Әңгіме: Әбдіжәміл Нұрпейісов | Қан мен тер қалай жазылды

Шығарма жазылып бітті.... Кітап боп басылып шыққалы да әлдеқашан. Енді, міне, қайта-қайта басылып та жатыр. Шамасы, сірә ұзақ жылдар көз майыңды тауысқан осы кітапты алғаш рет жазсам деген ойдың басыңа қашан, қалай келгені хақында және қалай жазылғаны хақында ой толғайтын уақыт та жеткен сияқты. Шынын айтқанда, осы сауалдың бұдан бұрын да бір рет алдымды тосқаны бар. Бұнан бұрын да дәл осы сауалға жауап бергем. Ол, ұмытпасам, 1970 жылдың көктем айы еді. Алматыға белгілі сыншы Леонид Теракопян келді. Совет романдарының сериясында шыққалы әзірленіп жатқан «Қан мен тер» трилогиясының алғашқы екі кітабы — «Ымырт» пен «Сергелдеңге» алғы сөз жазбақ боп, арнайы келген сапары еді.

Қонақтың қалауы бойынша біз көбіне сыртқа шығып, кісі-қара аз, тыныш көшелермен көктем шуағын бетке ұстай жүріп әңгіме шерттік. Байқауымша, мына жігіт бұрын біздің жақта болмаған. Жолға шығарда қыс ызғары әлі де қайта қоймаған Москва маңының ауа райына қарап киінгені байқалады. Ал, біздің жаққа биыл көктем ерте кірген-ді. Қыс ызғары қала түгіл көшеге шықсаң-ақ көз алдыңа көлбеп тұрып алатын сонау тұла бойы түп-түгел қардан арылып, кіреуке мұнар арасында көкшіл жотасы көк тіреп жататын заңғар таудың өзінен де сезіле қоймайды. Оның үстіне биыл қыс ызғары бір лезде сынып, қардан арылған қаражон дала қала іргесінде бусанып, ертелі-кеш көңіл ашар қоңыр жел тау қойнауынан есті де тұрды. Әлден бүр жара бастаған терек бұтақтарында үйме-жүйме боп отырған торғайлар да ерекше сайрауық. Қонақ үстіндегі қыс пальтосын ауырлап, қос өңірін бағана біз кездескенде-ақ серпіп ашып тастаған-ды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Қалам

Қазіргі кезде қаламсаптың түрі өте көп. Олар әр түрлі формада жасалынып жүр. Мәселен жуандатылып жасалған әр түрлі формаға келтіріліп, жіңішкесі де бар, қолға ұстағанға ыңғайлысы да сол. Жуандатылып жасалған қаламсаптар жазуды бұзатыны қақ. Сырты әдемі болған соң балалар қызығып ұстағысы келеді, бірақ, ол баланың қолын талдырып жіберуі абзал, жазуы да бұзылып кетеді. Қаламсапты таңдар кезде оның тек әдемілігіне ғана қарамай қолға ұстағанға ыңғайлысын, сиясының түсіне, қою немесе сұйықтығына да қарап алу керек. Шарикті қаламсаптар оның жуандау немесе жіңішке жазатынына қарай ерекшеленеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Қаламдардың қалай, қашан пайда болғанын және тұрмыстағы қажеттілігін білу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қаламның шығу тарихын зерттеу
2. Қалам түрлерін анықтау
3. Қаламды қолға дұрыс ұстаудың маңыздылығын білу
4. Қаламдардың адамға пайдасы мен зиянын ажыратып анықтау......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қалаға саяхат (1-сабақ) (1 сынып, 4 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 Күні
Сабақ тақырыбы:Қалаға саяхат (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3.1.1 жиі қолданылатын сөздерді тұтас оқу
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен жиі қолданылатын сөздерді тұтас оқиды
Көптеген оқушылар: жиі қолданылатын сөздерді тұтас оқиды Кейбір оқушылар: жиі қолданылатын сөздерді өздінен тұтас оқиды ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Спорт туралы мақалаларды оқу «Қазақстанның белгілі спортшылары» (1 сынып, 8 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Дені саудың - жаны сау»
Сабақ тақырыбы: Спорт туралы мақалаларды оқу «Қазақстанның белгілі спортшылары»
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) О1 Ақпаратты түсіну
О2 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, негізгі ойды анықтап оқу
Сабақ мақсаттары: Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебін түсіндіреді.
Негізгі оқиғаларға сүйене отырып, мәтіннің (әдеби және әдеби емес) тақырыбын анықтайды. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

ЕР АДАМ ӘЙЕЛІНЕ ҚАЛАЙ ҚАРАУЫ КЕРЕК

Жалпы, ислам әйелді өз апа-қарындасындай құрметтеуге шақырады. Бұл туралы Алла Тағаланың Елшісі Мұхаммед ﷺ былай деген: «Әйелдерге ер кісілер өзінің апа-қарындастарындай мәміледе болуы керек.

Жұбайлардың бақытты отбасын құрып, сүйіспеншілікте өмір сүрулері үшін әйел адамдармен қатар, ер адамдар да отбасындағы міндеттерін дұрыс атқара білулері аса маңызды. Отбасын асырап, керек-жарағын қамтамасыз етумен бірге ер адам мына нәрселерді жасауы тиіс:

Алла Тағала ерлерге әйелдеріне дұрыс қарап, сыйластықта болуды бұйырды: «Жұбайларыңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар»
(«Нисә» сүресі, 19-аят).
Жұмыстан шаршап келсеңіз де әйеліңіз бен балаларыңызға аз ғана уақытыңызды бөліңіз.......
Кеңестер
Толық
0 0