Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау Сабақтың мақсаты: Есім хан кезіндегі Қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясатын анықтап, нәтежелерін талдау.
КІРІСПЕ Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі атты бірінші басымдықты нақты іске асыру мақсатында Үкімет алдына мынадай міндеттер қойған болатын: «Салықтық және кедендік әкімшілік жүргізу реформасын іске асырсын, отандық өндірушілерге мемлекеттік көмек көрсетуді қайта бағдарламасын, техникалық реттеудің ішкі стандарттарын Бүкіләлемдік Сауда Ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкес келтірсін, қаржылық қызмет нарығын реформалауды жалғастырсын» [2]. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының кеден органдары заңнамалық және нормативтік базаны нығайтуға, кедендік бақылауды жетілдіруге, осы күнгі ақпараттық технологияларды енгізуге және кедендік инфрақұрылымды дамытуға бастапқы назар аударып отырғаны белгілі. Мемлекет басшысы 1999 жылғы 1 қыркүйекте Парламенттің Ү сессиясында кеден органдарының қызметіне байланысты: «Кеден төлемдері мен салықтарды жинауды ұлғайту мақсатында кеден қызметін, ең алдымен оны автоматтандыру жолымен мықтап нығайту керек» деген болатын.....
Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орныны қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырылады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратагиялық жоспарды атауға болады. Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасандаға басты мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті. Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізігі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға: 1. Ұлттық қауіпсіздік; 2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы; 3. экономикалық өсу; 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; 5. Энергетика ресурстары; 6. Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс; 7. Кәсіпқой мемлекет құру. Сондай-ақ даму стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған үш жылдық, бес жылдық, он жылдық даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып отырылады. Тақырыптың қызықтылығы, Қазақстанның дамуы үшін маңызды саналатын 2030 жылға дейін даму сратегиясын талдау арқылы оның негізгі экономикалық мақсаттарын ашу және танып білу. Тақырыптың актуалдығы. Қазақстанның қазіргі күнде атқарып жатқан қызметтері осы даму стратегиясына негізделіп жүргізіледі. Мемлекеттің дамуындағы бұл стратегияның орны ерекше және маңызды болып саналуы тақырыптың бүгінгі таңдағы маңыздылығын арттыры түседі. Қзақстанның дамуы үшін бұл қабылданған стартегияның менің ойымша маңызы зор. Себебі біздің әсем мемлекетіміздің дамуына және мақсаттарын айқындауына ең қажетті осы стратегия болып табылады. Себебі бұл стартегияда қарастырылған әрбір басымдылыққа ие бағыттар экономиканың өсуіне, халықты өркениеттілікке жеткізуге, жалпы Қазақстанды алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көруімізге зор ықпалын ....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3А Отарлау және ұлт-азаттық күрес Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау; Сабақтың мақсаты: Орта Азия хандықтарының үстемдігіне қарсы Жанқожа мен Есет батыр бастаған азаттық күрестің себеп-салдарын анықтап, көтерілістің маңызын талдайды.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2 В. Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы Сабақ тақырыбы: Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.2.6 – қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін «ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын пайдалану; 10.2.2.7 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін түсіндіру Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтарды жіктеп, қоғамдағы қызметін талдау.....
Пән:Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Табиғат пен қоршаған орта» Сабақтың тақырыбы: Әдеби емес кітаптарды сапарға барумен ТВ бағдарламаларымен салыстыру Оқу мақсаты: 2.1.7.1 Мәтіндегі өзгерістерді (дауыс ырғағы, дауыс қарқыны, мәнері, екпіні, т.б.) ескере отырып, тыңдалған материалдың негізгі бөліктерін анықтайды 2.1.1.1 Өзгелердің әңгімесін тыңдайды және - өзінің келісетінін, келіспейтінін білдіреді. Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қорытынды жасайды. ТВ бағдарламасын көре отырып, әдеби емес кітаптардағы мәтінмен салыстырып, шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйрену......
