Дұғай да дұғай сәлем айт, «Айқап» пенен «Қазаққа». Кекеу, сөгіс сөзден қайт, Кез боларсыз мазаққа. Қарап жүріп қақтығып, Қатынша сөзбен шаптығып, Менікі жөн деп аптығып, Неге түстің азапқа? ....
Қахақ халқының тарихындағы жете зерттелмеген тарихи кезеңдердің бірі –ХҮІІІ ғасырдың басы – халқымыздың азаматтық тарихындағы қыры мен сыры көп аса бір ауыр кезең. «Қазақтардың тарихи өміріндегі аса бір маңызды тұс, - егер Левшиннің және Орта Азия тарихын зерттеуге көп еңбек сіңірген ұстазымыз В. В. Барольдтің жол жөнекей айтқандарын есепке алмасақ – мүлдем зерттелмеген деуге болады» - деп жазады тарихшы М. Тынышбайұлы «Ақтабан шұбырынды» мақаласында осы кезең туралы. Бұл кезде тұтас бір халықтың тағдыры таразыға салынып, талқыға түскен еді. Ол тау халықтарының тарланбозы Имам Шәміл айтқандай «Үлкен халықтарға үлкен ынсап керек екен. Кіші халықтарға үлкен қанжар керек екен» дегендей заман болатын. Ежелден көрші жатқан қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығыстың ішкі басты себебі екі көрші мемлекет Ресей мен Қытайдың, қазақ пен жоңғардың ешқайсысын да күшейткісі келмегендіктен ылғи екеуін бір-біріне айдап салу керек еді. Осындай сын сағаттарда жеке адамдардың рөлі артып, дала демократиясының негізгі иелері – хандар, сұлтандар, батырлар атқа мінуге мәжбүр болады. Сөйтіп Шыңғыс тұқымының ұрпақтары тақ үстінде емес, ат үстінде ұрыс аландарында сынға түседі. Патша өкіметі Қазақ жері арқылы Орта Азия территориясына ілгерілей жылжуды Қытай, Үнді, Парсы елдерімен және бұрыннан Ресей империясының геостратегиялық аймағына кіретін басқа да Азия мемлекеттерімен сауда-қатынас жолдарына саяси-әкімшілік тұрғыдан бақылауды күшейтуге ұмтылған. Патша өкіметі өзінің Орталық Азиядағы саяси ықпалан кеңейту жоспарын іске асыра отырып жалпыевропалық істерге әсер етудің басты құралы – оңтүстік-шығыс аймақтағы империяның қуаттылығын барынша нығайтуды көздейді.....
Экономикалық, мәдени және рухани даму барысында ғұндар, үйсіндер және қаңлылардың дүниетанымдық түсініктерінің өзара байланысы нығая түсті. Олар алғашқыда әр алуан еді. Өйткені, ғұндар “таза көпшілілер”, қаңлылар “таза” егіншілік, ал үйсіндер - жартылай көшпелі мал шаруашылығын жүргізіп отырған. Шамамен бес-алты ғасыр өткен соң жағдай айтарлықтай өзгерді.Ғұндардың басым көпшілігі батысқа кетті, ал қалғандары мен қайтып оралғандары қазақтың басқа ұлыстарына араласып, сіңісіп кетті. Қаңлылардың елеулі бөлігі өғыздардың өңтүстік батысқа қоныс аударуы барысында осы тайпалардың құрамында кетіп, осы қауымды және жаңа қоныстарында ассимиляциға ұшырады. Қалған қаңлылар үйсіндерге қосылып, осы уақытқа дейін өздерін солардың құрамындамыз деп санайды. Бұдан ұғарымыз, бірінші мыңжылдықтың ортасындағы қазақтың ата тегінің ішінде үйсіндер – Қазақстан тұрғындарының негізгі дүниетанымдық бет-бағдарын өз бойына жинақтаған һалық болды. Мұның тағы бір дәлелі қазіргі бүкіл Қазақстан аумағында осы үйсіндердің шаруашылық түрі - жартылай көшпелі малшылық негізгі шаруашылық түрі еді. Бүкіл Евразия даласын көктей өткен Ұлы Жібек жолы көшпелілер мен егіншілер арасындағы экономикалық байланыстардың қаншалықты жемісті болғанын көрсетеді. Оның барысында мал, нан, жүн, былғары, қолөнер бүйымдары саудасы қыза түсті. Қалалар егіншілік аймақтармен шектес далаларда да, сондай-ақ даланың терең ішкі аймақтарында да бой көтерді. М.С.Орынбеков пайымдағандай, “мемлекеттілігі елсіз болған сайын табиғи ортаның этникалық қауымдастыққа зор ықпалететіні белгілі. Ал, қазақтың көне және соңғы тарихында мемлекеттіліктің әлсіз болғаны белгілі Табиғат әрқашанда Қазақстан тұрғындары үшін абсолюттік және жалғыз бастық рөлін атқарды.Ол өзінде дербес жаратушы, тіршіліктіқ иманенттік себептерімен факторларының белсенділік пен эволюция негіздерінің иегері болды”.....
