Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды

Білімділік: Қыстап қалған құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың сыртқы белгілері бойынша ажыратуды үйрету. Табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор болуға үйрету.
Тәрбиелік: Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: балаларға құстар туралы тақпақ айтқызып әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қорын, ой өрістерін дамыту.
Жаңа сөздер: ұшады, секіреді, қоректенеді.
Әдіс - тәсілдер: АКТ слайд арқылы құстар туралы әңгіме құрау.
Шаттық шеңбер:
Ал балалар тұрайық
Қарлығаш болып ұшайық
Сауысқан болып секіріп
Тоқылдақ болып шоқиық
Торғай болып қонайық
Қане, қанат жазайық
Қарлығаш болып ұшайық .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Нан қайдан келеді

Мақсаты: "Нан қайдан келеді" деген ертегіні оқып беріп балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Нан туралы түсініктерін тереңдету.
Нанның адамның еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. Еңбекті бағалап, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: суреттер.
Қос тілді түсінік: нан – хлеб,
Іс әрекет
бөлімдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы кезең
Балаларды шеңберге тұрғызып, өлең жолдарын қайталау
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Дастарханға нан қайдан келеді?
Күзде бидай орылып, жиналып, машинаға тиеліп, ұн тартатын заводқа әкеледі. Онан соң наубайхана неше түрлі нан пісіреді. Өлеңді бәрі қосылып айтады......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Өсімдіктер қайда өседі

Мақсаты: Балаларға өсімдіктер әлемі жайында түсінік беру. Бау – бақшада өсетін жеміс – жидектерге тоқталу, жылдың қай мезгілінде өсетінін балаларға түсіндіру. Балалардың көргендерін өз бетінше айтуға үйрету.
І кезең
Дәлелдеу - ояту
Жылулық шеңбері:
Қуыр, қуыр қуырмаш,
Балапанға бидай шаш,
Бас бармақ, Сен тұр - қозыңа бар!
Балалы үйрек, Сен тұр - лағыңа бар!
Ортан терек, Сен тұр - құлыныңа бар!
Шылдыр шүмек, Сен тұр - бұзауыңа бар!
Кішкене бөбек, Сен тұр - ботаңа бар! Балалар бір - біріне қарама - қарсы тұрып саусақ ойынын ойнайды.

II кезең
Іздену, ұйымдастырушы Өсімдіктер қайда өсетіні жайлы әңгімелесу. Жемістермен көкөністердің қайда өсетінін айту.
Тәрбиеші: Балаларға бау - бақшада, ағашта өсетін өсімдіктердің қай мезгілде отырғызып, қай мезгілде пісіп, қай мезгілде жинап алынатынын көру үшін «өсімдіктер әлеміне» саяхатқа баратынын хабарлайды. Саяхатқа барғанда балалар кедергілерден: судан, көпірден, ұзын - қысқа ирек жолдардан өтеді. Көктем, жаз, күз мезгілдеріне кездеседі. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Сол атеист қайда екен

Исламға құзғындайын шүйілген,

Молдаларға қабақтары түйілген.

«Алла» деп ем әлдеқалай байқамай,

Бүйідейін бүре кетті бүйірден.

-Не дедің?- деп сұрады ол сұстанып.

-Жәй,- деймін ғой баяғы.

-Естідім ғой «Алла» дедің сен анық,

Үлкен айғай боп кеткен еді аяғы.

-Комсомолсың, «Алла» дейсің тағы да,

Надансың,- деп тиді дерсің шамыма.

Ол кездерде мінезіміз болатын ед тым шадыр,

Сарт еткізіп,салып қалдым жағына,

Сол-ақ екен қуғын-сүргін басталды,

Комсомолдан шығарып-ақ тастады.

Қайтем бәрін көргенімнің тізбектеп,

Шашымды алды, орнында бас қалды.

Сол атеист көрші болды менімен,

Жүріп жаттық әркім өз жөнімен.

Біреу бірде есік қақты түн іші

Ентігіп тұр бір әйел

Тарылғандай тынысы.

-Үйдегі ағаң бетін оңға бұрды анық,-

Деді-дағы сыбыр етті сұрланып.

-Міне, адрес ертіп кел сен молданы,

Тек сыр шашпа,- деп,- тірі жанға,- өтінді.

Молла маған: «Бірге жүр»,- деп болмады.

Сырқат менің атеисім боп шықты.

Арпалысып жатса-дағы дертіменен

Мені анық таныған ед ол-дағы.

-Алла, Алла,- деп есінен сан жаңылды.

Қанша рет дем салғызды кім білсін,

Ал мен болсам күйініштен

Соққан едім санымды.

Атеистер Алла атын атауға да шошынған,

Сыр ашатын кейде осылай тосыннан.

Үкіметті, адамдарды алдауменен күнелтіп,

Талайларды түтетін ед жүн етіп...

Сол атеист көрінбейді бұл күнде

Кетті ме екен әлде олардың күні өтіп?-

Деп Сарыбай маған сауал тастады.

-Біле алмадым.

Менің ойым басқа-ды:

Атеистер құрыды ма- құрысын,

Ашық болсын дінсіздерден

Тәуелсіз ел аспаны.

Сүлеймен Баязитов

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Электр энергиясы қайдан алынады? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Электр энергиясы қайдан алынады?
Оқу мақсаты: 3.5.5.1 электр энергиясы көздерін анықтау;
3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу
Сабақтың мақсаты: Электр энергиясының көздерімен танысады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлар қайда тіршілік етеді? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар қайда тіршілік етеді? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.2 жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Жануарлардың тіршілік ортасын біледі.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлар қайда тіршілік етеді? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар қайда тіршілік етеді? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.2 жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар: жануарлардың тіршілік ету ортасын ажыратады; мекендейтін жеріне қарай жануарларды топтайды.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0