Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Феодализм Сабақ тақырыбы: Феодалдық қоғам қалай ұйымдасқан? 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.1.1 – феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттау 6.1.2.1 – үстемдік етушілер мен бағыныштылардың (феодалдар мен шаруалардың) өзара қатынасын сипаттау Сабақ мақсаттары: - тарихи деректермен жұмыс жасай отыра, феодалдық қоғамның ерекшеліктерін білу;.....
Қыз бала — ұлт ұйытқысы, болашақ ана, аяулы жар. Бұл ұғым “қазақ” атауы дүниеге келгеннен күні бүгінге дейін аманат есебінде қалыптасып келеді. Дегенмен, осы арулар шын мəнінде саналы ұрпақ қалыптастырып, бір қазақ үйінің «отымен кіріп, күлімен шығып отыр ма?» деген сауал туындайды. Осы тұрғыда қыздарымыздың өзге ұлт азаматының етегіне жармасып, өзге ел табалдырығын аттауы жиілеп барады. Қаракөздеріміздің шетел азаматтарымен шаңырақ көтеруі өзекті мəселе десек, қателеспейміз.
Қазіргі таңда еліміздегі əр 100% некенің 20%-ы аралас неке болып табылады. Бұған не себеп? Ең бірінші ойға келетіні — қомақты қаражат, «бақ» қонған заңғар үй. Иə, көбінесе қыздардың басым көпшілігі байлықтың көзіне құмартқандықтан, осы əрекетке барады. «Бұл топқа көбінесе тұрмысы төмен отбасыдан шыққан қыздар жатады»,-дейді психолог мамандар. Екіншіден, өзге елдің тілін біліп, «Болашақпен» білім шыңына қол жеткізуді мақсат тұтқан «тыңдаушылар»(студенттер) Алғашқыда олар алпауыт елге арман қуалап кетсе де, кейіннен жаңа ортаға бейімделген соң, мəңгілік сол елді тұрақ етуді көздейді(бір себеп: онда айлық табыс біздікінен 10 есе жоғары). Үшіншіден, қазақ жігітінен қатты көңілі қалған бойжеткендер. Олар жігіт атаулыға «кек» қайтаруды көздеп, тұрмыс құрады. Бұл санаттағылардың легі 18-ді өткеріп, оң-солын бес саусақтай таныған қыз-келіншектер. Бірақ, бақ қуалап кеткендердің барлығы дерлік көздегендеріне жете бермейді. Өзгенің қара қасқа иттері “қорғансыздың күйін” кештіріп, қайтып келген қыздардың да саны жетерлік. Бұл дегеніміз, бір қыз шетелге күйеуге шықса, мың қыз түс көргенмен тең (көпке топырақ шашқаным емес)… .....
Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі бірінші бірегей ірі қала Испиджаб болды, ол оған осы облыстың барлық жер-суы — шығыста Талас — Шуға дейін, солтүстік-батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатты. Испиджаб жазба деректерде сонау VII ғасырдың бас кезінен белгілі, Сюань — Цяньнің Сапарнамасында ел «Ақ өзендегі қала» деген атаумен еске алынған. Өзге емес, дәл осы Испиджабтың атауының аталу сыры көп кейінірек Махмуд Қашқаридың XI ғасырдағы деректері арқылы айқындала түсті. «Сайрам — деп жазды ол,— Испиджаб аталып жүрген ақ қаланың (Ал — Мединат ал — Байда) атауы. Мұны Сайрам деп те атайды». Испиджаб атауы соғды ішінде «Ақ су» мағынасын береді деген де пікір бар, олай болса «Ақ өзендегі қала»— «Испиджаб» — «Сайрам» деген атауларының түп-төркіні бір екеніне осының өзі айғақ бола алады. Орта ғасыр дәуіріндегі Испиджаб — Сайрам X ғасыр мен XIII ғасырдың бас кезінде Қазақстанның оңгүстігіндегі ең ірі қалаға айналады. Испиджаб округі Сырдария бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран мен Янгикент қалаларын; Қаратаудың солтүстік бөктеріндегі Баладж мен Берукей қалаларын; Жетісудың Тараз, Құлан, Мирки (Мерке), Суяб қалаларын қамтыды. X ғасырдың географы Ибн Хаукаль былай жазады: «Испиджаб — шамамен Бинкеттің үштен екісіне тең қала. Ол мединадан (орталықтан), қамал мен рабадтан (керуен-сарай) тұрады. Қамал күйреген, ал медина мен рабадта тұрғындар тұрады, медина дуалдармен қоршалған рабадты да ұзындығы фарсахқа таяу дуал қабырғасы орап жатыр. Рабадтың өз бағы мен суы бар. Ол тегіс жерде жатытын оны мен ең жақын деген таулар арасы үш фарсахтай (20 км). Мединеннің төрт қақпасы — Нуджкет қақпасы, Фархан қақпасы, Шакван қақпасы және Бұхара қақпасы бар. Оның базарлары медина мен рабатқа, ал басқару үйі, абақты мен бас мешіт мединаға орналасқан. Бұл адамы құжынаған, ауқымды қала, бүкіл Хорасан мен Мавреннахрда осы Испиджабтан басқа харадж (салық) төлемейтін бірде-бір қала жоқ». Испиджаб аса ірі әкімшілік орталығы ғана емес, сонымен бірге өтпелі сауда орталығы ретінде де мәлім. Қалада сауда құрылыстары — керуен сарайлар мен «тимдер» көп болды. Керуен сарайлар (рабаттар) Нахшеб, Бүхара, Самарқант көпестерінің иелігінде еді. Халықаралық сауда Орта Азия мен Шығыс шығарған және Испиджабтың өзінде XI—XII ғасырларда шекілген жергілікті теңгелермен жүргізілді. Испиджабтан басқа жерлерге ақ маталар, қару-жарақ, семсерлер, мыс пен темір жеткізіліп тұрды. Қала құл сату орталығы ретінде де бүкіл Шығысқа әйгілі еді — одан сол кездегі қырқысқан қыруар соғыстарда әр түрлі түркі тайпаларынан қолға түскен тұтқындар сатылып, әкетіліп жатты.....