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ әдебиеттану ғылымы жыл сайын өсіп, өркендеп келеді. Әдебиеттану ғылымының да ауқымы кеңейіп, сан-салалы болып дамып келе жатқаны қуантады. Жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде-ақ әдебиеттану ғылымының көрнекті бір саласы болып қалыптаса бастаған абайтану ғылымының да өзіндік ерекшелігі, алар орны ерекше деп айтуға болады. Сол себепті өзіміздің зерттеу жұмысымызда осы мәселені жан-жақты қарап, зерттеудің ерекшелігіне назар аудардық. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлы Абай ақын, дана, ойшыл, кемеңгер ретінде әбден мойындалған құбылыс. Ал ұлы Абайды тану, жазу, зерттеу процесі ақынның көзі тірісінде-ақ басталған болатын және бұл процесс жүз жылдан бастам уақыт өтсе де ешбір үздіксіз, үнемі дамып, жетілу үстінде. Ғасырға жуық уақыт ішінде кемел қалпына келіп, әбден мойындалған абайтану ғылымын зерттеу объектісі етіп, одан әрі дамыта түсу бүгінгі күннің өзекті, көкейкесті мәселелерінің бірі деп тануға болады. Күні кешегі зерттеулерді жан-жақты қарап, салыстырып, бүгінгі күннің тұрғысынан бастап баға беріп отырудың өзі өзекті мәселе болып табылады. Абайтану ғылымы мен абайтану тарихын салыстыра, қос-қабат алып зерттеу де біздің жұмысымыздың маңыздылығын арттыра түсері сөзсіз. Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Абайтану ғылымы өзіне ерекше назар аудартатын саланың бірі. Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық жолын, әдеби мұраларының мәні мен маңызын тану, тағылым алу бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері деуге болады. Сол себепті абайтану ғылымы да жалпы әдебиеттанудың бір көрнекті саласы болып дамып, өркендеп келеді. Міне, осы аталған жайттардың бәрін ескере келіп зерттеу жұмысымыздың алдына бірнеше мақсат пен міндеттер қойдық. - Абайтану ғылымының өзіне тән ерекшелігін, өміршеңдігін және келешегінің де мол екенін таныту; - Абайтанушы ғалымдардың шығармашылығына талдаулар жасау, салыстырулар жүргізу көзделді; - Сонымен қатар абайтанудың тарихын да тереңнен қозғап, жан-жақты сөз ету көзделді; - Абайтану тарихында із қалдырған тұлғалардың еңбектеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға беруді жүзеге асыру; - Абайтанудың ғылыми бағыт ретінде қалыптасып, дамып, жетіліп отырғанын дәлелдеу, саралау мәселелері жайында мақсат пен міндеттер көзделді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану ғылымының қалыптасу жолдары, абайтану тарихының тың дерек көздерінің бәрі сарапқа салынып, ой елегінен өткізілді. Абай мұрасын таныту, баға беру, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында жазылғандардың бәрінің бір арнаға түсіп, абайтану ғылымына айналу процесін көрсету жүзеге асырылды. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен тарихының сан-салалы жолдары көрсетілді, сонымен қатар кешегі мен бүгінгі тарихы салыстырыла отырып талдау объектісіне айналды....
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7 Сабақ тақырыбы:Тамақ және сусын"Жеміс және көкөністер" жазылым (3-сабақ). Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Ж1 Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Ж2 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді: Білетін әріптерді пайдалана отырып қарапайым сөздер құрастырады, білетін сөздерін жазады. Оқушылардың көпшілігі: Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. Кейбір оқушылар: Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Қарапайым, түсінікті тілмен өздігінен жазады. ......
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат) Сабақтың тақырыбы: Темір өндірісі адам өмірін қалай өзгертті? (1-сабақ) Сабақтың мақсаты: Металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру Оқу мақсаты: Металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру.
