Реферат: Экология | Қоғамдағы экологиялық жағдай оның Қазақстандағы көрінісі

Қоғамдағы әлемдік проблемалар – бұл жағдай өте күрделі мәселе екенін баршамыз түсінеміз.Қазіргі уақытта біздің мемлекетіміз елу дамыған мемлекеттер қатарына қосылмақ, бірақ алдымен өз алдымызда жүк болып тұрған проблемаларды шешпей жатып еш ілгерілей алмаспыз.Және де бұл тек бізге ғана таныс проблема емес, сонымен қатар барша дамыған да, дамушы да, дамымаған да мемлекеттер алдында тұрған қақпа. Осы қақпаның кілтін тауып, түбімен әлі қарастыра алмай келе жатырмыз. Сіздерде қазір бұл қандай проблема деген ой туып отырған шығар? Олар өте көп, мысалы: біріншіден ол – экологиялық жағдай болса, осының әсерінен туындайтын мәселе жұқпалы аурулар болып табылады, тағы бір проблема осы уақытқа дейін естіп, білмеген – терроризм болып отыр.
Бұл проблемаларды жіте қарастыруымның себебі сан қилы.
Менің ойымша бұл проблемаларды білу бәрімізге қызықты, қызықты болмаса да әркім білуге тиіс. Сіздерге азда болса оыс проблемалар туралы мағлұмат беру, оларды шешудің жолдары барма? Осы проблемаларды шешуде қандай жұмыстар жасалуда? Ол мәселелер бейбіт жолмен шешілуде ме? Мінеки осындай біршама сұрақтарға менің баяндамамнан жауап аларсыздар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан

Қола дәуіріндегі Қазақстан
Неолит дәуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері б. з. б. II мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның қалыптасуына жеткізді. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға кешу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өндеудің дербес саласына айналды1.
Қола дәуіріндегі қоғамның ілгері басуы екі факторға байланысты. Олардың бірі - жаңа дәуірді белгілеген фактор - палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды.
Қола дәуірінің негізгі ерекшеліктері
Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді. Қоланың өзі бұйымның неге арналуына қарай, әр түрлі пропорцияда мыс пен қалайының кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылады. Мыспен салыстырғанда қоланың бірсыпыра артықшылықтары бар: оның өзгешілігі -өзі катты, балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі. Қола еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат бола бастады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіндегі еліктеуіш сөздерді

Кіріспе
Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынан да,фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын,соған сәйкес,өз алдына дербес сөз табы ретінде қаралатынбір алуан сөздерді еліктеу сөздер дейміз.Еліктеу сөз табына жататын сөздер адамды қоршаған табиғат құбылыс-тарының және айналадағы заттардың қозғалуынан шыққан дыбыстарға еліктеуден немесе адамның түрлі жағдайға байланысты әрекетіне, қозғалысына қатысты көріністердің, сонымен бірге желдің гуілі, жапырақтың сыбдыры, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі, өзеннің сылдырап ағуы, заттардың құлап тусуі, домалауы, соқтығысуларына елікгеуден пайда болған мән-мағынаны білдіретін ұғым атаулары, сол сөздердің жиыны.
Қазақ тілі адамның көру, есту мүшелері арқылы түйсіну, ұғу қабілетінен пайда болған мұндай еліктеу сөздерге өте бай. Олар ауызекі тілде де, әдеби тілде де кеңінен қолданылады. Ойды дәл де ықшам, жинақгы да көрікті етіп жеткізуде ерекше көркемдік мән үстейтін сөздер. Мысалы:Бір мезгілде бас жағында сатыр-сұтыр, сырт-сырт сынған ши, тобылғы қу шөмшектер дыбысы келді де, есін жиғанша бірдеме қасына тарсылдатып келіп қалды (3б).. Тұрғанда «арс» етіп, азу тістері ақсиып, ырылдай түрегелді (3б)-деген сөйлемдердегі сатыр-сұтыр, сырт-сырт, арс еліктеу сөздері айтылған ойды көрікгендіріп тұр.
Сөз табы ретінде еліктеу сөз тілде кейіннен танылған сөздердің тобы. Ол түркі тілдерінің ертеректе шыққан грамматикаларында одағай сөз табының құрамында қаралып келген. Түркі тіліндегі еліктеу сөздерді өз алдына бөліп, одағай сөзден айырмашылығын көрсеткен ғалым Л. Н. Харитонов . ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Дінтану | Тәуелсіз Қазақстандағы діни ахуал

