Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасының банктеріндегі банк ресурстарының саясаты

Кіріспе
Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы.
2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі ресурстарының басты мақсаты — Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық актиатік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастылуға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы аграрлық секторды интенсивтендірудегі Қазақстан

Кіріспе
Қазақстан 16,5 млн. адам тұратын Орталық Азиядағы ірі ел, ол өзінің көлемі жағынан дүние жүзінде сегізінші орынды алады. Көмір, қара және түсті металл, мұнай, газ өндіру жөніндегі дамыған өнеркәсібі, металлургия және металл өңдеу, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсібімен қатар республиканың мықты агроөнеркәсіптік потен-циялы да бар. Ауыл шаруашылық жерінің жалпы көлемі 222,3 млн. га, оның ішінде егістік жер 36 млн. га, жайылымдық жер 182 млн-нан астам га және шабындық жер 5 млн.-ға жауық га құрайды. Әрбір жан басына шаққанда шамамен 2,2 га жерден келеді. Бұл дүние жүзіндегі ауыл шаруашылығы жағынан жамыған көптеген елдердегідей әлдеқайда көп. Соңғы жиырма жылдың ішінде жыл сайын орташа есеппен 24 млн. тоннаға жуық астық, 1,5 млн. тоннаға жетеғабыл ет, 3,5 млн. тоннадан астам сүт және 100 мың тоннаға жуық жүн өндірірілді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының 60-қа жуық түрі өсіріледі, сүтті және етті ірі қара, жүнді, етті-майлы қаракөл өойлар, жылқы, түйе, шошқа, құстың бірнеше түрлері, марал, сондай-ақ ара мен балық, мамық жүнді аң шаруашылығы бар. Республиканың өнеркәсіп кеше-нінің бірінші сферасы (І қор шығаратын) машина жасау, микро-биологиялық және химиялық өнеркәсіппен айналысады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Қазақ сөздерін жаттатуға арналған ойындар

1. (Көрсет!) Өтілетін сөздердің суреттерін тақтаға ілеміз. Балаларды кезекпен ортаға шақырып, суреттердің бірін атаймыз. Ортаға шыққан бала аталған сөзді көрсетіп, дереу орнына отырады. Ойын барлық бала шығып болғанша жалғасады.

2. (Доппен көзде!) Суреттер тақтаға ілінеді. Балаларды ортаға кезекпен шақырып, қолдарына жұмсақ доп береміз де, суреттердің бірін атаймыз. Балалар аталған суреттерді доппен дәлдейді. Ойын барлық бала шыққанға дейін жалғасады.

3. Боулинг. Өтілген сөздердің суреттері кегльдерге жапсырылған. Балалар кезекпен ортаға шығып, доппен кегльдерді құлатады. Әр құлатқан кегль үшін бір балл, ал құлаған кегльге жапсырылған суретті қазақша атаса, екі балл беріледі.

4. (Бұрыштарға жүгіру) Суреттерді бөлме ішіне қойып тастаймыз. Тақтадан көңілді музыка қоямыз. Балалар сол музыка ырғағында шеңбер жасап, айналып жүреді. Арасында музыканы тоқтатып, суреттерің бірін атаймыз. Балалар аталған суретке қарай жүгірулері тиіс. Балаларды тексеру мақсатында, мұғалім бір суретті атап, өзі басқа суретке қарай жүгіруі мүмкін.

5. Сымсыз телефон. Балалар шеңбер бойымен отырады. Мұғалім шетте отырған баланың құлағына бір сөзді сыбырлайды. Ол бала жанындағы балаға, ол келесі балаға айтып, соңғы балаға жеткен уақытта, ол бала тақтадағы суреттердің ішінен өзі естіген суретін алып келеді. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Александр Македонскийдің сақтарға жасаған жорығы сәтсіз аяқталды? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3A Сақтар(12 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Неліктен Александр Македонскийдің сақтарға жасаған жорығы сәтсіз аяқталды? 1-сабақ
Сабақтың мақсаты: Қазақстан территориясындағы ерте темір дәуіріндегі рулар, тайпалардың пайда болуы, археологиялық ескерткіштері, дүниетанымы, шаруашылығы,тарихи кезеңнің зерттелуі туралы біледі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.3.2.1 – сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

