Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту және талдау

Қазақстанда тұрақтанып келе жатқан"~ әкімшіліктік-бюрократиялық модельдің орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолында реттеу функцияларының сақталуы аркылы әрекет ететін әкономикалық жүйенің кәсіпкерлік типіне негізделеді.
Философиялық көзқарастан кәсіпкерлікті адам жанының ерекше күйі, іскерлік романтика формасы, адамға тән қабілеттіліктерді іске асыру құралы ретінде сипаттауға болады. Кәсіби мағынада кәсіпкерлік өз бизнесін үйымдастыра алу, сонымен байланысты функцияларды табысты жүзеге асыру деп қарастырылады.
Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі кезде қайта жандануы болып өтуде. 1917 жылға дейін елде кәсіпкерлік орын алған, бірақ өндіргіш күштердің дамуының әлсіз деңгейінің салдарынан ол кезде айтарлықтай тарамады.
Кеңес үкіметінің жылдарында кәсіпкерлік түсінігі әкономиклық сөздіктен мүлдем шығарылып тастаған, ал кәсіпкерлік термины теріс қабылданантын. Енді біз бүрыңғыдай «кәсіпкерлік», «іскерлік» деген терминдерді басты қолданамыз ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Спорт/спортшылар туралы әңгімелер оқимын Көптік жалғаулар (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақтың тақырыбы: Спорт/спортшылар туралы әңгімелер оқимын. Көптік жалғаулар
Оқу мақсаты:
1.2 Оқиғаны болжау
2.7 Шығарманың композициясын анықтау
3.3 Мәтін бойынша жоспар құру
Сабақтың мақсаттары:
2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау.
2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтау
2.3.3.1 мұғалім көмегімен оқылған мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл

Тәуелсіздік - барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық.

Н.Ә.Назарбаев

Қазақ – отаншыл халық. Қазақтың отаншыл жүрегі – өрлік пен намысқа, ерлік пен жауынгерлікке толы, «Құлқынның құлы болма, отанның ұлы бол», «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне», - деп айтуы осыдан. Отан – табиғи, тарихи, әлеуметтік, саяси, мәдени орта, адам баласының тіршілігінің негізі. Әр халықтың өз Отанын сүюі - заңдылық. Егер біз пендешілік жасамай, өз ұлтымызды «елден ерек, көптен бөлек» деп қарамай, оны адам баласының құрамды бөлігінде қарап, басқа ұлтқа өгейлік көрсетпесек, отансүйгіштік, ұлтжандылық, жасампаздық қасиетімен жарқырай түсер едік. Қазақ халқының Отаны, туып-өскен, кіндік қаны тамған басқа қазақстандықтардың Отаны - Қазақстан. Оның үстіне Қазақстан – қазақ халқының ата мекені. Ұлттық патриотизммен Қазақстанды өз Отаны санаған басқа ұлт өкілдерінің патриотизмі бір арнаға қосылып, бүкіл қазақстандық патриотизмді құрайды. Біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік біздің халыққа тегін келмеді. Талай ұрпақ зар жылап, жапа шекті, өмірлері өксікпен өтті. Тәуелсіз Қазақстан...Қандай ұлы ұғым. Жаныңды жадыратып, көңіліңді көтереді. Отансүйгіш ұрпақ сол тәуелсіздікті баянды етуге қызмет етуі керек. Ең алдымен еліміз саяси тәуелсіздік жариялады. Біз тәуелсіз елміз. Тарихқа уақыт қас-қағымдай. Өйткені ғасырларды құшақтап, аясына алған уақыт талай халықтың, талай ұлы империялардың тәуелсіздігін көрген... Солай бола тұрса да, бізге біздің өз тәуелсіздігіміз қымбат. Ол бізге қымбат – ата-бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат-сөнген мемлекетіміздің отын маздатып,жандырғаны үшін! Ол бізге қымбат – елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат – ата-тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз-қатар тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! «Тәуелсіздік» деген – жай термин сөз емес. Тәуелсіздік, шын мәнінде, ауқымды да терең құбылыс. Ол ең алдымен саяси тәуелсіздік.

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы
Благовещенка селосы «Благовещенка №2 орта мектебі» КММ
Кітапханашы: Каменова Айгүміс Қайсақызы

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасында банктік маркетинг

Кіріспе
2050 даму стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасы алдыңғы қатарлы мемлекетерінің қатарына қосылу мақсат қойып отыр. Мақсатқа жету үшін 2050 саратегиясың барлық бөлімдерінде соның ішінде қаржы нарығында, банктік секторда реформаларды жүзеге асыра жете аламыз.
Банктік жүйе-нарық эканомикасының ең қажетті және бөлінбейтін құрлымы. Банктер қаржылық делдалдар есебінде шаруашылықтардың қаржысын, халықтың сақтаған ақшалары мен шаруашылық әрекеті негізінде босайтын ақша құралдарын тартып, оны уақытша несие алушыларға береді, ақша есептеулері мен экономикаға қажетті өзге де түрлі қызметтерді жүзеге асырады, сол арқылы өндіріс тиімділігіне оңды әсерін тигізеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Етістіктің болымсыз мағынасының эмоционалды-экспрессивтік мәнінің қазақ тілінде берілу жүйесін анықтау

