Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай — 2,925 км (Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай — 1, 600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы км). Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала (6%), дала (28%), шөлейт (18%), шөлді (40%). Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн.-нан астам адамды құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. ....
20 ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі – халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы. Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты немесе көп жақты қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағаныңың куәсі болып отырмыз. Бұл процестер сыртқы сауданың тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономиканың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағаныңанкөрінеді. Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қөзғалыс, құбылыстарға толы процестер. Қазіргі кезеңде адамзат әлемін "ақ", "қара" деп жіктеп, оған "капитализм", " социализм" сияқты атты айдар тағушылықпен қоса жасанды антоғанизмдерде келмеске кетті. Біздің заманымыз өзара байланысты, экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үшін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор. Қазақстан Республикасы бұрыңғы кеңес үкіметі тұсында сыртқы саудаға қатыса алмады. Ал қазір өзінің егемендігін алғаннан кейін ол сыртқы саудадағы ролін арттыруға мақсат етіп, оны жан-жақты қамтып отыр. Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнықтырып, дамытудын қазіргі кезені сол қатынастардың нысандары мен әдістерін түбегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде - тарихи өлшеммен алғанда қас қағым ғана уақыт аралығында елде де әлемде де үлкен өзгерістер болды. Елде нарықтық шаруашылық жүйесіне өтуге бағытталған күрделі экономикалық реформа жүзеге асырылып жатыр. Жана бағытта қиындыктар мен қайшылықтар жеткілікті болатыныңа қарамастан, реформа жаңа экономикалық жүйенің негізін қалады. Бұл жетістік болашақта халықтың ал аухатын көтеруге үміт сенімін ұлғайтумен қатар, еліміздің экономикалық жүйесін әлемдік экономиқамен үйлестіруге алып келеді. Мұның өзі республика муддесіне халықаралық еңбек бөлісудің артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Республиқамыз жылдан жылға дербес экономикалық саясатты сенімді түрде жүргізіп, сыртқы экономикалық саясатты өзара тиімді халықаралық экономикалық байланыстарды дамыта жүргізіп келеді. Осы аз ғана уақытта әлемнің экономикалық құрылымында да көп өзгерістер болды. Социалистік мемлекеттер блогы ыдырап, сонымен бірге ССРО-ның әскери күшімен саяси- экономикалық қолдауымен өмір сүрген "әлемдік социалистік шаруашылық жүйесі" де өмір сүруін тоқтатты. ....
Қазіргі қазақ әдебиеті күллі әлем әдебиетініңсапынан елеулі орындарының бірін иелейді. Әдебиетіміздің жетекшісі артып, саласының бірі-поэзиясының эстетикалық байлығы артып, көк жиегі кеңіді. Әдебиеттің даму кезеңдеріндегі әрбір дәуір бір ақынды туғызады десек, қазақ ақындарының әрқайсысы өзінше қайталанбас творчестволық тұлға ретінде жеке дара көріне алады. Сондай талантты ақындарымыздың бірі-Мұқағали Мақатаев. \1; 3\ ХХ-ғасырдың қазақ поэзиясында қара өлеңнің құдіретін паш еткен Мұқағали Мақатаев жыр сүйер әр жүрек түкпірінен орын тепкен ақын. \2;Жетісу\ 60-70 жылдар аралығындағы қазақ поэзиясы жөнінде сөз қозғай қалсақ, поэзия өкілдерінен Қ.Мырзалиев, Сағи Жиенбаев, Т.Молдағалиев, Т.Айбергенов секілді өзгеше таланттар есімін атамай өтуге болмайды. Осы толқындар ішінде М.Мақатаев бар. М.Мақатаев-қазақ поэзиясына, әсіресе қазақ лирикасының философиялық мазмұнын айырықша байытып, өмір тіршіліктің мұңды, сырылы шындығын аса шебер жырлап, қазақ өлеңінің шоқтығын біршама биік деңгейге көтерген дара дарын. Дәлірек айтсақ, Мұқағали-қазақ поэзиясында ерекш құбылыс. Оған Әбділда Тәжібаевтің «Бізде енді поэзия дәуірі басталды. Сол ғажайып даналықтың бір көзі-Мұқағали поэзиясы»,- деген пікрі айтылып жүр. Қазақ лираикасының көркемдік өрлеуі 60-70 жылдардан бастау алды. Себебі, бұл жылдар бейбітшілік заманның әбден орнығып, халықтың сұрапыл соғыс жылдарының ауыртпалығынан ес жиып, көңілін оқу-тоқуға ден қойып, поэзияға талғаммен қарай бастаған кезі еді. Бұл жөнінде белгілі зерттеуші Б.