Пән: Қазақ тілі (Т2) Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау Сабақ тақырыбы: «Дені саудың – жан сау» тақырыбында әңгімелер (1-сабақ). Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.2.2.1 көрнекілік/ үлгі/ қате құрылған сөйлем негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлеу, сұраулы және лепті сөйлемдердің интонациясын дұрыс қою. Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен көрнекілік пен үлгі негізінде 1-2 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді. Көптеген оқушылар: көрнекілік пен үлгі негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді. Кейбір оқушылар: көрнекілік пен үлгі негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөзді байланыстырып сөйлейді.....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Қазақстандағы ұлттар достастығы Сабақтың тақырыбы: Көк ту және достар Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау. Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың бәрі істей алады: Проблемалық сұрақтарға жуап бере алады Оқушылардың көбі істей алады: Өз ойларын дәлелдей алады Кейбір оқушылар істей алады: Өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырып, талқылауға түсе алады. .....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2 В. Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы Сабақ тақырыбы: Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.1.2 - Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру; 10.3.4.6 - Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлін анықтау; 10.3.4.7 - мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттей отырып Қазақстан Республикасының даму бағдарларын болжау Сабақ мақсаттары: Тәуелсіз Қазақстанның маңызды оқиғаларын білу, Тәуелсіздік алудың маңызын түсіну, Тәуелсіздік тарихындағы тұлғаларды білу, 1991 жылдан бергі Қазақстанның прогресін бағалау, Қазақстан Республикасының даму бағдарларына болжам жасау......
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша – тауарлы өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның қолдануының өрістенуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап өтелік. Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатынастарын, яғни өнімді сату - сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі – тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар – еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі - тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт болса кеткен уақыт болған да, зат тауар түріне ие бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. ....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері Сабақ тақырыбы: «Ұлы Дала» тарихи-географиялық сипаттамасы 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.1.2.1 картаны пайдаланып «Ұлы Дала» тарихи-географиялық аймағын анықтау; 10.1.2.2 тарихи дерек көздерді талдау негізінде «Ұлы Дала» ұғымының мәнін түсіндір Сабақтың мақсаты: Түрлі тарихи кезеңдерді көрсететін карталарды оқи отырып, «Ұлы Дала» тарихи географиялық аймақты анықтайды; Дерек көздерді оқиды, «Ұлы Дала» ұғымын түсіндіріп, талдайды.....
Зерттеу мақсаты: Су жүйелер экологиясы пәнінің ғылыми-әдістемелік негізі және оны жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесімен қамтамасыз ету. Зерттеудің обьектісі: Жоғары оқу орындарының студенттер мен магистранттардың оқу процесі. Зерттеудің пәні: Су жүйелер экологиясы пәнін оқыту кезеңіндегі қалыптасатын білім мен дағдының дидактикалық жүйесі. Зерттеудің көкейкестілігі: Дүние жүзіндегі бүгінгі күнгі экологиялық жағдайдың асқынуы жастарға экологиялық білім мен тәрбие беріп, оларды қоршаған ортаны қорғауға, аялауға сонымен қатар тиімді пайдалануға тәрбиелеу бүгінгі күннің ең өзекті міндеттерінің бірі. Бүгінгі таңда Республикамыздағы 323 мың мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық білім мен тәрбиенің берілмеу себебінің бірі – экологялық дайындықтан өткен тәрбиешілер, бағдарламалар мен оқу құралдарының жоқтығы. Экологиялық білім беру орта мектепке де қанағаттанарлықтай емес. Республика бойынша 3 млн. оқушыларға экологиялық білім тұжырымдамасының барлығына қарамастан қазіргі кезде экология пәнінің біртұтас бағдарламасы және сонымен қатар экологялық бағыттағы мектеп, гимназия және лицейлердің жоқтың қасы. Ал жоғары оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие беру деңгейі біршама жоғары. Мұнда халықаралық деңгейдегі экологиялық Жоғары оқу орындарының болмағынмен де экологиялық мамандарды дайындау жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. ....