Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы Сабақтың тақырыбы: Астанада өткен ЕХРО көрмесі(1-нұсқа) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау Сабақтың мақсаттары: Жазуда орфографиялық норманы сақтау, тыныс белгілерін дұрыс қоя білу; емле ережелерін білу.....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ҚР дамуы (1997 ж-бүгінгі күнге дейін) Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кірігуі қалай жүзеге асты? Оқу мақсаттары: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру; Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау Сабақтың мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қатынастарын талдау және бағалау.....
Осы заң Қазақстан Ресубликасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің, олардың тіршілік тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды. Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдалынады:арнаулы жүріп – тұру құралдары – мүгедектердің белсенді және баяу жүріп – тұруына арналған техникалық көмек түрі. Әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттары – мүгедектер мен мүгедек балаларға, сондай – ақ қарттарға медициналық - әлеуметтік мекемелерде, үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшілерінде және әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық орталықтарында берілетін әлеуметтік қызметтердің көлемін және оларды ұсынудың тәртібін белгілейтін ережелер. Кәсіптік бағдарлау – мүгедектің еңбек қызметі түрлерін таңдауына көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесі;қайта жасау хирургиясы – организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге немесе олардың орнын толтыруға бағытталған хирургиялық емдеу әдісі. Медициналық - әлеуметтік сараптама – организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік – тынысын бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шарларына деген қажеттіліктерін белгіленген тәртіппен анықтау. Медициналық оңалту – аурулар мен мүгедектер организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларын және денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған емдік ықпал ету шараларының кешені. Мүгедек – тіршілік – тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан , олардың салдарынан , кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып , денсаулығы бұзылған адамң. Мүгедек бала –тіршілік – тынысының шектелүіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан , жарақаттардан , олардын салдарынан , кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, он сегіз жасқа толмаған адам; мүгедектерді әлеуметтік оңалту – мүгедектердің тіршілік – тынысының шектелуін жеңіп шығуы үшін жағдай туғызуға , олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге , әлеуметтік- тұрмыстық және ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешені. Мүгедектеді әлеуметтік корғау – мүгедектеге әлеуметтік көмек көрсету , оңалту , сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешені; Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнаулы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндітері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары; Мүгедектерді кәсіптік оңалту – мүгедектердің бұзылған не жоғалтқан кәсіптік дағдыларын, білімі мен машықтарын алуын немесе қалпына келтіруіне және оларды бейімдеу мен жұмысқа орналастыруға бағытталған шаралар кешені; Мүгедектерді оңалтудың кешенді бағдарламасы – мүгедектерді медициналық, әлеуметтік , кәсіптік оңалту жөніндегі іс – шаралардың кепілдік берілген тізбесі; мүгедектердің әлеуметтік – тұрмыстық және ортаға бейімделуі – мүгедектердің өзін - өзі қарап – күту, өз бетімен өміп сүру мүмкіндігіне қол жеткізу немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмірдің үйреншікті жағдайларына қайта оралу процесі; мүгедектік – организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тіршілік – тынысының шектелу дәрежесі; мүгедекті оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін белгілейтін құжат; міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялықмұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік - құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелері белгіленсе, онда ол халықаралық шарттың ережелері қолданылады, бұған халықаралық шарттан оның қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының заңнын шығару талап етілетін жағдайлар қосылмайды. Осы заңнын күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Жеке және заңды тұлғалар, сондай – ақ мемлекеттік органдар мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қатынастардың субъектілері болып табылады.....
