Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4 Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында Сабақ тақырыбы: Қазақстанға КСРО халықтарының депортациясы 1-сабақ Сабақтың мақсаты: 8.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау.....
Жер жүзі әдебиетінің тарихына көз салсақ, мәдени-рухани дамуында белгілі бір белі, елеулі кезеңдері болады. Әр елдің әлеумет өміріндегі әр алуан тартыс, тап күресі, қоғам өмірінің жалпы даму процесі таптың немесе топтың ой-пікір, тілек, мүддесін жыр етіп жоғары көтеретін адамдарды да дүниеге ала келеді. Олардың кейбіреулері ескінің шырмауынан шыға алмай, өткеннің күнгейін, жаңа заманның көлеңке жағын көрсе, кейбіреулері ескіліктің сыншысы, жаңалықтың жаршысы дәрежесіне көтеріледі. Олар тарихты даттамай да, мақтамай да әділ бағалап, үмітті алдан, жарықты келешектен күтеді. Өз кезіндегі әр алуан мәселелерді терең толғап, кеңінен шолиды. Айналасына көз тігіп, ел қамы, жұрт .....
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасы – әлемдегі табиғи ресурстары мен шикізат қорына бай дамушы мемлекет. Оның экономикасының жетекші салалары түсті және қара металлургия, көмір, мұнай және химия өнеркәсібі, астық шаруашылығы мен етті-жүнді қой шаруашылығы. Сондықтан, Қазақстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрамындағы көптеген республикалармен және өзге де алыс-жақын шет елдермен экономикалық байланыстары жақсы дамып келеді. Дүниежүзіндегі экономикалық қарым-қатынастар орнатпастан қазіргі заманғы шаруашылықты серпінді әрі жан-жақты дамыту үрдісіне ілесу мүмкін емес. Қазақстан Республикасының қазіргі өндіргіш күштерді орналастыру ұстанымдары – өндірісті шикізат аудандарына, отынды тұтынушыларға жақын орналастыру. Қазақстанның барлық түкпірлерінде экономикалық орталықтардың пайда болуы, кеңінен дамыған территориялық - өндірістік кешендердің қалыптасуы республикада мүлде жаңа экономикалық және әлеуметтік географияны қалыптастырудың барынша айқын көрсеткіштері болып табылады. Еуропа мен Азияның аралығында орналасқан Қазақстан территориясы ежелден-ақ қызу сауда-саттық және саяси байланыстар сахнасы болып келді. Қазақстан қазіргі кезде де Еуропа, Орталық Азия және тез дамып келе жатқан Тынық мұхит аймағы арасындағы байланыстырушы буын ретінде маңызды рөл атқарып отыр. Қытайдың шығыс теңіз порты Лянюньганнан Нидерландтың Роттердам қаласына жететін, әрі едәуір бөлігі Қазақстан территориясы арқылы өтетін Азия аралық темір жол құрылысы Қазақстанның геосаяси және экономикалық байланыстағы маңызын тіпті де асыра түсті. Алайда республикада ашық теңізге шығатын жолдың жоқтығы, оның дүниежүзілік қатынас құралдарынан шалғай орналасуы Қазақстанның халықаралық экономикалық байланыстарға қатысуын қиындатуда. Сондықтан, ол үшін дүниежүзілік қатынас құралдарына жол ашатын өзара тиімді достық байланыстарды ең алдымен Ресеймен және Қытаймен дамытудың зор маңызы бар. Қазақстан үшін шекарасы ортақ, шаруашылық байланыстары қалыптасқан, халқының тарихы және мәдени-этникалық қауымдастығы бір Орта Азия мемлекеттерімен өзара тығыз қарым-қатынас орнатудың да маңызы ерекше. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялап, егемен ел ретінде жаңа заман талаптарына сай нарықтық экономикаға өту үрдісіне көшіп, сыртқы экономикалық қатынастарын орнату барысында туындаған көптеген мәселелер болды. Яғни, нарықтық экономиканың құрылымы мен мазмұны, оның жұмыс істеу қағидалары, сыртқы экономикалық қатынастарды орнатуда негізгі сүйенетін принциптер мен ұстанатын бағыттың ерекшелігі болып табылады. Осы мәселелерге қатысты арнайы ғылыми зерттеулерді Қазақстанның географ ғалымдары Е. Ахметов, К.Б. Ахметова, С.Е. Ердаулетов, Ш.М. Надыров, М.Ш. Ярмухамедов және т.б. жүргізген болатын. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық ерекшеліктері мен халықаралық экономикалық қатынастарын зерттеу. ....
