2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл толады. Осы айтулы мереке қарсаңында "Асыл мұра” жобасы "Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары” атты саз дискісін жарыққа шығарып Қазақстан опера өнерінің негізін салған алғашқы қарлығаштарымен Қазақстан музыкалық мұрасының даңқын асырып осы өнердің басында тұрғандарды тағы да бір еске түсіріп құрмет көрсетіп отыр. Әрине, театр бірден аяғынан тік тұрып кеткен жоқ.....
Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларға өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан қаланады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу – жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі.
Бүгінде қазақ тілін оқытудағы басты мақат – мемлекеттік тіл болып табылатын ана тілімізді жан-жақты терең меңгерту. Ал, бұл міндеттің орындалуына ҰБТ cынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқаратындығы айқын. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда төмендегідей жұмыстар атқарудамын.
ҰБТ-ға дайындыққа арналған жобалар құрастырдым.
Өткен тақырыптардан теориялық білімдер беремін.
Оқушының сабақ үрдісінде жаңа білімді меңгеруіне басты көңіл бөлемін.
Тест жұмысын орындағаннан кейін коррекциялық жұмыстар жүргіземін.
Тақырыптық тест құратырамын.
Әр тараудан кейін сынақ қабылдаймын.
Күнделікті сабақ барысында қойылған баға сол саба .....
Кіріспе Курстық жұмысты орындаудың мақсаты курсты тереңдетіп үйренумен қатар, библиографиялық, статистикалық жинақ, монографиялар, зерттеулер, журнал мақалалары және бұл жұмысты орындауда өзімнің тақырыбымды терең зерттеп, түсіну оны жан - жақты қамту, өзімнің даму мүмкіндігімді жетілдіру болып табылады. Мақсатым жұмыс жоспарымды жетілдіріп, ғылыми – зерттеу болып табылады. Бұл тарау ХЭҚ-дың дәстүрлі және ең дамыған түрі – сыртқы саудаға арналған. Өз көлемі жағынан елдер арасындағы сауда айырбасы алдыңғы позицияларын сақтауда, сонымен қатар соңғы жылдары технологиялар мен қызмет көрсету саудасы қарқынды дамуда. Сыртқы сауда айналым механизмі мен халықаралық сауданы реттеуді жақсы түсіну үшін, қазіргі сауда саясатының негіздері берілетін, ең маңызды халықаралық сауда теорияларымен танысу қажет. Одан кейін біз мемлекеттік сауда саясатының құралдары (инструменттері) – кедендік реттеу тәсілдері мен тарифтік емес кедергілермен танысамыз. Өйткені олар мемлекеттің сауда және бүкіл сыртқы экономикалық іс-әрекетінің бағытын анықтап, ГАТТ - Әлемдік сауда ұйымының сыртқы сауданың халықаралық реттелуін қарастыру қажет. (Әлемдік сауда ұйымы Уругвай келіссөздер раундынан кейін, ГАТТ негізінде 1994 жылы құрылды)......
Қазақстанның отын – энергетикалық қорлары өте мол, қазақстанда мұнай, табиғи газ, көмір, ағаш отын, шымтезек және жанатын тақтатастың мол қоры бар. Көмір. Қазақстан жерінде көмірдің мол кендері орналасқан. Қазірдің өзінде төрт жүзден астам кен орындары ашылып, олардың есептелген көмір қоры 162 млрд. т-дан асып отыр. Кеңес дәуірі тұсында Қазақстанда жүздеген көмір кендері ашылды, олардың көпшілігі Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Семей және Шығыс Қазақстан сияқты ауыр өнеркәсібі дамыған облыстардың жерлерінде орналасқан. Республикамыздың негізгі көмір орталығы — Қарағанды. Кен орнының басты ерекшелігі — онда металлургия, химия өндірісіне қажетті кокс көмірінің едәуір қоры бар. Карағанды бассейнінің алып жатқан аумағы мың шаршы километр, ал оның көмір қоры 52 млрд. т-дан асады. Кен орнында қырықтан астам бүгінгі күннің техникасымен жабдықталған шахталар жұмыс істейді. Олар тәулігіне мыңдаған тонна кокс және энергетикалық көмір түрлерін өндіреді. Қарағанды көмірімен Қазақстаң Магниткасы, Магнитогорск, Орск-Халиловск металлургия комбинаттары, Ақтөбе ферробалқу заводы, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинаттары, Орал, Орта Азия мен Қазақстанның көптеген жылу электр станциялары жұмыс істейді. Еліміздің энергетикалық отын қорларын сөз еткенде, біз ең алдымен Екібастұз көмір бассейнін атаймыз. Оның алып жатқан, аумағы аса үлкен болмағанымен (120 км2), көмір қоры жағынан ол Франция мен Бельгия сияқты елдердің көмір қорынан әлдеқайда көп. Мұнда көмір қабаттары жер бетіне жақын орналасып, қалыңдығы 100—120 м-ге дейін жетеді, ал жалпы көмір қоры 10 млрд. т шамасында. Сондықтан да Екібастұзда өндірілетін энергетикалық көмір ашық тәсілмен (карьер) алынады, оның әрбір тоннасының құны шахталарда ендірілетін көмірден екі-үш есе арзан. ....