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі
Қай тілде болмасын болымдылық мағына және оған керісінше айтылатын болымсыздық мағына барлық сөз табына тән ортақ грамматикалық категория. Тілде кез келген сөздер әрі болымды, әрі болымсыз мағынада қолданылады, яғни болымды мағынада айтылса, міндетті түрде оның болымсыз мағынасы бар деп есептелінеді. Есім сөздерде болымсыздықты білдіретін белгілі бір грамматикалық көрсеткіштер жоқ. Олардың болымсыздық формасы емес, жоқ көмекшілерінің тіркесуі арқылы ғана беріледі. Мысалы, ағаш – ағаш емес, ақ – ақ емес, екеу – екеу емес, мен – мен емес.
Етістіктің болымсыздықты білдіретін арнайы грамматикалық көрсеткіші бар. Бірақ солай бола тұра болымсыз мағынаның эмоционалды-экспрессивтік те сипаты, оның берілу жолдары да ерекше көңіл бөлетін тілдік құбылыс. Сондықтан бұл мәселе жан-жақты қарастырылуы қажет.
Жұмыстың мақсаты:
Етістіктің болымсыз мағынасының эмоционалды-экспрессивтік мәнінің қазақ тілінде берілу жүйесін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
– етістіктің болымсыз мағынасы және оның берілу жолдарымен танысу;
– эмоция, экспрессия ұғымына түсінік беру;
– көркем шығарма тіліндегі болымсыз мағынаның экспрессивтілігін білдіретін тәсілдерді анықтау және оларды топтастырып, түрлеріне жеке-жеке тоқталу.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Ұазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік процестер
Сабақтың тақырыбы: Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 4-сабақ
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: 10.3.1.2 - Қазақстан аумағында мемлекеттілікті қалыптастырудың тарихи кезеңдерін түсіндіру;
10.3.4.4 - «Қазақ Кеңестік республикасы», «Кеңес Одағының республикасы», «Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік формасын» түсіндіру үшін «біртұтас мемлекет» терминдерін қолдана алу;
10.3.4.5 - кеңестік кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуының жетістіктері мен қарама-қайшылықтарына талдау жасау
Сабақтың мақсаттары: Мемлекеттіліктің қалыптасу маңыздылығын түсінеді;
автономия, республика, одақ ұғымдарының мағынасын түсіндіреді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Тақпақ: Арайлы

Арайлы да таңдарым
Жаны жайсаң жаңдарым
Суық болған күздерім
Мөлдіреген көздерім
Жарқылдаған жүздерім.
Тақпақтар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Халықаралық қатынастар | Қазақстанның сыртқы эканомикалық саясатындағы Қытай

Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастықка енуіне, республика ішіндегі реформаларды жузеге асыруға, оның тиімді және өсімді экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси-әлеуметтік, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда. Елімізді қазір дүние жүзінің 117 мемлекеті таниды, олардың 105-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 26 елшілік ашылып, біздің елімізде 40 елшілік пен миссия, халықаральқ және ұлттық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен, Қазақстандағы мол қазба байлықтар қоры. Жылына елімізде 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастар достық, тату көршілік негізінде құрылғанымен де, екі тарапқа тиімді өзара пайда мүдделері де маңызды болып табылады деп айтсақ қателеспейміз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Жануарлар қалай үндейді

Бірінші бала — Марат, сен тышқанның қалай дыбыстайтынын білесің бе?
Марат:— Шиық-шиық...
Бірінші бала:— Шібилер қайтеді?
Марат:— Қыт-қыт...
Бірінші бала:— Жарайды, жігіт екенсің. Ал енді иттің қалай үретінін айтып көрші.
Марат:— Үреді, ырылдайды, арсылдайды.
Бірінші бала:—Солай ма екен, сен сиыр мен қойдың қалай дыбыстайтынын айтшы?
Марат:— Сиыр — шиық-шиың..., қой — шиық-шиық етеді.
Бірінші бала:— Олай болса, сен білмейді екенсің. Жануарлардың бәрі бірдей шиқылдай бере ме екен?
Марат:— Ендеше, мына балалардан сұрайық. Жануарлардың дыбысын кім жақсы біліп, дұрыс айтатын болса, соны мал дәрігері қояйы.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Үй артында қол ағаш

«Үй артында қол ағаш» — ұлттық ойын.

Бұл ойынды 10—15 жас өспірім, кейде одан да көп бала, топтасып ойнайды.

Ойын тәртібі: Қатынасушылар бірінің қолынан бірі ұстап дөңгелене тұрады. Ойын бастаушы не белбеу, не орамал алады да, дөңгелене тұрған топтың сыртын айнала жүгіріп былай дейді:

Үй артында қол ағаш,
Желбау тартам, есік аш.

Бұл сөзді бірнеше рет қайталай береді. Дөңгелене тұрған ойыншылар:

Үй артында қол ағаш,
Жел кірмесін, есік бас,

— деген сөзді қайталай береді. Тұрған ойыншылар ұстасқан қолдарын ажыратпайды. Ол — есік ашпағанның белгісі. Енді:

Үй артында қол ағаш,
Желбау тартам, есік аш, .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0