Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өзім туралы» Сабақтақырыбы: Қабілет-сезімдер жайлы өлеңдер оқу Оқу мақсаттары: 2.4.1.1 я, ю әріптерінің емлесін сақтап жазу Сабақ мақсаттары: Өлең оқып, мазмұнын түсіне алады; Өлең оқып, мазмұнын түсіне алады;я, ю әріптерінің емлесін сақтап жазады; Өздері өлең құрастыра алады.я, ю әріптерінің емлесін сақтап жаза алады.......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар: Су-тіршілік көзі Сабақ тақырыбы: Құрғақшылықтың себептерін түсіндіру Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау Сабақ мақсаттары: Негізгі және туынды зат есімдерді анықтау. .....
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Оңтүстік – Қазақстан облысы телеарналарының жұмысымен тығыз байланыста. «Қазақстан – Шымкент» телеарнасы: «өткені мен бүгіні» менің ғылыми жұмысымның тақырыбы осылай аталатындықтан, өз ғылыми жұмысымда аты аталған телеарнаның басты мәселелерін ашамын. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық телеарналарына: мәселелерін шешуге жол көрсете отырып, телеарнаның құрылу тарихына терең үңілемін. Өз жобамның бірінші бөлімінде мен Оңтүстік – Қазақстан телеарналарының жұмыс жоспарын және де сол жоспардың құрылымын ашып көрсетемін. Басты мәселе ақпараттық таралымдардың бүкіл Республика аумағына және де шет аумақтарға таралуы. 2000 жылдың сәуірінде Еуразиялық экономикалық самиті бүкіл дүние жүзілік Давос форумының қолдауымен өтті. Сол самитте сөз алған Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: - «Бүкіл Орта Азия мемлекеттері саяси, экономикалық, техникалық дамудың қажетті сатысына аяқ басып келуде, бұл біз үшін өмірлік маңызы бар кезең». Давос форумын құрушы және президенті Клаус Шваб өз сөзінде заманауи талаптардың ең бастысы бұл жаһандану кезеңі. Жаһандану кезеңіндегі басты мақсат – экономикалық және әлеуметтік жетістікке жету бұл жетістік адам баласының гүлденіп көркейуіне жол ашады. Қазіргі таңдағы ....
Кіріспе Шығындар дегеніміз - нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады. Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.....
Кіріспе Менің курстық жұмысымның басты мақсаты – кластерлерді зерттеп, олардың мемлекетке тиімділігін ашып көрсету. Өйткені экономиканы дамытатын және елге қолайлы жағдайларды туғызатын осы жүйе болып табылады. Бұл шетелдік тәжірибеде дәлелденген. Сондай-ақ жүйе әлеуметтік және демографиялық салаларды да қамтиды. Мен курстық жұмысымды 3-үлкен тарауға бөлдім: І – Тарау. Кластер терминалогиясының даму тарихы. ІІ – Тарау. Шет елдердегі кластердің дамуы және өзгешелігі. ІІІ – Тарау. Қзақстан Экономикасын Кластерлер көтереді. Бұл тарауларда ең алдымен кластердің терминалогиясы, терминнің шығу тарихымен сипатталады. Қалыптасқан терминология бойынша кластер сөзі өнеркәсіп топтарды білдіреді, оның ошағы бір немесе бірнеше жетекші өндіріс болады. Мұның мысалы, мұнай мен газ өндіру, елдің көмір алаптарын игеру, түсті металдар өндіру және агро - өндіріс секторының өнеркәсіптері. «Кластер немесе өндіріс топтары – М.Потердің жазуынша – бұл географиялық көрші өзара байланысқан компаниялардың тобы.....
Кіріспе Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуірі күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, халықаралық нарықтағы орнын нақтылауда және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруді жоспарлауда Президентіміз Н.Ә Назарбаев айтқандай,“бізге ауқымды міндет–бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет. Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты”. 2006 жылғы 1 наурыздығы ҚР Презтидентінің халыққа жолдауында Қазақстанның алдағы уақыттарда әлемдегі 50 бәсекелес елдің қатарына кіру туралы міндеті жөнінде «экономмикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғары инфляцияны жою және жұмыссыздықты төмендету жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолдаған және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалауды» тапсырды және де «ақша – несие саясатының негізгі мақсаты жылдық инфляцияны 5 – тен 10% - ға дейін шекте ұстау» болады, мұның өзі ел экономикасында экономикалық өсудің ең жоғарғы қарқынына қол жеткізуге жәрдемдеседі.....