Қазақ халқының ғасырлар қойнауына кетер тарихы, ұлы ұлағат пен адамгершiлiк иманға және тек өзiне ғана тән ерекшелiктерге толы ұлттық құқықтық мәдениетi бар. Бұл мәдениеттiң бастаулары пәк те мөлдiр, иiрiмi – терең де тұңғиық, түла бойы тұнған дүниетанулық ой-әуенге толы өнеге мен өсиет. Сондықтан осынау бiр “өтпелi кезең” атты бимәлiм өлiара дәуiрде тұрған бүгiнгi ұрпақтың басты мiндетi – елеусiз қалған осы асыл қазынасына көңiл аударып, оны өгейсiтпей бауыр тарту, сөйтiп заман көшiнен жұққан шаң-тозаңнан арылтып, оны өзiнiң бүгiнгi өмiрiнiң айнымас тiректерiнiң бiрiне айналдыру. Әрине, бұл оңай шаруа емес, дегенмен оның мемлекеттiк және құқықтық өмiрiмiздiң бүгiнгiсi мен болашағының қажеттiлiктерiнiң бiрi екендiгiн мойындағанымыз абзал. Халқымыздың құқықтық болмысын және мәдениетiн толық игермей, оны өзiмiздiң төл мемлекетiмiз бен құқықтық жүйемiздiң алтын арқауы етпей Республикамызда құқылық мемлекет құрамыз деудiң өзi – “көзжұмбайлыққа” салыну, тарих тағлымына немқұрайлықпен қарау, қазiр жүргiзiлiп және болашақта көзделiп отырған реформаларға пәрмендiлiк пен қуат берер асыл арналарды тануда кешiрiлмес селқостық таныту. Ұлттық құқықтық мәдениетiмiздiң ғылыми түр-тұлғасын сомдап, шынайы табиғатын ашу әлi де болса келешектiң iсi. Бұған дейiн бiз бұл мәселеге тек танымдық қана мәнi бар деген көзқарас төңiрегiнен қарадық, сөйтiп оның тарихи контексiне ден қойдық. Құқықтық мәдениетiмiздiң бүгiнгiсi мен болашағы туралы сұрақты анық та ашық қоя алмадық. Ал, қазiр жағдай түбегейлi өзгердi. Республикамыз Егемендiк алып, мемлекеттiк тәуелсiздiгiмiз өмiр ақиқатына айнала бастасымен ұлтымыздың құқықтық мәдениетiн танып бiлу және игеру, шамамыз келгенше оны жаңғырту және пайдалану күн тәртiбiне қойылып отыр. Өзiне ғана тән құқықтық сезiмi, құқықтық ұғымы және танымы халқымыздың жадында. Ендi өзiнiң осы бiр ерекшелiгiн – ұлттық құқықтық мәдениетiн – ескерудi және соған назар аударуды талап етуде.....
Жалпы күрделі құрамы бар, қызмет атқаруға, дамуға қабілеті бар тұтас құрылысты біз жүйе деп қарай аламыз.Сонда, жүйе – құрамында элементтері мен бөліктері өзара реттік ұйымдасқан, әрі бағытталған байланыста бола отырып, ажырамас тұтастық құрайтын, сол негізде қалыптасып іс-әрекет атқаратын, дамып отыратын құбылыс. Қоғам да өз алдына жүйе. Қоғамдық жүйені түрлі әлеуметтік топтар, олардың мүдделерін бейнелеп отыратын институттар және олардың арасындағы байланыстар құрайды. Саяси жүйе – қоғамды басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қарым-қатынастарды, мемлекет аралық істердіреттеуді іске асыра отырып, қоғам тұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жиынтығы. Яғни, саяси жүйе, саяси өмір саласының тұтастығын, қызмет атқаруын басқа салалармен байланысын қамтиды.
Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін үйлестіру ....
Бір ұлттың ұлттық этнонимінің шығуы, оның мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе. Тарихта ол талай ой-пікірді туғызып, айтыстар көтеретін, сан-алуан жорамал – жоруларды жорыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Сол сияқты, ''қазақ'' атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселелер талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал-жоруларды, дәлел-деректерді тудырады. Менің бұл тақырыпты алған себебім тарих ғылымында әлі күнге дейін, бұл мәселеге дәл, тұжырымды, тоқ етер жауаптың жоқтығы. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құрылу, қалыптасу тарихы мен уақыты ''қазақ'' атауының деректемелер де жарыққа шығуынан ажырата білу қажет.Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен оның атының бір уақытта бола бермей, ол ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселенің бірі. ''Қазақ'' сөзінің пайда болуына байланысты, ғалымдар әлі бір пікірге келген жоқ. Осы сөздің мағынасын түсіндіретін бізге көптеген ертегілер, аңыздар, мифтер, ғалымдардың еңбектері жетті. Кейбір ғалымдар, ''қазақ'' сөзі тайпалардың ыдырау нәтижесінде пайда болып, бұл сөз әлеуметтік мағынаға ие деп жорамал жасайды. Ал, басқа ғалымдардың пікірлері бойынша ''қазақ'' сөзі XV ғ 50-60 жылдары Керей мен Жәнібек сұлтандары басқарған тайпалардың жалпы атауы болып келеді. “ҚазССР тарихының” бес томдығында: “қазақ ұлты – XIV- XV ғ.ғ аралығында қалыптасты”, - деп жазылған. ....
