Реферат: Тарих | Ақ Орда Ноғайлы дәуіріндегі Қазақстан

14-15 ғғ. Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы - қыпшақтар, арғындар Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар т.б. Ақ Орда хандары - орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Құйыршақ, Барақ т.б. Бұлар – кейінгі Қазақ хандарының тікелей арғы бабалары еді.

Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болып, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтапан жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.

1423-1424 жж. Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, т.б. Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жж. Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгіме айтуды дамыту (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім.
Сабақ тақырыбы: Әңгіме айтуды дамыту
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары: (оқубағдарламасынасілтемеу)Т/А 4 Астарлы мағынаны болжау
Сабақ мақсаттары: Сөйлеу қабілетін дамытады және көп мағыналы сөздерді қолдана бастайды.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қызықты әңгімелер оқу (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Қызықты әңгімелер оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.1 Оқу түрлерін қолдану
2.2.1.2 мәтінді іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу
2.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған және нақтылау сұрақтарын қою, оның жауабын мәтіннен таба білу
Сабақ мақсаттары: Мәтінді іштей оқып, кейбір ақпаратты белгілейді, мәтін мазмұнын түсінеді. Нақтылау сұрақтарын қойып, оның жауабын мәтіннен табады. ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жұмыс берушімен сұхбат (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары
Сабақтың тақырыбы: Жұмыс берушімен сұхбат
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.4.1. мәтінде көтерілген мәселені(тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Тыңдалым мәтініндегі астарлы ойды түсінеді.
Негізгі ойды анықтайды.
Тақырып қояды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | ҚАЗАҚСТАН ЕГЕМЕН ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ

80-жж. ақырында Кеңес мемлекеті ыдырай бастады. Халық де-путаттары бірінші съезінің езінде-ақ және партиялық форумдарда егемендік, экономикалық дербестік, орталық пен федерацияның мүшелері арасында өкілсттікті бөлісу, жаңа Одақтық шарттар жасасу идеялары талқылана бастады. Демократиялық қайта қүры-лыстардың және ұлттық сананың ояну процестерінің дамуы, уақиғалардың даму барысы партиялық және мемлекеттік басшы-лық тарапынан осыған сай арталық пен одақтас республикалар-дың қарым-қатынасын үйлестіретін шаралар қолдануды талап етті.
Жаңа шындық жагдайды есепке ала отырып, Одақуы қайта құру идеясы кеңінен қолдау тапты және 'ол «төменнен» — автономия-лық және одақтас республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да рес-публиканың езін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қазақстан территориясындағы табиғи байлықтар мен ендіріс құрал-жабдықтарына, оның ішінде енеркәсіптің негізі болып табылатын салалық кәсіпорындарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және экономикалық салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі тура-лы батыл мәлімденді. Қоғамды жаңгыртуға бағытталған қозгалысты Н. Ә. Назарбаев басқарды, ол ордайым аса кұрделі проблемалар-дың шешімін демократиялық жолмен табуға тырысады. Оңшыл және солшыл радикализмге қарама-қарсы Н. Ә. Назарбаев табан-ды, демократиялық реформалар жүргізу және әлеуметтік прогресс, барлық қазақстандықтардың теңдігіне негізделген үлтаралық ынтымақты сақтау, мемлекеттік саясаттың түбегейлі принципі ретінде саяси түрақтылықты сақтауға баса көңіл бөлу саясатын жүргізіп келеді.
Бірақ Қазақстанда басталған әміршіл-әкімшілдік жүйені сындыруға мемлекеттік басқару қүрылымының, Қазақстан Коммунистік партиясының қатаң биліп кедергі жасады.
Жекелеген партия үйымдарының ез жүмыстарын жаңа талаптарға сай қайта қүруға бағытталған талпыныстары елеулі нәтиже бермеді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан спортшылары № 10 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Қазақстан спортшылары № 10
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
3.1.2.1* баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
3.5 Түрлі дереккөздер ден қажетті ақпаратты алу
3.3.5.1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Шағын мәтіндегі сөздердің мағынасын түсінеді, мұғалімнің көмегімен керекті ақпаратты табады, мәтін құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Тыңдаған мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады, керекті ақпаратты табады және оны алады, тақырыпқа қатысты мәтін құрайды.
Оқушылардың кейбірі:
Тыңдаған мәтіндегі сөздер мен сөйлемдерді орынды қолданады, қажетті ақпаратты тауып, сұхбаттасады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Рақмет саған анашым! (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.
Сабақтың тақырыбы: Рақмет саған ,анашым!
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.2.3.1.- мақала құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшелігін ажырату.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылар мақала жанрының ерекшелігімен танысып, тұтас мақала жазып үйренуі тиіс.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тастарға тіл бітірген (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы
Сабақтың тақырыбы: Тастарға тіл бітірген
Оқу мақсаттары: Т/А 8.1.1.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;
Ж8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• мәтіндегі көтерілген мәселені болжайды;
• жинақы мәтін құрастырады; ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №3 (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
Сабақ мақсаты: шығарманың бүгінгі күнмен байланысын аша отырып ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардың заманауилығы мен жаңашылдығын бағалау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Қазақстанның жаһандық бастамалардағы рөлі

Қазақ халқы білектің күшімен, найзаның ұшымен тәуеліздікке қол жеткізген сәттен бері көптеген тарихи оқиғаларды бастан кешірді. Жас мемлекетіміз қысылтаяң кезеңдерден тайсалмай өтіп, саяси, экономикалық тұрғыдан көптеген жетістіктерге жетіп, қазіргі таңда әлемдік сахнадан ойып аларлықтай беделді орынға ие. Бұл, әрине, Президентіміз - Н. Назарбаевтың көреген саясатының арқасы деп білемін. Өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Елбасының ғаламдық маңызы зор бастамалары мемлекетіміздің дамуына үлкен ықпалын тигізіп, халықаралық кең жаңғырық тапты әрі мойындалды.

Cолардың бірі де бірегейі, 1991 жылы ҚР президентінің жарлығымен Семей полигоны жабылып, Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды. Мысалы, әлемде ядролық қарусызданған тек 5 аймақ бар. Солардың қатарында «Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ» келісімшарты осыдан он жыл бұрын қабылданған еді. Семей полигоны әлем бойынша 4 орын иеленгеніне қарамастан, мұндай шешім қабылдау әркімнің қолынан келе бермейтіні сөзсіз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0