Кәрібозұлы «Қазіргі қазақ өлеңдерінінң жапырағын жайқалта түскен 60-жылдардан бергі уақытты қамтиды. Қазақ лирикалық поэзиясының философиялық тереңдігі артып, мазмүнының баюы, түр жаңалықтарына еркін баруы, уақытпен үндестігі,публистикалық сипаттың молаюы, ақындардың даралық ұмтылуы, ең бастысы ұлттық дәстүрге біріңғай бет бұруы 1960-жылдан басталып, күні бүгінге дейін жалғасын келе жатқан қазақ өлеңдерінің сапалы қасиеттері»\1;88\.- деп баға береді.Осы кезеңде поэзияда қалам тербеген ақындарымыз алдыңғы аға буынға қарағанда тақырып аясы кеңіп, тақырыптық жаңашылдығымен, көркемдік ерекшеліктерімен, поэзиядағы ірі қадамдарымен көріне бастады.....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С Қазақстан Ресей империясының құрамында Сабақ тақырыбы: Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы(1-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.2.1 – капиталистік қатынастардың экономикаға ықпалын анықтау Сабақтың мақсаты: Капиталистік қатынастардың Қазақстан экономикасына ықпалын анықтап, оның қазақ халқының өміріне әсерін талдау...
Құрметті Ұстаздар,ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Бүгін біз Тәуелсіздіктің 21жылдығына арналған кішкентай бүлдіршіндердің дайындаған «Тәуелсіз- Қазақстаным» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. Әнұран орындалады. Тәуелсіздік текке бізге келмеген, Талай бабам қанын төгіп терлеген. Сонда-дағы қасиетті қазағым, Төл байрағын дұшпанына бермеген. Бабалардың ғасыр бойы арманы, Өткенімен келешегін жалғады. Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың, Егеменді – тәуелсіздік алғалы. Азаттық, тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 1986 жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады, кімнің көңіліне жара салмады? 1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй- тәй басқан республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында қазақ елінің өз Жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды. .....
Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең сөңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. аяғында Астархан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2. Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда жабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Камыс-Самар, Калмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелерікөріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар, соңғысында әдетте ортасында біреуі ірілеу болады. Ең ірілердің шеңбер диаметрі 30 m шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зертасты кірпіш қалауы бар. Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік — зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам ресей және шетел зерттеушілері болған. 1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын[1] жасайды. Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя). Бос жатқан [1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурызыдың 11 былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады: Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын. Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады. Елді хан басқарды. Жәңгір-Керей хан кезінде хан билігі абсолютистікке жақын болды. Дегенмен, 1828 ж. сәуірдің 1 хан жанында 12 би кеңесі ұйымдастырылды. Бірінші шақырысындағы болған билер (депутаттар): шеркештен — Мүпәт Айдаболұлы, ноғай-қазақтан — Шомбал Ниязұлы, байбақтыдан — Қонаш Сопақұлы, масқардан — Шора Кедейұлы, беріштен — Бәтке Құдайбергенұлы, алашадан — Алтай Досмұхамедұлы, жаппастан — Көшетұр Мапақұлы, ысықтан — Жантөре Абдалұлы, адайдан — Байту Төменбайұлы, қызылқұрттан — Дуантай Айтуғанұлы, есентемірден — Татан Сәкенбайұлы, таздан — Құдайшүкір Базайұлы, жетірудан (табын, тама, кердері рулаларынан) — Кендірбай Ырысбайұлы және кетеден — Бос Боздайұлы. ....
