Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі

Курстық жұмыстың тақырыбы: "Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі." Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, еліміздегі қаржы жүйесін зерттеу, құрылымын терең түсіну және қазіргі таңда бұл мәселе өте актуалды болып табылады. Болашақ қаржыгер ретінде, Республикамыздың тәуелсіздік алғаннан бергі жағдайын салыстыра келе қаржы жүйесінің өзгерісін білу.
Біз білетіндей, 14 жыл ішінде тек қаржы жүйесінде ғана емес сонымен қатар, экономиканың басқа да секторлары елеулі түрде ілгері дамыды.
Курстық жұмыс барысында, мен қаржы жүйесі жайлы біраз мағлұматтарды жаздым. Астана қаласындағы елбасы--- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 18 ақпанда халыққа арналған жолдауында қаржылық сектор жайлы үшінші бөлімде көрсетілген. Бұл бөлімшеде әлеуметтік-экономиканың дамуында қаржы жүйесінің маңызы зор болып табылатындығы көрсетілген. Қаржы секторын одан әрі дамыту үшін 2005-2007 жылдар аралығындағы бағдарламалар қадылданды. Ендігі біздің мақсатымыз білімімізді шыңдап, білікті маман болып шығу. Халықаралық стандарттарға сай болу арқылы қаржы жүйесін жетілдіру.
Қаржы жүйесі – бұл қаржы қатынастарының жиынтығын қамтитын және осы қатынастар негізінде сәйкес ақша қорын құру және пайдалану және де осы қатынастардың ұйымдастырушы органдарының жиынтығын айтамыз.
Қаржы жүйесі - бұл қаржы қатынастарының әртүрлі сфераларының жиынтығы. Осы анықтаманы негізге ала отырып, қаржы жүйесін келесі үш бөлікке жіктеуге болады:
1) Қаржы қатынастары;
2) Ақша қаражат қорларының жиынтығы;
3) Қаржы басқару аппараты жиынтығы.
Осығын сәйкес қаржы жүйесі 2-белгі бойынша жіктеуге болады:
1) Функционалды қасиет;
2) Қаржы қатынастарына қатысушы қаржы субъектілігі.
Бірінші белгісі бойынша функцоналды қасиет немесе қызмет ретінде: Салық бюджет жүйесі жатады, қор нарығы, қаржылық құқық, сақтандыру және т.б. жатады.
Екінші белгісі бойынша былай бөлінеді: жергілікті бюджет, коорпарация қаржылары жатады.
Ал, бірінші бөлімде: «Мемлекеттік қаржы жүйесі» туралы мәселелерді қарастырдым. Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің жеке экономикалық құрылымын зерделеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес.Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез-келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап пайдаланады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржы тәуекелін басқару «Қазақтелеком» АҚ филиалы

Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі. Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны

Тақырыптың өзектілігі. Алаулаған аз ғана өмірінде кейінгі ұрпаққа өшпестей рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған аса көрнекті ғапым ағартушы және зерттеуші Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың туғанына өткен жылы ғана 170 жыл болды. Ш.Уалихановтың аса дарынды ғалым ретінде тарих, этнография, беунелеу өнері, география, әдебиет, заң және философияға, сонымен қатар басқа да салаларға қосқан үлесі зор екенін ескере отырып, оның терең энциклопедист ғалым екеніне сөз жоқ.
Қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы ретінде Шоқан Уалиханов – Қазақстанда, Шығыс Түркістанды, Орта Азияны зерттеуге үлес қосты. Шоқанның аса зеректігі мен қабілеттілігі және білімділігіне оның өзі оқыған ортадағы достары мен ұстаздары және кейіннен қызметтес болған әріптестері тәнті болған. Белгілі шығыстанушы Н.И.Веселовскийдің “Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды” дегеніндей, Шоқан отыз жылдық өмірінде бұған дейін зерттелмеген немесе кейбір тұстары ғана ашылып қойған аймақтарды, осы кездегі өзекті деп табылған қоғамдық-саяси тақырыптарды қарастырып көптеген шығармалар жазған болатын.
Шоқан ашқан жаңалықтар мен зерттеулердің нәтижелерін кейінгі ғалымдар өз еңбектері мен зерттеулеріне негіз етіп алатын. Жастарды ғылым жолына үйретуде де Шоқан Уалиханов есімі әрдайым биік орындарды иемденеді. “Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет” деп Шоқан Уалихановтың өзі айтқандай жастарға оның мұраларын жеткізіп, сол сияқты энциклопедиялық білім алуға шақыры аса маңызды іс.
Қазақтан бой көтерген Шоқан Уалиханов өз халқының мәдени, ғылыми өркендеуін аңсаған ағартушы ұлы ғалымның этнографиялық зерттеулерінің ғылыми дүниедегі орны қандай екенін анықтау және оның шығармаларының этнографиялық тұстарының тарихи деректілігін көрсету жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады. Шынында да Шоқан Уалихановтың этнографиялық зерттеулері тарихи ортада қаншалықты құнды екенін көрсету қажеттігі жұмыстың барысында айқындалған.
Зерттелу дәрежесі. Шоқан Уалиханов жөнінде бірқатар зерттеулер мен шығармалар жарық көрген болатын. Жалпы Шоқанды білуге ұмтылушылық өз заманында-ақ басталды деуге болады. Сондықтан жұмыстың зерттелу дәрежесін кезеңдермен қарастыруға болады.
Замандастары көзқарасы: Ең алдымен Ш.Уалихановтың өз кезіндегі оның достары мен әріптестері Ф.М.Достаевский, Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев, К.К.Гутковский, ақын А.Маяков, академик Н.И.Веселовский, П.П.Семенов-Тяншанский, Е.П.Ковалевский т.б. ғалымдар өз естеліктерінде және еңбектерінде Шоқанды өте жоғары бағалап және оның есімі мен шығармаларына құрметпен қарайды, оның замандасы болғанын мақтаныш етеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау
6.4.1.2 көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау
6.2.1.1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Түркілердің әскери өнері мен қолданбалы өнерінің жетістіктерін, шаруашылығын сипаттайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі

Кіріспе
Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда.
Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдау-ларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталмай өткен емес.
Білім мен ғылымның, эконо¬миканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелес¬тіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.
Мемлекет басшысы бұрнағы жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын.
....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы ақша нарығы

Адамзат тарихының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан әрі жетіліп нарықты тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне айырбасталып қана қоймай, бүкіл тауарлар дүниесін ерекше бір тауар, яғни тауар-ақша пайда болды.
Ақша нарықтық экономикада ақша–несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда. Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесіне туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі, әр түрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, кооперативиік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуге төлем қабілеті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.
Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ақша адамға ежелден таныс. Бірақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмірдегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұраққа қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметін, маңызын жан-жақты ашып жауап берді.
Қайсы бір ел болмасын,оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық басталқы буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т. б.) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың - бірлестіктер, трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бұрымның қандай киесі бар? (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Бұрымның қандай киесі бар?
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау
Сабақтың мақсаттары: Мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшеліктерді бақылау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау;
6.2.2.2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру;
6.2.3.3 – «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар: түркі халықтарының мәдениеті, діни наным сенімдері, шаруашылығы мен өмір салтын зерттеу арқылы әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінеді.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ақ Орда 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6.3 А XIII – XV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Ақ Орда 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;
6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау
6.3.2.5 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: XIII ғасырдың басында Еуразияның саяси картасында қандай өзгеріс орын алғанын анықтайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ-жоңғар шайқастары 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Қазақ-жоңғар шайқастары 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.2.1 – Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Жоңғар шапқыншылықтарына қарсы күрестегі хандар мен батырлардың рөліне баға беру.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0