Ал сауда–саттық жүргізу ісіне көп көңіл бөлгені де орынды еді. Бұрын айырбас сауда тек Орынборда ғана жүргізілсе, енді 1760-шы жылдары Троицкіде, Семейде, Қызылжарда жүргізілетін болды. Ертіс өзенінің сол жағын бойлай шығысқа – Қытайға қарай «Абылай жолы» атты сауда жолы салынды. Қазақ хандығы мен Қытай арасындағы сауда–саттық биік дәрежеге көтерілді. Тарбағатай мен Құлжада жәрмеңкелер ашылып, олар қазақтарға малын, қолөнер бұйымдарын Қытай тауарларымен айырбастауға мүмкіншілік тудырды және Ресей мен Орта Азия мемлекеттеріне де Қытаймен сауда қарым–қатынасын орнатуға жол ашты. .....
Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Оның өзіне тән Ата заңы, мемлекеттік Рәміздері бар. Қазақстанда мекен еткен адамдар Отанын, елің, жерін құрметтейді. Туған жерді, өз халқын сүйетін адам - нағыз патриот. Батырлар, ақындар елін, жерін қорғау үшін жаумен шайқасқан. Осындай патриотық сезімі жоғары тұратын батырларымыздың, ақындарымыз, желтоқсан құрбандары арқасында өзіміздің елімізді, ұлттылығымызды, тілімізді, салт-дістүрімізді сақтап қалдық. Қазақ халқы намысты қолдан бермейтін ұлт деп ойлаймын. Ата-бабамыз талай ғасырлар бойы елім, жерім үшін деп осындай ұлан-байтақ жерді, тілді, салт –дәстүрді бізге қалдырды. Ендігі біздің басты парымыз, осы мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру. Біз батыр бабаларымыздан патриоттық тәрбие аламыз.......
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 1.1 Қазақстанның ауылшаруашылығын гидрометеорологиялық қызмет жасау Ауылшаруашылық өндіріс көбінесе ашық аспан астындағы цех деп аталады және ондағы өнім тікелей табиғи жағдайларда пайда болады. Климат пен ауа-райын сыртқы орта жағдайы деп қарастырып, маман-агрометеорологтар ауылшаруашылық дақылдарының өнімін қалыптастыру үшін агрометеорологиялық шарттарды салыстыратын қажеттіліктерімен қарастырды. Мұнда тек ауа-райының жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Және де белгілі вегетациялық кезеңдердегі орта факторларына дақылдардың қажеттіліктерін ескеру қажет. Ауыл шаруашылығына қызмет ететін әрбір агрометеорологиялық станцияларда, метеорологиялықтармен бірге жүйелі бақылаулар даму фазалары мен өнімділік элементтеріне, күйіне, далалық жұмыстарға жүргізіледі, сонымен қатар топырақтағы өнімді ылғал қоры анықталады. Республикамыздың ауыл шаруашылығына агрометеорологиялық қызмет жасаудың дамуы тыңайған жерлерді игеруді бастаумен (1954 жылы) сәйкес келеді.....
Кіріспе Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есепке алу туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 заң күші бар Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген: 1. «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 2. «Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін айқындайды, бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасаудың принциптерін, негізгі сапалық сипаттамалары және жалпы ережелерін белгілейді.» 3. Тараулардың тақырыптарындағы «I», «IV» және «V» деген цифрлар «1», «4» және «5» деген цифрлармен ауыстырылған. 4. 1және2-баптар мынадай редакцияда жазылды: 1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы «1. Осы Заңның күші міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жеке кәсіпкерге (бұдан әрі – кәсіпкерлерге ), Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген резидент еместердің филиалдары мен өкілдіктеріне (бұдан әрі-ұйымдарына ) қолданылады. 2. Кәсіпкерлер мен ұйымдар осы Заңға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, бухгалтерлік есепке алу стандартына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуге және қаржылық есеп беруді жасауға міндетті. ....
Кіріспе Каспий теңізі ( ескі тарихи атаулары: Каспи, Гиркан, Хвалын, Хазар т.б) – Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376000 км². Мередиан ,бағытында 1200 км–ге созылған, орташа ені 300км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км ( солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалауының солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төмен жатыр. Ең терең жері 1025 м,орташа тереңдігі 180 м. Ірі шығанақтары : Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл т.б. 50–ге тарта аралдар бар. ( ірілері: Құлалы, Шешен, Артем т.б.). Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз терассалары өте көп. Каспий теңізіне 130 –дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80%–ін Еділ, 5%–ке жуығын Жайық өзендері берсе, Терек Сулак, Самур өзендері 5% – тен астам, Кура өзені 6%– тін береді. Иран жағалауындағы өзен мен Кавказдың кіші өзендері 4%–ке жуығын береді.....