Егер жер бетіндегі барлық құрлықтың тек оннан бір бөлігін ғана алып, оған күннен түсетін-жылу энергиясын тек 10% пайдалы әсер коэффицентпен, яғни оның оннан бір бөлігін ғана пайдаланса, онда 4,18 • 1021 Дж энергия алынған болар еді. Ол қазіргі уақытта жер шарында пайдаланып отырған барлық энергиядан 100 еседей көп. Осыған байланысты күн энергиясын пайдалану мәселелерімен шұғылданатын ғылымның жаңа саласы — гелиоэнергетика (күн энергетикасы) пайда болды. Күннің жылу энергиясын адам игілігіне жарату бүгінгі күннің кезек күттірмес маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Күн аса таза-әрі тегін энергия көзі болып табылады. Күнді энергия көзі ретінде пайдалануды адамзат ежелден армандап келеді. Әйгілі грек ғалымы Архимед екінші Пуничек соғысында Сиракузах қаласында үлкен айнаның көмегімен Рим кемелерін жандырып жіберген деген аңыз бар. Ал Циолковскийдің өзі ғарыш сапарында жермен байланыс жасау үшін айнаны пайдалануды ұсынған. 1923 жылы Москвада өткен алғашқы ауыл шаруашылық көрмесінде Циолковскийдің жобасы негізінде жасалған күн қозғалтқышы көрсетілді. Мұндай мысалдарды тарихтан көптеп келтіруге болады. Дегенмен қол жеткен жетістіктер мен табыстарға қарамастан, күн энергиясын күнделікті тіршілікке, тұрмысқа тікелей пайдалану мәселесі әлі де тиянақты шешімін тапқан жоқ. Оның көптеген объективті және субъективті себептері бар. Мәселен, күн сәулесі жер бетіне шашыраңқы түрде түседі. Әрбір шаршы метр жер бетінен тек жүз елу вольт шамасында энергия жинауға болады. Қазір күн энергиясын пайдаланудың негізгі 4 бағыты белгіленіп отыр. Олар — жылу-техникалык, фото-электрлік, биологиялық және химиялық бағыттар. ....
Болашақта Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары анық. ХХ ғасырдың соңында адамзат тарихындағы ең алпауыт империялардың бірі – Кеңестік социалистік республикалар одағының күйреуі нәтижесінде әлем картасында бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына шыққандыңы белгілі. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мың жылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихтың басталуы болды. Қазақ халқы осы елді мекендеген басқа да ұлттар өкілдерімен бірге өз мемлекетін қайта құру ісімен айналыса бастады. Қазақстан секілді жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, дәлірек айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді болса да қызықтырары даусыз. Ең алдымен ол ұлт тағдыры шешуші роль атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешек ұрпағы үшін қымбат. Уақыт өткен сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылыұтарға толы күрделі де, маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық. Сондықтан тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихының терең зерттеліп, шынайы түрде объективті жазылу ісіне дайындық осы бастап жүйелі де ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Бұл біз секілді болашақ тарихшылардың үлесіне тиетін міндет.....
Жұмыр жерді мекендеген халықтардың, ел-жұрттың қай-қайсысы болсын атадан қалған аманатты көзінің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа дара қасиетін жеткізу - этностық табиғи заңдалық. Бұл заңдылықтың орындалуы, алдымен, ұлттың жұтылып кетпей, ғасырлар өтсе де ұлттың алғашқы сипаттағы ұлт болып қалуы үшін қажет. Ал, ол даралық қасиетті жеткізуде неше түрлі әдіс бар. Қазақтың бойындағы ақындық қасиет тектіліктен берілгендей, ұлттың мәдениеті, әдебиеті, тарихы еш боямасыз бүгінгі күнге жетіп отыр. Қазақтың ауыз әдебиеті арқылы тарихи тұлғаларды біліп, әдет-ғұрыптар негізіде бой түзеп, дүние таныдық. Бұл құндылықтар - қазақтың жер бетінде “Менін” айқындауда аса күшті құрал. Осы құндылықтарды насихаттау арқылы мемлекеттерге танылуда, жаһандану процессінде ұлт ретінде даралануда, әлемдік өркениетке ұлттық коллоритпен кіруде бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше. Аманатқа қиянат жасамай, ауыр жүкті арымен көтеретін де осылар. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде кітаптың атқарар қызметі ұшан-теңіз. Оның ұлтқа берері де мол. Сондықтан осы тұрғыдан келгенде мемлекет кітап ісінің маңыздылығына, күрделілігіне аса назар аудару қажет сияқты. “Мәдениетті ұлт болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді – көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуімен де кітап бетінен дидарласасың” /28/. М. Горький ....
Қазақстан экономикасы әкімшіл-әміршілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті.Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік меншікті жекешелендіру,қаржылық,несиелік саясат,құнды қағаздар нарығын құру,жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру.Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау,шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр. Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес,оның мәні-экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы екендігінде.Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс.Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадамы болып табылуы мүмкін. Бұл зерттеудің өзектілігі соңғы уақытта кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеп кетуінен туындап отыр.Қайта құрылған кәсіпорындардың көбісі барлық мүмкін болатын нұсқауларға,салықтарға,шектеулерге шыдай алмай жабылып қалды.Тек шағын фирмалар ғана емес, сондай-ақ ірі өндірістік алыптардың да жабылып қалу қаупі бар.Кәсіпкерлік әзірге экономиканың белсенді қоректендірушісі бола қойған жоқ, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Мұндай жағдайлардың себептерінің бірі фирманы тікелей басқару деңгейі мен аймақтық басқару деңгейінің және мемлекеттік деңгейде қамтылған кәсіпкерлікті басқарудың тұтас жүйесінің жоқтығы, сондай-ақ жеке салаларда кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ететін тиімді механизмінің жоқтығы болып ....