Өлең: Ахау, қызғыш (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ендеше қара батыр, қара батыр,
Туылған көптен жалғыз дара батыр.
Қарашы сипап тұрып кер құласын,
Аяғын, жал-құйрығын тарап жатыр.

Ахау, қызғыш,
Көңіл бұзғыш,
Отырса қасында бір қыз
Қымыз құйғыш......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ідігай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлеңім ағайынды, абысынды,
Қамшымның сазға тастап, сабы сынды.
Жүруші ем жас күнімде асау тайдай,
Қартайып енді менің сағым сынды.

Ой, ідігай,
Әттең, қалқа, қайтейін,
Күнім ай-ау......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Бұлбұл құсым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сірен тартыр сілекей шөлдегенде
Көздің жасы көл болар еңірегенде
Күндіз күлкі көрмеймін,түнде- ұйқы,
Ішкен асым батпайды сен дегенде.

Қайырмасы:
Бұлбұл құсым,
Болса болсын, дей салшы,
Құрбың үшін.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Орамал (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сағынғанда жарыңа
Жіберіпсің орамал
Жабырқасам, жаныма
Жәрдем берген сол-аужал.

'Сәулеме' деп жазылған
Орамалда сөзің тұр.
Сонда сенің сағынған
Мөлдіреген көзің тұр. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Сәдуақасты қызы Зейнелдің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дүние жалған келмес-ай,
Алғанды қинап бермес-ай.
Елім деп жүрген әкем-ай,
Өзіңдей ешкім болмас-ай.
Үстіне киген көрмесі-ай,
Құрып та қалсын тұрмыс-ай.
Шақпаған шыбын етінен
Талайды тамның бүргесі-ай.
Шақырту келді қағазы,
Оқылмай қалды намазы.
Елден бе асып аты әлем
Айтылмай кетті азаны.
Әуелі құдай оңдасын,
Халқының асыл жолдасын!
Арманы кетті бойында ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жетім көдек (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қолыма қалам алдым хат жазғалы,
Бiрталай заман болды халық озғалы.
Жақсылар, құлақ салып тыңдасаңыз,
Дейтұғын жетiм көдек сөз қозғалы.
Ертеде бiр шал болған Түркiстанда,
Бейшара қасiретпен өткен онда.
Екi ұлы қолқабысар жас едi әлi,
Күн кешiп жарлылықпен, болған кемда.
Жарлы шал жүрушi едi жусан шауып,
Байғұстың кемтарлықпен көңлi ауып.
Жусанды әдетiнше шауып жүрiп,
Ол жерден бiр жұмыртқа алды тауып.
Шалда бар адал малдан жалғыз түйе,
Оған да жарлылықпен болған ие.
Қолымнан бұл шыққанда болмайды деп,
Жанындай сақтар едi оны сүйе.
Бiр күнi жусан артып базар кеттi,
Көрiңiз онда болған ғадалеттi.
Алдынан қарсы шығып бiр бай жөйiт оған:....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Арманым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қайда жүрсің, хабарың жоқ әлі де,
Зарықтырдың лебізіңе, әніңе.
Мен сияқты жүр ме екен сарғайып,
Жер бетінде ғашықтардың бәрі де.

Қайырмасы:

Қарсы аламын,
Жан самадым,
Аңсағаным, арманым!
Сертім бекем,.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өмірбаян: Геннадий Зенченко

Геннадий Зенченко – кәсіпкер

Зенченко отбасы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорынды жылдар бойы жалғастырып келе жатқан династия деп айтуға болады.

Шару қожалығында 4 ірі мал шаруашылығы кешені бар. Олардың бәрі замануи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Малдарды ұстау, сүт өнімдерін өндіру ісі автоматтандырылған. Қазақстанда тұңғыш рет «Елочка», «Карусель» сынды мал саууға арналған құрылғыларға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазір шаруа қожалығында 7 500 жуық ірі мал басы бар.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өлең: Әгугәй-угәй (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кегеннің біздің ауыл, ахау, төрінде отыр-ай,
Баяғы өзің көрген, айхой, жерінде отыр, әгугәй-угәй.
Көңілің шыныменен, ахоу, менде болса-ай,
Көзіме сағат сайын, ахоу, көрін де отыр, әгугәй-угәй.

Па, шіркін,
Дүние-ау жалған,
Әгугәй арман-ай.
Түспейді еркін қолға,
Айхой, көңілге алған
Әгугәй-угәй......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Еркем менің (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ел бесігі Ертіс өзен төсінде,
Мамыражай майда қоңыр кешінде,
Қайық қалқып, көңіл шалқып серуенде,
Еркем менің, ерке әнің есімде.

Сағындым ғой сол әніңді сан сырлы,
Сарғайдым да, тағат шіркін таусылды......
Өлеңдер
Толық
0 0