Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бірыңғай мүшелердің байланысуы

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен олардың қызметі жай сөйлем синтаксисінің обьектісі болып табылады. Жұмысымызда бірыңғай мүшелер туралы түсінік, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірыңғай мүше болуындағы ерекшеліктері, мүмкіншіліктері, жай сөйлем құрамында бірыңғай мүшелердің байланысу түрлері мен оларды байланыстыратын жалғаулықтар, интонация, орын тәртібі және бірыңғай мүшелі сөйлемдерде қолданылатын жалпылауыш сөздер кеңінен қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі.
Синтаксис термині грек тілінен алынған. Онда sintaksis – қоспа, біріктіру деген мағына болатын. Бұл сөз о баста сөзбен сөздің бірігу, қосақталуы деген ұғымда жұмсала жүріп, кейін екі түрлі терминдік ұғымға ие болып кетті: біріншісі – тілдегі сөздердің тіркесуінен сөйлем құраудың жүйесі деген мағынада да, екіншісі – тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада.
Синтаксис ғылым деген ұғымда жұмсағанда, оны, әдетте, граматика ғылымының морфология сияқты, үлкен саласы деп білеміз. Оның өзі үш бөлімнен құралады: 1. Сөз тіркесінің синтаксисі; 2. Жай сөйлемнің синтаксисі; 3. құрмалас сөйлемнің синтаксисі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан

Неолит дәуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері б. з. б. II мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның қалыптасуына жеткізді. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға кешу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өндеудің дербес саласына айналды1.
Қола дәуіріндегі қоғамның ілгері басуы екі факторға байланысты. Олардың бірі - жаңа дәуірді белгілеген фактор - палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: ЭКСПО-2017 көрмесінің Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономиканың дамуына ықпалы

Бүкіләлемдік көрме немесе Экспо(Expo) –техникалық және технологиялық табыстарды көрсететін ашық алаң және индустриаландыру символы болып келетін халықаралық көрме. Халықаралық көрме 3-жылда бір рет болады.
Бірінші дүниежүзілік көрме 1851 жылы принц Альберттің бастамасымен Лондндегі Гайд-саябағында өткізілді .Көрменің негізгі ғажайыбы Хрусталь сарайы болды ,оның авторы Джозоф Пакстон сарайды әйнек пен темірден жасады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ тілі | ҚАЗАҚ ГОВОРЛАРЫНДАҒЫ КІРМЕ СӨЗДЕР

Қазақ говорлары тек көне замандағы ру, тайпа тілдерінің қалдығы ретінде сақталып калған байырғы, дәстүрлі сөздер мен тұлғалардан құралмайды. Оның ішінде кейінгі замандарда, тіпті кеше ғана, Ұлы Октябрь революциясынан кейін, пайда болған сөздер де бар. Осы кейінгі замандарда келіп қосылған диалектілік ерекшеліктердің бірсыпырасы — көрші тілдерден ауысып келген сөздер мен тұлғалар. Қазақстан жері бірнеше халықпен шекаралас жатыр. Олардың бірқатарының тілі туыстас та, кейбіреулері басқа типологиялық тілдер тобына жатады. Қазақ халқының көршілес елдермен ерте кезден-ақ тығыз қарым-қатынас жасап, олармен аралас-құралас отырғандығы белгілі. Бұл жағдай қазақ тілі құрамына әсер етпей қойған жоқ. Көрші халықтың тілі арқылы тілімізге ауысқан сөздер мен тұлғалар әсіресе Қазақстанның шет аймақтарында көп кездеседі. Мысалы, Өзбекстанмен шектес жаткан Шымкент облысы тұрғындарынын тілінде өзбек тілінен енген сөздер көп. Қырғызстанмен- шектес жатқан Жамбыл облысының оңтүстік аудандарында қырғыз тілінен енген сөздер бар. Жетісудын шығыс жағын мекендеген қазақтардың тіліне ұйғыр сөзі араласса, батыс қазақтарының тіліне татар, ноғай, башқұрт сөздері қосылып кеткен.
Ал орыс, араб, иран тілдерінің әсері барлық говорларда да байқалады, бірақ әсер ету дәрежесі барлық жерде бірдей емес. Араб, иран тілдерінің элементтері солтүстік-батыс не шығыстан гөрі оңтүстік аймақтарда көбірек ұшырайды. Орыс тілінен енген сөздер әсіресе солтүстік-батыс және шығыс аймақтарды мекендеген тұрғындардың тілінде көбірек кездеседі.
Орыс тілінен енген сөздер. Орыс тілінен енген немесе орыс тілі арқылы говорларға енген сөздердің дыбыстық жағынан қабылдануы олардың әдеби тілдегі сипатымен бірдей емес. Егерде әдеби тілдегі орыс тілінен енген бәтеңке, сот, пұт сиякты бірен-саран сөздерді есепке алмағанда, айтылуы мен жазылуы жағынан орыс тіліндегі нұсқасын сақтаса, говорларда олар ауызекі тілдің дыбысталу ыңғайына сәйкес біраз өзгеріске түсіп айтылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Қазақстан Республикасының компьютерлендіру және ақпараттандыру деңгейі