КІРІСПЕ Барлық ғалымдар сияқты лингвистика ғылымының негізін оның ұғымдар жүйесі қалайды. Сондықтан тіл дамыту сол тілдік ұғымдардың қалыптасуына байланысты. Оқыту үрдісіне ұғымдардың пайда болуы мен құрылысы, олардың материалдық дүниесінің заттарымен, құбылыстармен байланыстарын ашу – мұғалімнің бірден-бір міндеті. Тіл білімінигертудің мақсатын оқу бағдарламасында "...тіл ұстарту, тіл дамыту, тіл ширату, логикалық ойды кеңейту, дамыту жұмыстарында тілден алған теориялық материалды дұрыс пайдаланады", - деп атап көрсетеді. Қандай да болмасын білімді игеру, тынымын кеңейту, соның ішінде лингвистикалық білімді игеру, іскерлік пен дағдыны қалыптастырып, тілін дамыту ойлау амалдары негізінде қалыптасады. Сол себепті тілді оқып үйрену грамматикалық ұғымды қалыптастыру мен оны терең танымдық дәрежеге жеткізуден, тіл заңдарын, анықтама, тұжырым, нормаларды түсініп, дәлелдей білуге үйретуден және оны нақтылы іс-әрекетке, жаттығу, орындауға қолдана білуден тұрады. Оқушы айнала қоршаған шындықты сөз ұғымы арқылы бейнелейді. Ұғымды қалыптастыру арқылы ой әрекетін жүргізеді де, оны тіл арқылы жеткізеді. Олай болса, баланың тілін дамыту үшін, ең алдымен, тілдік ұғымдар қалаптастырылады. Табиғатты кез-келген зат, құбылыс, заңдылық болсын ол оқушыға дұрыс жетуі және түсіндірілуі үшін мұғалімнің өзі олармен жете таныс әрі оның қасиеттерінен жан-жақты хабардар болуы керек. ....
Арал теңізі – Қазақстанның інжу – маржаны, шөл белдеміндегі бірден – бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км 2, тереңдігі – 30 – 60 метр, тұздылығы – 10 – 12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50 – 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік – экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алында. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрыңғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5 , Түрікменстанда 2,4 , Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960 – 1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970 – 1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері – антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды. Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары боыйнша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Аралға 1960 – 1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974 – 1978 жылдары 13 мың м3 , ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның суайдыны 30 – 2000 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын – соңды болмаған көрсткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10 -15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 миллион тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады ....
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Уақыт Сабақ тақырыбы: № 11 сабақ Астана: бұрын және қазір Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.3.5.1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу 3.4.5.1 жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу Сабақ мақсаттары: 1. Тақырыпқа қатысты анықтамалықтардан қажетті ақпарат табу. 2. Жаңа сөздерді орофграфиялық сөздікке сүйеніп дұрыс жазу. Оқушылардың барлығы: тақырыпқа қатысты қажетті ақпаратты тауып, кестені толтырады, жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрап, орфографиясы бойынша жазады. Оқушылардың көпшілігі: берілген ақпаратты салыстырады, сурет бойынша мәтін құрайды, сұрақ-жауапқа қатысады. Оқушылардың кейбірі: тапқан ақпарат бойынша өз ойларыммен бөліседі, басқа оқушылардың ойларын толықтырады......
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6.3 А XIII – XV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан Сабақ тақырыбы: XIII – XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.1 – күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау Сабақ мақсаттары: Шығармалардың мазмұны мен негізгі идеяларын талдау арқылы, күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дерек ретінде маңызына баға беру.
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау Сабақ мақсаттары: Есім хан тұсындағы Қазақ хандығының дамуын анықтау.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер Сабақ тақырыбы: Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.2.6 – қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін «ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын пайдалану; 10.2.2.7 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін түсіндіру Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтарды жіктеп, қоғамдағы қызметін талдау.....