Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердерің табиғаты мен мәні

Қазақ тіл білімі саласындағы ең көп қолға алынған және аз зерттелгенінің бірі - құрмалас сөйлем синтаксисі.
Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы айтыла бастаған азын-аулақ алғашқы пікірлерді отызыншы жылдар ішінде мектептерге арналып жазылған оқулықтардан, оқу бағдарламаларынан кездестіруге болады. Құрмалас деген термин де сол кездерден бастап енді. Бұл термин грамматикалық термин ретінде тек лингвистикада ғана қолданылады. Бұл атау - құра деген етістіктен жасалған туынды сөз. Терминнің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені құрмалас деген атаумен аталатын сөйлем - екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралатын құрамды категория.
Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлем жеке мүшелерден құралады да, құрмалас сөйлем жеке сөйлемдерден құралады, басқаша айтқанда, жай сөйлем жеке сөздерге ғана жіктеле алатын болса, құрмалас сөйлем жеке сөздерді өз ішіне алатын сөйлемдерге жіктеледі. Сөйтіп, бірінің мүшесі -сөз, екіншісінің мүшесі - сөйлем. Бұл жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен қүрылысы, қүрамы жағынан өзгешеліктері. Ал бұл екі категорияның бір-бірінен мағыналық өзгешілігі - олардың бірінің жеке бір ғана ойды біілдіріп, екшшісінің күрделі ойды білдіруінде.
Осы айтылған структуралық және мағыналық сипаттары жағынан алғанда, құрмалас сөйлемге екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі бір ғана ойды білдіретін сөйлемдер жатады. Сөйлем құрмалас болу үшін өз ішінен сөйлемдік бөлшектерге бөлінуі шарт.
Құрмалас сөйлем синтаксисіндегі күні бүгінге дейін кездесіп жүрген күрделі мәселелердің көбі оның сабақтас түрінен болады.
Сабақтас құрмалас сөйлем мәселесі тек қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркология бойынша күрделі проблемалардың бірінен саналады.
Сабақтас құрмалас сөйлемді дұрыс тану деген сөз мұның өзіне тән айырым белгілерін ғылыми жүйеде саралау болып шығады. Ал бұл жағдайдың өзі қазақ тіл білімі былай тұрсын, түркологиялық ілімде де басы ашылмаған мәселе. Құрмалас сөйлемді зерттеушілердің көбі сабақтасты айқындауда өзіндік түсінік, тұжырым мен әр түрлі критерийлер үсынады. Бұл ретте көптеген түркологтар сабақтас құрмалас сөйлемнің әрбір компонентінің айырым бастауышы болсын деген талапты бірінші орынға қойса, енді қайсыбіреулері басыңқы бөлшектен бөлек бағыныңқыда арнайы бастауыштың болуын басты меже тұтпайды. Сондай-ақ соңғы кездерде танылып жүрген интонациялық белгіні бір топ ғалымдар қолдаса, енді біреулері бүны бағыныңқыға тән айырым белгі ретінде қарамайды. Міне, осы жағдайларды ескере келіп, сабақтас сөйлемнің грамматикалық сипатын дұрыс тани білу үшін, оған тән айырым белгілерді саралап алу қажет. Ондай белгілерді Қ.Есенов мынадай деп саралайды: ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Шоқан Уәлихановтың этнографиялық зерттеулері

Ш.Уалихановтың өмірі мен қызметі.
Шоқан Уалиханов (дұрыс есімі – Мұхаммед Қанапия, ал Шоқан – анасының еркелеп қойған аты) 1835 жылы қараша айында Құсмұрын бекінісінде туған, әкесі Шыңғыс Уалиханов атақты аға сұлтан (бүгінде алғашқы этногрофшы ретінде де танылуда), арғы атасы орта жүздің ханы Абылай болған. Шоқанның балалық шағы әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің ата мекені – Сырымбетте өтеді. Бала Шоқанның сана сезімі ерте оянып, рухани өсіп жетіле беруіне әжесі айғаным үлкен әсер еткен. Шоқан әуелі Құсмұрындағы қазақ мектебінде оқиды. Мұнда ол араб жазуының негіздерін меңгереді және қарындашпен сурет салып үйренеді. Сонымен қатар араб тілін кейіннен ұйғыр тілін жақсы меңгереді. Шоқан осы уақытта халық поэзиясына да құмартады. Ол «Қозы көрпеш – Баян сұлу», «Еркөкше» халық дастандарын жазып алады және шығыстың халық поэзиясына қызығушылық танытқан. 1847 жылдың күзінде он екі жасар Шоқан туған елінен тұңғыш рет ұзақ сапар шегіп, әкесімен бірге Омбыға оқуға келеді, Мұнда Шыңғыс өз баласын Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді. Осында Шоқан Уалиханов білім нәрімен сусындалып ғана қоймай орыстың мәдениеті мен демократиялық көзқарастарымен танысады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасының Көлік инфрақұрылымы