Мәліметтер мен ақпараттар бірдей түсініктер емесбмәліметтер пайдаланушы үшін аз мағына беретін сандар мен фактілерден алынады. Мысалы, ұйымның әр қызметкерінің жұмыс істеген сағаттарының саны мәлумет бола алады. Егер осы санды әр сағаттағы үлеске көбейтсе, онда жалпы табыс шығады. Ал егер жалпы табысты барлық қызметкерлерге бөлсе, онда алынған сомма фирманың төлем ведомосы бойынша жалпы қортындыға әсер етеду. Осы қортынды ұйым басшысы үшін ақпарат болады.
Ақпарат дегеніміз – қайта өңделген мәліметтер немесу мән – мағынасы бар мәліметтер.
Ежелгі дәуір саудагерлерінің айтуынша: « біреуге қалдық болған нәрсе – басқаға байлық ». Осы ойдан біз: « біреуге мәлімет – басқаға ақпарат » деп айта аламыз. Келтірілген мысалдағы қызметлерлердін жалпы табысы осыған мысал бола алады: жеке сандар – әр қызметкерге өзінің қанша ақша тапқанын білгендіктен ақпарат, ал басшы үшін бұл сандар – мәліметтер. Мәліметтерді ақпаратқа айналдыру тұжырымдамалы жүйенің негізгі элементінің бірі – ақпараттық процесс арқылы жүйеге атқарылады. Ол компьютерлік элементтерін немесе олардың комбинациясын іске қоса алады.
Ақпараттандыру – өркениеттің дамуындағы объективтілік заңдылық. Қазіргі заман қоғамның дамуына, экономиканы қарқындандыруға, өндірістік және қоғамның өзара байланысының дамуына әсер жасайтын маңызды фактор.
Ақпараттандыру қоғамның барлық саласында жаңа ақпараттық технологияларды тиімді қолдану. өндірістің индустриясын құру және ақпаратты өңдеу арқылы сипатталады.
Компьютерлендіру – техникалық жабдықтау және онда жұмыс жасай білу, яғни дұрыс қолдана білу.
Компьютерлендірудің түрлері:
• Жартылай (орташа) – 50% - ке дейін.
• Толық – 85% - ке дейін.
• Жалпы – 100% - ке дейін.
Ақпараттындыру жалпы компьютерлендіру негізінде бірыңғай ақпараттық кеңістік құру. Дамыған елдердің барлығы, олардың өркениеттілігі қоғамның ақпараттандыруына байланысты өлшенеді. Қазіргі уақытта ақпараттандыру қоғамның негізгі өндірістік күші болып табылады.
Ақпарттық мәліметтерді ұйымдастыру – арнайы орталықтандырылған ақпараттық басқару астындағы және анықталған бір қолдану саласына қатысты бір – бірімен байланысқан және белгілі бір құрылымға келтірілген мәліметтер жиынтығы....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Келешекті елестетемін (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым
Сабақ тақырыбы: Келешекті елестетемін.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасының сөзін тыңдап, диалогке қатысу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасының сөзін тыңдап, диалогке қатысады.
Көптеген оқушылар: күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасының сөзін тыңдап, сұхбатқа түсіп, қарым–қатынас жасау мәдениетіне үйренеді.
Кейбір оқушылар: күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасының сөзін тыңдап, диалогке қатысады сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Қазақстандағы саяси интеграцияның бағыттары (8 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Елтану және саяси география негіздері
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы саяси интеграцияның бағыттары
Оқыту мақсаттары: 8.6.1.6 – Қазақстанның саяси интеграциялануының мақсатын талдау
Сабақтың мақсаты: Білу және түсіну
Саяси интеграцияның басты мақсатын біледі.
Талдау
Қазақстандағы интеграциялық үрдістердің маңызын талдайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасында жанама салықтардың салық жүйесі

Кіріспе
Қазақстан экономикасының оңтайлы және табысты жағдайларға қол жеткізу үшін көптеген қызметтер атқаруда . Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі- ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Соның нәтижесінде біздің республикамызда саяси тұрақтылық ,колоссалді табиғи байлық , оңтайлы геосаяси жағдай қалыптасты деп ойлаймын Мемлекеттің негізгі мәселелерінің бірі мемлекеттік кірісті оңтайлы қалыптастыру .Қазақстан егеменді ел болып қалыптасқаннан бері республикамыздың салық жүйесінде біраз өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабыл-данған « Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында банк банкингінің даму тенденцияларын талдау

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: ''Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады'' деп мақтанышпен атап өткен болатын.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0