Осыдан бірер жыл бұрын есірткілер экзотика сияқты естілген,егер баспасөз бетінде ол туралы жазылса, ол буржуазиялық қоғамның « шіруінің » белгісі ретінде қабылданды. Қазір бұл қасірет қазақ жеріне де келіп жетті. Батыс елдерінде есірткімен күрес бағдарламалары үшін мол қаржы бөлінеді де , олардағы жағдай біршама тұрақтанған, кейбір жерлерде нашақорлардың « қартаюы » байқалып та қалады. Ал Қазақстанда, басқа да ТМД елдерінде керісінше сияқты, нашақорлыққа жастарды тарту, соның ішінде жасөспірімдерді тарту процесі өріс алып келеді. Нашақорлық XXI ғасырдың қатерлі дертіне айналып отыр. Ол кәрі, жас демейді. Қоғамды іштен ірітіп, дамуына тұсау салады, қылмысты, зорлық пен жемқорлықты тудырады. Мұның бәрі мемлекеттің болашағы – жастардың өміріне сызат түсіреді, елдің өсіп-өркендеуін тежейді. Сондықтан мұндай кеселдің алдын алу және оған қарсы күрес мемлекеттік іс болып табылады. Нашақорлық қоғамдық дертке айналып бара жатқанын қазірден мойындамасақ, ертең кеш болады. Өйткені, ауруын жасырған өліп тынады деген сөз бар. Айталық, биылғы жылы қала мектептерінің бірінде жасы небәрі жетідегі оқушының нашақор екендігі анықталған. Ал енді соған көз жұма қарау, мұндай қасіреттің себебіне үңілмеу баршамыз үшін қылмыс деп білеміз. 50 пайыздай нашақорлар - 18- ден 35 жас аралығындағы жастар. Есірткі қолданушылардың жас табалдырығы төмендеп барады: егер бірнеше жыл бұрын ол 15-16 жасты құраса, қазір ол -11-13 жаста. Қазақстанның социологтары мен саясаттанушылардың Ассоциациясы мәліметтері бойынша қазіргі уақытта жасөспірімдердің, бозбала мен бойжеткендердің 5-6 % есірткі қабылдаса, 9-10% оны өмірінде бір рет болсын татып көрген. Жастар нашақорлығы республиканың барлық қалаларын қамтып отыр, ол ең алдымен : Алматы, Астана, Атырау, Көкшетау, Қарағанды , Теміртау, Тараз, Өскемен, Орал қалалары. Республиканың Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары осы мәселе бойынша алаңдатушылық туғызып отыр. Болашақты болжасақ оның еш қуанарлығы жоқ. Оның ең қиыны ТМД елдерінің әлемдік наркобизнес жүйесіне тартылуы. Қазақстан есірткіні Ауғаныстан мен Пәкістаннан Ресей мен Батыс Еуропаға тасудың таптырмас көпірі болып отыр. Ауғаныстанда дайындалатын есірткінің 60% осы Қазақстан арқылы өтеді. ТМД елдері, соның ішінде Ресей әлемдік наркобизнес үшін пайдалы өткізу нарығы: Ресейде кокаинның бір граммы АҚШ-тың «қара нарығымен» салыстырғанда 30 есеге қымбатқа сатылады ....
Құнды қағаздар, ең алдымен, мүлікті иеленуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: 1. Не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі; 2. Не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе, бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып келеді. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атайды. Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту қоғамдық өндіріс сипатын өзгертуде. Олар меншік қатынастары шаруашылық субъектілерінің құрылымы қаржылық байланыстарының формалы: қоғамның мүдделігінің дәрежесі. Нарық күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол, бір жағынан, тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтық өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал, бұл механизм несиеге негізделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. ....
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюкторасына Республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резерфтерін шоғырландырады. Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды: Жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары. Жинақтаушы функция қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы функциясымен қатар қор қаражаттарының қалыптасуымен пайдаланылуының қолданылып жүрген тетігі ағымдары экономиканың жағдайын тұрақтандыру ықпал көрсетеді. Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарының әлемдік бағамын конъюнгтурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімде жоспарлауға көшцге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптасытру мен пайдалану дүниежүзілік және әшкә товар қаржы рыноктарының конъюктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдайы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырылады. ....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4 A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Орбұлақ шайқасының әлемдік әскери өнер тарихындағы алатын орны қандай? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау; Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау; Сабақ мақсаттары: Тақырып арқылы XVII ғасырдың 40 жылдары қазақ жерінде болып өткен әйгілі тарихи шайқас Орбұлақ соғысының мазмұнымен танысу және жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ сарбаздарының ерліктеріне тағзым ету.