Мемлекет Басшысы «Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында мынадай міндет қойды:
Қазақстан әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі болуы тиіс, бұл бізден елдің бүкіл көлік инфрақұрылымының озыңқы дамуын қажет етеді.
Қойылған міндетті шешуде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және іске асыруды қамтамасыз ететін уәкілетті орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация кешені темір жол, автомобиль, су, авиация көліктерін, сондай-ақ технологиялық көліктің әр алуан басқа да түрлерін біріктіреді.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Әкімшілік реформа аясында Министрлікте көлік-коммуникация кешенінің қолданыстағы 8 салалық заңы бойынша («Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Ішкі су көлігі туралы», «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы», «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы», «Қазақстан Республикасының авиация қызметін және әуе кеңістігін пайдалану туралы», «Темір жол көлігі туралы», «Автомобиль жолы туралы») заңды түрде бекітілген міндеттері бойынша функционалдық талдау жүргізілді.
Ішінара алғанда, көлік саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Парламентпен; «Нұр Отан» ХДП; экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия және сауда, білім және ғылым, қаржы, әділет министрліктерімен; табиғи монополияны реттеу, бәсекелестікті қорғау агенттіктерімен; мемхолдингтермен; әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен; облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен, қоғаммен және басқаларымен өзара тығыз іс-қимыл жасау қажет.
Көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ішкі істер, экономика және бюджеттік жоспарлау, төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау министрліктерімен және «Самұрық-Қазына» ҰАҚ өзара әрекеттесу қажет.
Транзит-көлік әлеуетін іске асыру үшін индустрия және сауда, экономика және бюджеттік жоспарлау, сыртқы істер, ішкі істер, қаржы (салық және кедендік бақылау комитеттері), туризм және спорт, денсаулық сақтау (Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті) ауыл шаруашылығы (АӨК мемлекеттік бақылау комитеті) министрліктерімен; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен; «Самұрық-Қазына» ҰАҚ; қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуі қажет.
ТМД, ЕурАЗЭҚ, ШЫҰ, ЕО, ЦАРЭС, СПЕКА сияқты және тағы басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы ынтымақтастық маңызды аспектілердің бірі болып табылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бауырмал қазақ елі (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы ұлттар достастығы
Сабақтың тақырыбы: Бауырмал қазақ елі
Сабақтың түрі Дағдыларды дамыту сабағы
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: О6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.
Сабақ мақсаты: - Барлық оқушыларға қолдау көрсету бағыттаушы сұрақтар арқылы жұмыстарын жүзеге асырады.
- Оқушылардық көбі мәселеге қатысты ойларын жеткізе алады, бағалайды,
- Қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айтады, астарлы мағынаны таниды және бағалауда нақтылық көрсетеді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан эпиграфикасы (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан эпиграфикасы
Оқу мақсаттары: Т/А8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• қажетті ақпаратты тауып, жалқы есімдердің емлесін орфографиялық нормаға сай қолданады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау
6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы даму үдерісін, біртұтас қазақ мемлекеті болып дамығандығына қандай ішкі және сыртқы факторлар әсер еткендігін түсінеді.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Ғаламдық бастамалардағы Қазақстанның рөлі

Қазіргі таңда Қазақстан дамыған 30 елдің қатарында. Осы күнге дейін қазақ елі алдына келген түрлі қиыншылықтарды, мәселелрді шешіп қана қоймай, Қазақстанның басқа елдермен байланысын күшейтіп, ғаламның жаңғыруына да өз үлесін қосуда. Осы жылдың 10-ыншы маусымынан 10-ыншы қыркүйегіне дейін болған «ЭКСПО – 2017» көрмесі Қазақстанның дүниежүзіне, ғаламдық бастамаларға қосқан бірден-бір үлесі деп ойлаймын.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында

Биыл миллиондаған адамдар өз өмірлерін құрбан еткен Ұлы Жеңіске 65жыл толғалы отыр. Соғыс жылдарында Қазақстан экономикасы өте маңызды экономикалық және саяси маңызға ие болды оның себебі. КСРО-ның батыс аймақтарын гитлерлік армияның оккупациялауына байланысты Сібір мен Қазақстанның сол кездегі еліміздің маңыздылығын күрт көтеріп жіберген болатын......
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Филология | Түрік және қазақ тілдеріндегі шылаулар

КІРІСПЕ
Қазақ тілінің грамматикасындағы ең күрделі мәселелерінің бірі – көмекші сөздер. Көмекші сөздердің дербес мағынасы бар сөз таптарына қарағанда мағынасы жағынан да, сөйлем мүшесі болу, сөз тіркесі сыңары болу жағынан да үлкен айырмашылығы бар екені белгілі. Олар қолдануда дара қолданылмай, тек дербес мағынасы бар сөз таптарымен түйдекті тіркес құрау ыңғайында қаралатыны белгілі. А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Балақаев, А. Ысқақов, Т. Қордабаев, Р. Әміров, В. А. Исенғалиева, Ф. Кенжебекова, Қ. Қадашева, т.б. ғалымдарымыз көмекші сөздердің негізгі мәні, шығу тарихы, түйдекті тіркес құрауы, кейде олардың синтаксисіне аздап болса да назар аудара бастағанын көруге болады. Көмекші сөздердің бірі – шылаулар. Шылау ішкі мазмұндары жағынан да, ішкі формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола кол үзіп, әрі осы аталған үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айрылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет етеді. Шылау сөздер есімдерге де, етістерге де жақындаспай, өз алдына оқшауланып, жеке топ болып отырады.
Шылау сөздердің де бастапқы лексикалық мағыналары солғындап, өздеріне тән әуелгі дербестіктерінен айрылып көмекші сөздер қатарына көшуіне, сайып келгенде, оларды практикалық тілде аса жиі қолданылуы арқасында туған грамматикалық абстракция тікелей әсер еткен.
Бұл жағын дұрыс аңғарған А. К. Федоров: “Выражение предикативных атрибутивных и обстоятельственных синтаксических отношений есть синтаксические функции...........союзов”, деп, олардың тек сөйлемде ғана емес сөз тіркесінде де, сөйлем мүшесінде де қатысын барлығын көрсетеді.
Шылаулар – сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер. Шылауларда аз да болса, лексикалық мағынаның нышанасы болады, ал шылаулардың бойындағы қалыптасқан негізгі қасиеті – грамматикалық мағыналар. Өйткені шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарына қарағанда әлдеқайда басым болады. Сол мағыналары олардың өзі үшін емес, өзіне тән формалары арқылы өзіндік грамматикалық мағыналарын толық қамти алмайтын атаушы сөздерге жәрдемші дәнекер есебінде жұмсалады. Сондықтан да шылаулар өз алдына жеке-дара қолданылмай, тиісті сөз тіркестерінің белгілі бір компоненті ретінде атаушы сөздердің жетегінде қолданылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
Жұмыстың мақсаты. Қазақ тіл білімінің жаңа бағыттағы салаларының бірі болып есептелетін «Линвистикалық статистика» (Лингвостатистика) пәніне байланысты терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тірестерін жинастыру, топтау, саралау, олардың сипатын баяндау, бұл жайында қорытынды пікір айту.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмысты жазуда тіл білміндегі тілді зерттеу әдіс-тәсілдерінен – лингвостатистикалық талдау және лексика-лингвистикалық сипаттама әдістері пайдаланылды.
Тілдік материал. Дипломдық жұмысты орындап шығу мақсатында тілдік материал (шикізат) үшін қазақ тіл білімінде және басқа да тілдерде лингвистикалық статистика бағытында жарық көрген әдебиеттер (зерттеулер, мақалалар, жиілік сөздіктер) алынды. Солардың терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері терілді, зерттелді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0