Әлемдік тәжірибе тәуелсіздікті және тұрақты экономикалық өсімді дамыған жоғары зияткерлік индустрия болған кезде ғана қамтамасыз етуге болатындығын куәландырып отыр. Барлық дамыған елдердің ұқсас салыстырмалы нарықтық тетіктері мен заңдары бар, олар дегенмен де технологиялық басымдылықтың кепілі болып табылмайды. Табысқа жетуге қажетті және жеткілікті талап – барлық нарық құралдары жинағының болуы, сонымен қатар ғылыми мектептермен және қазіргі кездегі технологиялармен сабақтасқан зияткерлік меншікті патенттік қорғаудың тиімді жүйесінің болуы.
Жиырмасыншы ғасырда зияткерлік меншік, көбінесе технологияны немесе жаңа өнімді көшіруден қорғау құралы ретінде қаралған. Аз ғана уақыт өтісімен, зияткерлік меншікке жай ғана құқықтық функция ретінде қарауға болмайтындығы айқын болды. Білімнің белсенді қалыптасып келе жатқан экономикасы мүлдем жаңа бәсекелес ортаны тудырып отыр, онда ноу-хау мен өнертабыстардың айрықша құқықтарын иелену үшін күрес жүргізіледі, онда болашақ байлық тұқымы табиғи ресурстар емес, зияткерлік меншік болып табылады.
Бұрын бәсекелес артықшылықтардың негізін қол жетімді табиғи ресурстар, арзан жұмыс күші, өндіріс ауқымының факторын қолдану, ал кейінгі уақытта – жақсы бедел және клиенттермен бірегей тауарлар мен қызметтерді саралау негізінде тығыз байланысты қамтамасыз ететін күшейтілген маркетингілік қызмет құрады. Жаңа жағдайларда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдерінің компаниялары ноу-хауға, өнертабыстарға, тауар белгілеріне және салалық стандарттарға ерекше құқықтарды алдын ала алу және виртуозды пайдалану негізінде бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізуге ұмтылады. «Жоғары реттегі бәсекелік артықшылықтарға» қол жеткізуге талаптану – болашақ байлықтың және Қазақстанның өркендеуінің негізі зияткерлік меншік бола алатынын түсінгендіктен туындайды.
Біздің елімізде даму институттарының көмегімен инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады: Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның Даму Банкі, Ұлттық инновациялық қор, Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы жұмыс істейді, бірқатар технологиялық парктер мен бизнес-инкубаторлар құрылған. Бірақ, Қазақстанда ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін құру, қорғау және экономикалық тұрғыда жүзеге асыру жүйесінің нарықтық құралдарының бірқалыпты дамымауы инновациялардың дамуына кедергі келтіретін болады.
Осы жүйе құралдарының жиынтығы, өзінің мәні бойынша, ұлттық патенттермен қорғалған ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін инновациялық өнімдерді кейіннен тауарлар мен қызметтердің нарығына шығара отырып, инновациялық белсенді өндіріске енгізу жөніндегі іске асыру кешені ретінде қызмет етуі қажет. Бұл кешен Ұлттық патенттік жүйе ғылыми-техникалық идеялардың жиынтығын зияткерлік меншік объектілерінің басқарылатын құқықтар жүйесіне сенімді әрі тиімді айырбастайтын бағаны құрудың негізгі буыны болуы қажет.
Қазақстан Республикасының ұлттық патенттік жүйесі маңызды стратегиялық ресурс болып табылады, оның потенциалды мүмкіндіктері шексіз. Әдетте, біздің мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігінің факторы ретінде бағаланатын патенттік жүйе ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық реформаларда маңызды рөл атқаруға тиіс және нарықтық қатынастарды кеңейтіп, елдің зияткерлік әлеуетін арттырудың қомақты факторына айналуы қажет.
Қазақстан Республикасының жаңа жағдайдағы патенттік жүйесінің міндеті «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясынан» туындайды. Бұл міндет Қазақстанда тауарлар мен зияткерлік меншік құқықтары қорғалған тауарлар мен қызметтердің өндірісі үшін қолайлы инновациялық ахуалды қалыптастырудың қажетті әрі жеткілікті патенттік-құқықтық, патенттік-ақпараттық және институционалдық шарттармен қамтамасыз етуге және жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастардың тең құқылы және бәсекеге қабілетті әріптесі ретінде өз орнын алуға бағытталған. ....