«Ел болып өлең жырдың тақырыбы, қауышты ауылымен ақын ұлы». Бұл бір кездегі мектеп түлегі, елдің перзенті, белгілі қаламгер, Жазушылар одағының мүшесі, ақын Сейіл Боранбаевпен Қожабақы ауылдық мәдениет Үйінің сахнасында өткен кездесу кешінің тақырыбы еді. Бұл кездесу 2000 жылы ақын Сейіл Боранбаевтың 70 жасқа толу мерейтойына байланысты өткізілген.
Белгілі ақындар Сейіл Боранбаев, Әнес Нарымбетов, Мешітбай Құттықовтар №25 мектептің бір кезгі түлектері еді. Олар мектептің алғашқы түлектерінің қатарынан саналады.
...Сейіл, Әнес, Мешітбай жырдағы шыққан жүйріктер, мүшесі еді Одақтың өлеңде болған даралы. Көкірегі толы көмбеге, тарихшы ұстаз әрі ақын, құрмет тұтты ортасы Ақанжан сынды ағаны. Асыл сөздің сырынан шәкіртке тәлім үйреткен Файзолладай ақындар Болмысы болған бағалы.
Тіс пастасының бағасы қымбат болса, сапасы да мықты бола ма? Әлде дұрыс таңдау оған байланысты емес пе? Зиянды өнімді зиянсыздан қалай ажыратуға болады?
Осыдан бірнеше жыл бұрын қоғамда тіс пастасын штрих-кодтың түсіне қарап таңдаған дұрыс деген ақпарат пайда болған еді. Сосын оны базбіреулер жоққа шығарып, қатты сынға алған. Әрине, ешкім клиенттен айырылғысы келмейді. Бірақ клиенттің де шындықты білуге құқы бар екендігін ұмытпағаны абзал. Дүкенге барғанда пастаның қорабын ашып, пастаны шығарыңыз. Сөйтіп оның штрих-кодының түсіне мән беріңіз. ......
«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Рухани - адамгершілік тәрбие балабақшадан басталады. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі - жас ұрпаққа ұлттық патриотизмді қалыптастырып, адамгершілік – рухани тәрбие беру. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім....
Жаз шыға күннен қорғайтын көзілдіріктер сатып ала бастаймыз. Өзімізге жарасатынын, сәнді көрінетінін таңдаймыз. Осыларды басты назарға алып, оның сапасын, көзге әсерін ұмытып кетіп жатамыз.
Көзілдірік сіздің сұлулығыңызды айқындап қана қоймай, көзіңізді күннен бөлінетін ультракүлгін сәулелерден де қорғайды. Сондықтан да оның сапасына баса мән берген жөн.
Көзәйнек таңдағанда оның неден жасалғанына мән беріңіз. Себебі әдемілік пен стильден бұрын, денсаулық қымбат. Көлемі өте кішкентай көзәйнектер сәнді көрінгенімен, көзге зиян. Себебі оның күннен қорғау мүмкіндігі өте төмен.
Көзді күннен қорғайтын көзілдірітер шыныдан емес, пластиктен жасалып, арнайы линзалар мен қаптауыштардан қапталғаны дұрыс. Себебі мұндай көзілдіріктер ыңғайлы, әрі жеңіл болады. Ал олардың сапасын сіз тек тағып көріп қана біле аласыз. ......
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Сәулет өнері Сабақ тақырыбы: Көне қалалар. (Нәтиже сабақ) Қатені табу және түзету Оқу мақсаттары: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, ақпараттарды кестеге түсіріп, сөйлемдерде жіберілген қателерді тауып, түзетіп жазады. Көптеген оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды және сұрақтардың негізінде ой бөліседі, мәтін мазмұнына сәйкес ақпараттарды жинап, кестені толтырады. Кейбір оқушылар: Әртүрлі дереккөздерден мәліметтер жинастырып, кестені толтырады, сөйлемдердегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзетіп жазады. ......
Бүгінгі күнде қазіргі экономиканы тереңінен талдау қажеттігі, оның бүтіндей сипаттамасы, тұрақтылығы, әлсіз жағдайларын анықтау қажеттілігі өзекті тапсырмалардың бірі болып тұр. Әлеуметтік- экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аймақтық экономика ие болып отыр. Қазіргі кезде негізгі шаруашылық ету қызметі аймақтарда жүзеге асырылады. Оларға өздігінен әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге және аймақаралық байланыстар жасауға мүмкіндік берілген. әр аймақ еліміздегі шаруашылық кешенді белгілі бір орынды алады, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, ұлттық және тарихи белгілері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аймақтық экономиканың ерекшелігі. Аймақтың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін проблемалардың бірі болып отыр. Аймақтық дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты- аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республикалық экономиканы жақсартуды қамтамасыз ету. Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, ел басқа айналыммен бірігіп бүтін экономикалық бірлік құрайды. Сондықтан мемлекет туралы білім оның барлық айналымын жан- жақты зерттеуден құрылады.....