілді .....
Кілемдерді тазалаудағы бірінші қағида: Кілемді алдымен сыртқы жағынан, сосын барып бет жағынан тазалау керек.
Кір кілемдерді әртүрлі қоспалардың көмегімен мұнтаздай таза қылуға болады:
- 1 литр қайнаған суға жарты шай қасық кір жуу ұнтағы мен скипидар қосып араластырады. Сосын кілемнің беткі жағына осы құрамды жағып, алдымен ылғалды, кейін құрғақ шүберекпен сүртеді.
- 1 литр суға ас қасықпен мүсәтір спиртін қосып, кілемнің бірінші сыртқы жағын, кейін бет жағын щеткамен жуады. Сосын кілемді екі-үш рет жылы сумен ысқылайды, ал соңғы рет жуғанда суға аздап сірке суын қосады. ......
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сауда, қолөнер және әлемді игеру Сабақ тақырыбы: Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті? 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.4.3 - картадан XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау; 6.3.2.7 - «отаршылдық саясат» ұғымын түсіндіру (Испания және Португалияның жаулап алуының мысалында) Сабақ мақсаттары: Ұлы географиялық ашулардың әлем өзгерісіне ықпалын анықтап, «Mine map» сызбасында талдау;......
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күш және қозғалыс Сабақ тақырыбы: Архимед заңы қалай ашылды? Оқу мақсаты: судағы әр түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау; зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу; алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну. Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы: Берілген суреттерді сипаттай алу; Оқушылардың көбі: Архимед ашқан жаңалықты суретті сипаттай отырып, мағынасын аша алу; Оқушылардың кейбірі: Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алу; Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алу;......
Мақсаты: 1. Балаларға 8 наурыз туралы түсінік беру. Анаға деген бала махаббатын ояту. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. 2. Балалардың логикалық ой - өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін, бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. 3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының жүру барысы: Тәрбиеші: Бұл күнді тойлап жатыр барша халық. Әйелдер күні бүгін халықаралық Жарыққа бізді әкелген аналарды. Бүгінгі мерекемен құттықтайық. .....
“Менің уәделерім ешқашан бос сөз болған емес, ал сіздер маған үнемі үміт ұялатып, биік белестерге бастаған шын жүректен қолдау көрсеттіңіздер”, деді Пре¬зидент. Халқына қаратып айтылған аталы сөз осындай болмақшы. Елімізде шағын және орта бизнесті да¬мы¬¬тып жатырмыз, шын мәніндегі халықтық капитализмге бет бұрдық дейміз; тәуелсіздік алғалы бері шетел инвестициясы¬нан елімізге қырық миллиард доллардан астам қаржы бұлағы бұрылды дейміз; кешірім жасалған көлеңкелі бизнестен жарты миллиард доллар қайтып оралып, ел игілігіне жұмыс істей бастады дейміз; ішкі жалпы өнім жылма-жыл жоғарылап, көңіл көншітеді дейміз. Әлемдік экономикада Қазақстан моделі өз алдына отау тікті. Білім және ғылым саласына екі-үш жыл көлемінде бюджеттен орасан мол қаржы босатылды. Ауыл шаруашылығына бөлінген дотация көлемі де айтарлықтай. Ендеше, елде қиын жүріп жатқан реформалар, атап айтсақ, білім және ғылым, әлеуметтік сала, коммуналдық қызмет, жерге жекеменшік, осылардың баспалдақтап көтерілу динамикасы көңілге орасан зор қуаныш шуағын құяды. Осының мәнісін көп ойландым. Бюджет халықтың маңдай тері мен табан ақысынан құралады. Оның үстіне шетелге шығып жатқан қазба байлықтарымыздың қарымтасынан толады. Енді осы екеуінен бас құрап, қазынамызды толтырған ырзық-несібені көздің қарашығындай сақтап, сыбайлас жемқорлардың апан аузынан арашалап алып қалу – мәселенің бергі жағы, ал сол қомақты қаржыны халықтың бүгінгі тоқшылығы үшін, ертеңгі болашағы үшін орнымен жұмсай білу – ыждаһатты есепқойлықты қажет етеді. Осы жерде хакім Абайдың сөзі еске оралады. Азаматтарымыздың “…көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады”, – дейді. Осындағы байлаулылық сөзінде терең мән жатыр. Байлаулылық көбіне білімге, зеректікке келеді. Сол білімді, сол зейін, зеректікті қажет жеріне жұмсамай, жанып жүріп шаруа тындырмай, көштің соңынан еріп, жұрт жүрген жолды шаңдатып жөңкіле беру бәрімізге сын болмақшы. Атымыздың басын ұлы көштің бас жағына түзейікші, деді Президент өз Жолдауында. Өз басым Президенттің әуел бастан екі мінезін ұнатамын, құлай құптаймын. Бірінші мінезі – нені ойға алса да екі¬ұш¬ты сөйлемей, екіұдай жүрмей, екі жаққа жалтақтамай, сүйейсалды қылмай, жанып жүріп істейтіні. Жанып жүріп істеген іс әрдайым оңынан бітеді. Президент туралы жазылған бірді-екілі көркем шығармаларды, дерекке табан тіреген очерк кітаптарын оқып шыққанда, санаға сап ете қалатын ой – Нұрсұлтан Әбішұлының кешегі бала жастан маңдай терін тамшылатып, бейнеттің от-жалынында қайнап піскендігі. Жастайы¬нан ауыр жұмыстан бойын тартпай өскен¬дігі. ....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды? 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау; Сабақ мақсаттары: Тақырып арқылы XVII ғасырдағы қазақ хандығының саяси жағдайына тоқталу және Тәуекел ханның інісі Есім хан билігінің маңызды жақтарымен танысу, оның саяси роліне баға беру.
Әдебиет пәнінің мұғалімі Матанов Мақаштың ептеп жазатын да өнері бар-ды. Жалақысын түгелдей әкеп беріп, ал қаламақысын жымқырып «Сыра сайранға» салып жүрді. Үйге жиі-жиі масайып, кешеуілдеп келуді әдетке айналдырды. Ауруды «сатып алып», сабағына да бара алмай, күні бойы дөңбекшіп уһілеп жатқан күндері де болды. Шөлмектес доссымақтары көбейіп, қисық жолға түсті. Айрандай ұйып тұрған семья шырқы бұзыла бастады. Былапыт сөз, тарсыл-гүрсілден жас әйелі де қаншама зәбір шекті.
Бір күні Мақаңның зайыбы Сырбике өзінің көршілес құрбысына мұңын шақты.
— Майраш-ау, менің күйеуім әбден бұзылды, көп ішеді. Үйге көп жанжал шығарады. Енді қайттім сорлы басым?.. Құрбыжан-ау, ақылың болса айтсайшы!..
Майраш аяған сыңай білдіріп, досына былай деді:
— Мектепке барып күйеуіңнің жалақысын өзің алатын бол!
— Обалы не керек, жалақысын қолыма түгел тапсырады.
— Ойбай, байғұс-ау, сенің байың дырдай ақын боп, атағы әлемге жайылып кетті ғой!.. Мәссаған, осы күнге дейін хабардар емессің бе?.. Масқара-ай!.. .....