Кіріспе Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысында қазіргі қазақ фалероимдерін, тарихы мен қалыптасуын қарастыра отырып, фалеронимдердің шығу тарихы, қазақ фалеронимдерінің қалыптасу кезеңі, қазіргі қазақ фалеронимдерінің сиапты ашылып, қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік ерекшелігі, атаулық табиғаты, саяси әлеуметтік маңызы мен мемлекеттік мәртебесі атап көрсетіледі. Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі қазақ фалеронимдері еліміз егемендік алғаннан кейін қалыптаса бастады. Сондықтан да фалероним ұғымы қазақ тілінде бұрын-соңды зерттелмеген. Адамдарда “фалероним” (награда) ұғымы туралы түсінік болғанымен, оның құрылымын, түрлерге жіктелетінін, семантикасын, қоғамдағы қызметін, саяси әлеуметтік маңызы мен мемлекеттік мәртебесін түсінбеуі, білмеуі мүмкін. Жұмыста қазақ фалеронимдерінің сипаты өз шешімін тапқан. Жұмыстың нысаны. Қазіргі қазақ фалеронимдерінің сипаты болып табылады. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты – қазіргі қазақ фалеронимдерін, тарихы мен қалыптасуын зерттеу. Алға қойған диплом жұмысының мақсатынан төмендегідей міндеттер тарайды: ● фалеронимнің шығу тарихына шолу; ● қазіргі қазақ фалеронимдерінің қалыптасуы анықтау; ● қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік ерекшеліктерін көрсету; ● қазіргі қазақ фалеронимдерінің атаулық табиғатын ашу; ● қазіргі қазақ фалеронимдерінің қоғамдағы қызметін, саяси-әлеуметтік маңызы мен мемлекеттік мәртебесін атап көрсету;
Жұмыстың дереккөздері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы Қазақстан Республикасының Заңы, тарихи, этимологиялық, түсіндірме т.б. сөздіктер, осы тақырыпқа қатысты жарық көрген мақалалар.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. ● Алғаш рет қазақ фалеронимдеріне ономасиологиялық зерттеу жүргізілді. ● Қазақ фалеронимдерінің құрылымы, түрлері, өзіндік ерекшеліктері көрсетілді. ● Қазақ фалеронимдерінің семантикасы қаралып, атаулық табиғаты ашылды. ● Қазақ фалеронимдерінің саяси-әлеуметтік маңызы, мемлекеттік мәртебесі туралы мағлұмат берілді.
Жұмыстың әдісі: сипаттамалы әдіс, лексика-семантикалық құрылымдық талдау әдісі, жаппай іріктеу әдісі. Жұмыстың құрылымы. Зерттудің мақсаты мен міндетіне байланысты жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қортынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақ фалеронимдері қалыптасуының тарихы – ономасиологиялық негіздері. 1.1 Фалеронимдердің шығу тарихы. Адамның ерекше сіңірген еңбегін елеп, мойындаудың белгісі болып табылатын марапат белгілері көне заманда шыққан. Марапаттау жүйелері алғаш рет антика дәуірінде көне Грецияда фалералар мен лавр өрмектері түрінде пайда болды. Көне Римде марапат түрлері бір кезде өрмек, таспа, ту, бір кезде мойынға тағатын шынжыр, алқа, монета – медаль түрінде болып келеді. ХІV-XVІ ғасырларда ордендер мен медальдар кең тарады. Подвязка Ордені – Еуропаның алғашқы зайырлы ордені. Англиядағы жоғары рыцарь ордені. Оның негізін 1350 жылы король ІІІ Эдуард қалады. Орденнің тарихы қызық. Ол бойынша, орден король сарайында орын алған бір оқиғаға байланысты пайда болды. «Король графиния Сэлисберимен билеп жургенде, оның байлам жібі жерге түсіп кетіпті. Король байлам жіпті көтеріп, өз аяғына байлап алған. Сөйтіп былай деген екен: «Бұл жөнінде жаман ойлағандар қара бет болады». Бұл сөз орденнің ұранына айналып кетті. Ресми эмблема – алтынға қондырылған қою көгілдір таспа, оның бет жағына ұран сөзі алтынмен жазылған; таспаны сол тізеден сәл төменірек тағып жүретін» (1, 40-41). Алғашқы кезде Орденге 26 адам ие болған: 12 рыцарьға король Эдуард басшылық етсе, 12- сін Уэльс ханзадасы басқарады. 1786 жылы Орден басқа мүшелерді қабылдау туралы шешімге келді. Қазіргі кезде Орденнің басшысы мен он екі канонигі бар.....
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Туған өлкем» Сабақ тақырыбы:Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу№1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну 2.1.4.1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен тыңдаған мәтіннің тақырыбын кейіпкерлерді анықтайды. Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды. Кейбір оқушылар: Өз бетінше тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды.....
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі : Тарихи тұлғалар Сабақтың тақырыбы: Үш жүздің басын қосқан хан Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.7.1 Энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпараттарды алу, авторына сілтеме жасау. Сабақтың мақсаты: Лексикалық тақырып арқылы ақпарат көдеріне сілтеме жасауға үйрету.....