І. Кіріспе
Қазақстан тәуелсіз ел болғанына 16 жылдай уақыт болды, осы уақыт ішінде республикада саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларда түбегейлі өзгерістер болып өтті. Республика халқының демографиялық құрамы өзгерді, қазіргі уақытта қазақ халқы басым этнос болып табылады.
Егер, 1989 жылдың 1 қаңтарына карай 30 діни бірлестікке енетін 700 діни бірлестік болса, 2003 жылдың 1 қаңтарына қарай республикада 62 діни бірлестікке енетін 5000 қауым бар. Олардың 75 % мұсылман қауымы құраса, 1300 қауымды басқа діни бірлестіктер құрайды. Олардың ішінде Евангельдік христиан –баптистердің 378 қауымы болса, 222 –сі орыс православиялық шіркеуінің қауымдары. Республикада барлық халықтың 70 % жуығы мұсылмандар, православиялықтар – 28 %, католиктер – 1 %, протестантар – 0, 5 %, басқалары – 0,01 %.
Қазақстандағы үлкен қоғамдық өзгерістер дін еркіндігіне жол ашты. КСРО тұсындағы діни құғындаудан кейін 70 жыл бойы қысылған халыққа қалаған дінін ұстануға рұқсат берілді. Қазақстан қоғамы полиэтникалық және полидінді болып келеді. Тәуелсіздік алғалы бері, өтпелі кезеңде көптеген діни бірлестіктер құрылып, көпшілігі жойылып кетті. Өзгерген жағдайда, түрлі дін үстанатын адамдардың бір-бірінің діни сенімін сыйлауға діни жанжалға жол бермеуге үйренуге тура келді. Қазақстан өкіметі діни келіспеушіліктердің болмауына барынша тырысып, осы бағытта дұрыс саясат ұстанып отыр.Қазақстан өкіметі діндер арасында бейбіт қарым-қатынас принциптерін еңгізіп, діни бостандықты қамтамасыз етуге кепіл болып отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тамақ және сусын Жидектер (1 сынып, 7 бөлім )

Пән:қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Тағам және сусын»
Сабақ тақырыбы:Тамақ және сусын. Жидектер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну
Грамматикалық нормаларды сақтау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Тыңдаған ақпаратты түсінеді
Оқушылардың көпшілігі:
мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастырады.
Кейбір оқушылар:
Қатесіз сөйлейді және жазады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау;
Сабақ мақсаттары: Тақырып арқылы XVII ғасырдағы қазақ хандығының саяси жағдайына тоқталу және Тәуекел ханның інісі Есім хан билігінің маңызды жақтарымен танысу, оның саяси роліне баға беру.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықты талдау

Кіріспе
Қашанда өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық – еңбек нарығының бөлінбес элементі . Дегенмен , экономиканың тұрақтылығы еңбек нарығында жұмысқа деген сұранысты тудырады . Жылдан – жылға жұмыссыздық деңгейі әр қилы болып келеді .Бір жылы жұмыссыздық деңгейі жоғары болса , келесі жылы төмен болады . Бұған себеп не ? Бұл мәселеде көптеген себептерді алға тартуға болады . Ол :мемлекеттің экономикалық деңгейі , халқымыздың әлеуметтік жағдайы , білім деңгейі , инфляция , жұмыс орындарының аздығы немесе жұмысшыларға қойылатын талаптардың жоғарылығы , қатаңдығы , тіптен еңдек шартының өзі де жұмыссыздықтың туындауына әсер етпек .
Қазіргі таңда жоғары білімі бар немесе жоғары оқу орнын тамамдап , өз мамандығы бойынща қызметтерге орналаса алмай жүрген азаматтар қаншщама . Бәрінен де күрделі жағдайға келіп тірелетін оқу орнын жаңа бітірген жас мамандар . Өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан болса , бұрын соңды жұмыс істеген өтілі қажет етіледі . Осыдан барып адамдардың ағайын – туыс , жора – жолдас арқылы пара беру көмегімен жұмысқа орналасу жолдары пайда болады .
Басқа қаладан немесе ауылды жерлерден келгендері жұмыс таба алмаса өз жерлеріне қайтып , бірнеше жыл бойы оқып , ауыр еңбекпен алған дипломдары жарамсыз болып қалады .....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қалаға саяхат (3-сабақ) (1 сынып, 4 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 Күні
Сабақ тақырыбы:Қалаға саяхат (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.5.1.5 мұғалімнің қолдауымен сөз тіркестері/ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдану
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен сөз тіркестері/ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолданады
Көптеген оқушылар: сөз тіркестері/ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолданады
Кейбір оқушылар: сөз тіркестері/ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс еркін қолданады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяхат Көлік туралы жазу үшін ақпараттар (1-сабақ) (1 сынып, 5 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5
Сабақ тақырыбы:Саяхат. Көлік туралы жазу үшін ақпараттар.(1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Ж 4 Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Мұғалімнің, оқушылардың көмегімен дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біліп, саналы қолданады.
Оқушылардың көпшілігі:
Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады.
Кейбір оқушылар:
Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер оқу №1 (2 сынып, III тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтың тақырыбы:Ертегілер оқу №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.1.1 Ауызша айтылған және есту және көру материалындағы қарапайым сөз орамдарын қайталайды
2.1.3.1 Тыңдалған/ қойылған материал не туралы екенін анықтай отырып, мазмұнын түсінеді (идеясын, кейіпкерлерін, оқиғаларды)
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: оқыған ертегінің мазмұнын түсінеді. Кейіпкерлерін атайды.
Көбі: ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға нақты жауап береді. Кейіпкерлерге мінездеме береді.
Кейбірі: ертегінің идеясын анықтайды. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0