Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстандағы ұжымдастыру (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы ұжымдастыру.
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.1.2. күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптарын талдау;
8.1.1.1. демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау;
Сабақ мақсаттары: Республиканың ауыл шаруашылығын қайта құру негізінде 1929-1931 жылдардағы жүргізілген ұжымдастыру саясатының зардаптары мен нәтижелерін түсінеді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстан – ұлы отаным

Отан. Бұл сөзді естігенде, ойға алғанда әрбір адам баласының жүрегі езіліп, ден бойы шымырлауы анық. Себебі, әрбір қазақ деп, халық деп соққан кеудедегі жүрек болған соң және нағыз патриот жандар болғандықтан. «Отан отбасынан басталады». Бұл мақалдан не түсінеміз? Әрине, бұдан түсінетініміз әрбір адам баласы ең алдымен өз әке – шешесін, бауырларын , яғни өз отбасын сүйеді ,бағалайды және сыйлайды. Осылайша өз отбасын құрметтеген адам өз Отанын да дәл осылай сезімдермен қабылдай алады. Отан – туып өскен жерің, кіндік қаның тамған, тай құлындай ойнап өскен өлкең. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақтан және бибітшілік үшін саяси әріптестік

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Осыдан дәл он жыл бұрын Қазақстан халқының еркіне сай әлемдегі ең ірі ядролық полигондардың бірі жабылды.
Біз, қазақстандықтар ядролық полигонды жабу арқылы алапат қарудан өз еркімен бас тартуымыз елімізге деген құрмет пен сенімнің көрінісі деп бағалаймыз. ядролық қауіпсіздіктің XX ғасырда екі полюсті әлемге лайықталып қалыптастырылған халықаралық жүйесі жаңа геосаяси жағдайға шыдас бере алмады, ядролық қарудың «жер бауырлап жылжу» процесін тоқтатуға шамасы келмеді. Осының бәрі ядролық қарудың одан әрі «жылжуына» жол бермеу, оның таралуын бақылаудың халықаралық жаңартылған жүйесінің құрылысы жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың күш – жігерін жандандыруды талап етеді. Бүгінде ядролық қаруды таратпау мәселелері біздің еліміздің халықаралық сахнадағы басты басымдықтарына жатады. Қазақстанның қазіргі жаһандық қауіпсіздік жүйесінің құқықтық негізін құрайтын маңызды құжаттардың бірі- Ядролық қаруды таратпау шартына 1993 жылы қол қоюы және БҰҰ бас Ассемблеясының 51- сессиясында 1996 жылғы 24 қыркүйекте ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу шартына қосылуы ел таңдауының табиғи жалғасы ретінде қабылданды [1].....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасының әскери саясаты

К І Р I С П Е
Қазақстан Республикасының Президенті болып қайтадан сайланған Н.Ә.Назарбаев 1999 жылғы 20 қаңтарда мәртебелі қызметіне кірісу салтанатында сөйлеген сөзінде: "Даңқты өткенімізден күш ала отырып, жаңа ғасырға нық қадам басамыз" — деді. Бұл сөздің астарында не бар? Даңқты өткеніміз қандай, ол қашаннан басталады?
Қазақ халқы — этногенез жағынан алғанда, үш мын жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық. Тарихқа біздің заманымызға дейінгі (б.з.д.) X ғасырда сақтар, б.з.д. IV ғасырда хұндар (бұл атау ғұндар, һундар деп те жазылады), б.з. V—VI ғасырларында "түріктер" деген атпен енген бүгінгі қазақтар — сақтардың, хұндардың, түріктердің даңқты әскери тарихының, төл мұрагері. Қазақстанның ежелгі әскери тарихы сақтардын б.з.д. 529 жылы парсы патшасы Кирді жеңуі мен одан кейін б.з.д. 512 жылы парсы патшасы Дарийдің әскерін талқандауынан басталып, б.з.д. 330—328 жылдары Александр Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайынның) әскеріне мықтап тойтарыс беруімен оның бірінші кезеңі аяқталады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы еңбек нарығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері

Кіріспе
Еңбек адам өміріне қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасаудағы адамның белгілі бір мақсаттағы іс әрекетін білдіреді. Табиғат адамдардың осы игіліктерді қажетсінуін қамтамасыз ететін негізгі материалды берсе, ал оның өзі еңбек процесі арқылы, еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде материалдық игіліктерге айналады. Нақты еңбек іс әрекетінде адамның табиғатпен қарым- қатынасы, адам күшінің табиғат күшінен үстемдігі көрінеді. Хайуанаттар табиғатқа тек қажеттілікпен ғана әрекет етіп, оған түйсік ықпалымен өзгерістер енгізеді. Ал еңбек процесінде тек сыртқы табиғат өзгеріп қоймайды, сонымен бірге білім, тәжірибе жинақталады, адамдардың біліктілігі артады, адамның өзі өзгереді. Еңбек мақсатқа сәйкестікпен, іс- әрекеттің ұғынылуымен сипатталады, ол қашанда белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталып, бұл нәтиженің бейнесі адамның басындағы ойға алған мақсаты ретінде алдын- ала қалыптасады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі мемлекеттік символдардың рөлі мен маңызы

Бүгінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, әрбір халық санына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің ұлттық патриотизмі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ал көпұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады.
Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, 90 пайыз қазақстандық ұлтына қарамастан, өздерінің Отаны Қазақстан деп есептейді.
Бұл құптарлық жай, өйткені қазақстандық патриотизм азаматтың, қоғамның, мемлекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан - өз Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүю, қорғау осы қоғамда өмір суріп жатқан барша адамның міндеті болмақ.
Негізінен патриотизм көпұлттылық және ұлттық бөліктерден тұрады. Ұлттық патриотизм әдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, өз тілімен, мәдениетімен, сол аймаққа тән дәстүрлерімен тығыз байланысты.
Ал интернационализмді әрбір адамның өзін сол мемлекет халқының бір бөлігі ретінде сезінуінен түрлі ұлттық қауымдастық өкілдерінің ортақ Отанына деген сүйіспеншілігі мен шын берілгендігінен көруге болады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жағдайында барлық ұлттардың ортақ сана-сезімін қамтитын интернационализм идеясы мен ұлттық патриотизм идеясының біртұтастығы қажет. Оның темірқазығы - Қазақстанды осындағы барлық ұлттардың өз Отаным деп сезінуі болмақ.
Жалпы қазақстандық патриотизм дегеніміз - өзіңді республика халқының ажырамас белігі, ортақ Отан ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік сезімі мен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін қорғайтын борышты сезіну болып табылады.
Қазақстандық патриотизмге басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл адамзатты құрметтеу турғысынан қарау керек.
Міне, осы сапаларды оқу-тәрбие барысында студент жастар бойына сіңіру бүгінгі куннің өзекті мәселөлерінің бірі болып отыр. Ол үшін жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ісін мемлекеттік тұрғыда қолға алу керек. Патриоттық тәрбие жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі және жастардың патриоттық, жоғары азаматтық сезімін қалыптастыруға бағытталатын мақсатты ұйымдастырылған және басқарылатын психологиялық-педагогикалық үрдіс болып табылады.
Патриоттық тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсететін және қалыптастыратын идеялық-адамгершілік, моральдық еріктілік, еңбек және дене сапаларын тәрбиелеудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Қожа Ахмет Яссауидің шығармалары.

Қожа Ахмет Яссауидің өмірі
Қ.А.Яссауидің өміріне байланысты көптеген аңыздар бар. Өйткені халық жақсы көрген адамдары туралы кей нәрселерді тым асырып айтады. Бүл барлық қоғамда кездесетін жағдай. Біз тарихи жағдайларға сүйене отырып, Әзіреттің өмірін қысқаша баяндаймыз.
Қ.А.Яссауи Сайрамда дүниеге келді. Туылған жылы нақты белгілі емес. Бірақ көптеген тарихшылар 1093 жылы деп белгілейді. Әкесі Ибраһим ата ғалым, анасы Қарашаш деп аталып кеткен. Айша-Бибі:
Айша-үлгілі отбасының қызы болған. Екеуінің мазары Сайрамда. Сайрамның ескі аты -Испиджап болған. Қ.А.Яссауи кішкене жасынан әкесінен ілім ала бастаған. әкесі қайтыс болған соң әпкесі-Гауһар шахназбен Яссыға кетеді. Яссы-Түркістанның ескі аты. Яссыда Арыстанмен кездесіп біршама уақыт соның тәрбиесінде болған. Арыстанбап оның екінші әкесіндей болған кісі. Арыстанбаптың мазары Отырар ауданының орталығы Шәуілдірде орналасқан. Қ.А.Яссауидің өмірінің көбісі Яссыда өткені үшін Яссылық мағынасын беретін Яссауи деп аталып кеткен. Яссауи сол дәуірдің ілімі мен рухани орталығы болған Бұхарға барады. Ол кезде жасы 20-ның үстінде болған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті 1 сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Өркениет: даму ерекшеліктері
Сабақтың тақырыбы: Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті 1 сабақ
Сабақтың мақсаты: «Өркениет» ұғымын айқындау критерийлерін пайдаланып, Ұлы Дала көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін сипаттау
Оқу мақсаты: «Өркениет» ұғымын айқындау критерийлерін пайдаланып, Ұлы Дала көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін сипаттау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі) (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері
Сабақ тақырыбы: Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.1.2.3 Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасуерекшеліктерін түсіндіру;
10.1.2.4 Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениет тердің ерекшеліктерін сипаттау;
10.1.2.5 Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау
Сабақ мақсаттары: 10.1.2.3 Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасуерекшеліктерін түсіндіру;
10.1.2.4 Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениет тердің ерекшеліктерін сипаттау;
10.1.2.5 Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Кіріспе
Өкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуындағы алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі - қоғамның қаржы жүйесі.Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы — мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекет органдарына жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді. Бюджеттің рөлі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0