"Түңіліп кеттім": Мадина Сәдуақасова карантин кесірінен күйзеліске ұшыраған

"Түңіліп кеттім": Мадина Сәдуақасова карантин кесірінен күйзеліске ұшыраған Автор: Малика Хадид Қазақстандық эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова карантин режимі өзіне қалай әсер еткенін айтты. Төрт қабырғаға қамалған әнші шектеу шаралары салдарынан күйзеліске түскенін мойындады. Әрдайым гастрольдік сапарларда жарқырап жүретін өнер иесі үй шаруасының күйбең тіршілігіне үйренісе алмай жатқан көрінеді деп жазады nur.kz "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Мадина Сәдуақасова шығармашылығы тоқтап, күнделікті үй шаруасымен айналысамын деп күйзеліске ұшыраған. Ол карантин уақытында түңіліп жүргенін жасырмай айтты. ...
Жаңалықтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныпта мазмұндама жұмыстары арқылы тіл мәдениетін ұстарту

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлемдік стандарттарға сай жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа технология шығарылатын өнімнің сапасын көтеруге негізделген. Бұл Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімнің әлемдік тауар айналымында өз орнын алуға ұмтылыстан туған үрдіс. Мұндай үрдістен білім беру салалары да шет калған жоқ. Соның әсерінен қазақ тілін оқыту үрдісі жетілуде. Бұл мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдістер мен технологиялар арқылы ұйымдастыруға алып келді. Бұл үрдіс оқушының білімін арттырып қана қоймай, оның сана-сезімін, ойлау қабілетін, тұлғалық қасиеттерін жан - жакты дамытуға арналған.
Елбасымыз өзінің биылғы жолдауында білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесі жайлы сөз етті. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет екенін айтқан. Сондықтан он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында одан әрі оқуды таңдағысы келетіндерге он жылдық орта білім беруді жоққа шығаруға болмайды. Адамның өмір бойы білім алуына жағдай жасауымыз керек делінген. Сонымен қатар ЖОО-дың мәртебесі мен мамандыққа қарай мемлекеттік гранттардың құнын саралауды ойластыруымыз керек делеіген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Спорт тұлғаларымен сұхбат (2 сынып, III тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:« Тәні саудың – жаны сау»
Сабақтың тақырыбы:Спорт тұлғаларымен сұхбат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.1.1.1 Сөзді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды
2.2.4.1 Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, нақты тақырып бойынша қысқа диалогке қатысады
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: тақырыпқа қатысты сөздерді түсінеді
Көбі: тақырыпқа қатысты тірек сөздер мен сөз орамдарымен сөйлемдер құрастырады, сұхбатқа қатысады.
Кейбірі: өзі білетін спортшы туралы айтып береді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Абайдың Баянға берген бағасы (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Абайдың Баянға берген бағасы
Сабақтың мақсаты:
8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып мақала құрастырып жазу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипатқа ие болды? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипатқа ие болды?
Оқу мақсаты: 9.3.1.2 – XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістерге баға беру;
9.3.1.3 – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру
Сабақтың мақсаты: Тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасау дағдыларын дамыту.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің даму жолдары және келешегі

Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Қазақстан экономикасьның барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалык дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта ҚР-ның экономикасының алдындағы маңыздылығы өте жоғары міндеттердің бірі - соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық реттеудің арқасында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалык сипат беру.
Белгіленген реформаларды және Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағдарламалары тиімді экономиканы дамыту, прогрессивті технологияны енгізу, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруды алға қойып отыр. Ал бұл мәселелердің шешімі көп жағдайда экономиканың нақты секторына келетін инвестицияларға байланысты.
Сондықтан әр-түрлі меншіктегі кәсіпорындардың материалды-техникалық базасын жаңарту және негізгі өндіріс қорларын уақытында модернизациялау үшін жаңа түрдегі қаржы құралдарын іздеу және енгізу қажет. Қазіргі кезде өндіріс салаларына үлкен көлемде қаржы тартудың әлемдік тәжірибеде негізгі құралдарының бірі және инвестицияның ерекше түрі – бұл дүние жүзінде кеңінен қолданылып жүрген лизинг болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0