Реферат: Философия | Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері

Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді.
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерешеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Зерттеу тақырыбы: «Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері» деп аталады. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттау, тағы басқа мәселелері болды. Бұл қызығушылық оқырман қауымының, оның ішінде философтардың тарихи логикасына жету жолында пайда болды. Сонымен қатар сол кездегі қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін бағалағысы келетін біздер үшін, үлкен сын сағат туғандай.
Тақырыптың өзектілігі:
Тәуелсіздікке көзі жеткен Қазақстан Республикасы алдында руханиет саласында орасан зор әрі қасиетті мақсат – халық рухын, оның өзегі – ұлттық философияны жаңғырту немесе қайтадан қалпына келтіру мақсаты тұрған еді. Қаншама экономикалық және саяси жетістіктерге жеткенмен де, мәдени қайта өркендеусіз, Қазақстан өркениетті елдер қатарына еш қосыла алмайды. Біздер ауызша да, жазбаша да «рухы күшті халық», «рухани биік халық» деп бағалаймыз. Қазақылықты немесе ұлттық рухты анықтауға тікелей қатысы бар басқа да қасиеттер болуы мүмкін. Қалай болғанда да олардың қазақ халқының тұтастығынан туындайтындығына күмән келтіруге болмайды. Оны бейнелейтін, санасына сіңіретін адам.
Зерттеліп отырған тарихи кезеңдегі және алға қойылған мақсат негізінде төмендегідей міндеттер бейнеленеді:
- Зерттелмеген жақтарын ашу. Бүгін де осының дұұрыстығын анықтау;
- Деректемелер мен әдебиеттерді топтастыра отырып, әр әдебиеттерге сыни көзқарас тұрғысынан қарай отырып, қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсету.
Философия тарихы туралы жазылған еңбектер ерте заманнан белгілі. Ұлы ғұлама ойшыладардың шығармашылық мұраларын, олардың философияға қосқан үлестері, көтерген өзекті мәселелері жайлы әр елдің, әр заманның тарихшылары айқындап кеткен тұжырымдар, келелі ақын мен сезімге негізделген ойлары баршылық. Оларда философияның қоғамдық сананың ерекше түрі ретінде дүниеге келуіне басқадай алғышарттардың бастысы болып, мифологияның, діннің халықтың қарапайым санасының, ғылымның тигізген әсерлері толыққанды да ерекше сипатталған.....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Фильмдердегі тарихи оқиғаларды баяндауда көлеңке қолдану (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Сабақ тақырыбы: Фильмдердегі тарихи оқиғаларды баяндауда көлеңке қолдану
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.8.1 Кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау.
Сабақ мақсаттары: Көлеңке арқылы кейіпкерлердің портретін сипаттау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі

Әдебиет өмір шындығының көркем бейнесі десек, әдебиет тарихы да халық тарихымен тығыз байланысты. Еліміздің рухани өмірінің жарқын көрінісі, елеулі бір саласы ретінде көркем сөз өнері ел тарихымен бірге қалыптасып дамыды. Адам санасы, ой-өрісі мыңдаған жылдар бойы жетілетін тарихи құбылыс екендігін ескерсек, әдебиет адамзат тарихындағы көркем ой жетістіктерінің бірі екендігі даусыз ақиқат. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үлгілі мектептер (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмірі
Сабақтың тақырыбы:Үлгілі мектептер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.
Сабақтың мақсаттары:Барлық оқушылар орындай алады:
Болашақтың мектебі туралы өз ұсынысын білдіру.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Мәтіннен сөз таптарын сұрақтары бойынша ажырату.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Өз көзқарасын сенімді білдіру...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Әлеуметтік топтар қазақ қоғамында қандай рөл атқарды? 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы. (13 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік топтар қазақ қоғамында қандай рөл атқарды? 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 6.1.2.1 – Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау;
6.3.1.11 – қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМНІҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Ерте заманда қазақтың тілінде "патриотизм” деген сөз болмаған. Бұл ұғым Қазан төңкерісінен кейін сөз қорымызға енді.
Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. "Патриотизм”-гректің сөзі. Оның қазақшасы-жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.
Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған......
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық жағдайы

Оңтүстік Қазақстан ежелден өнеркәсібі ерекше дамыған өңір саналады. Химфарм, қорғасын, фосфор, цемент, шина, полиметалл, уран, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын өндірумен танылған. Дипломдың жұмыстың негізгі мақсаты облыс шаруашылығына сипаттама бере отырып, оның қазіргі кездегі даму жағдайын қарастыру. Еліміз егемендік алып, экономикамыз ілгерілеген сайын облыстың экономикасының өркендеп келе жатқанын байқауға болады.
Облыстың өнеркәсібі әлемнің 37 еліне экспортқа шығарады, 66 елінен өнімдер алады. Экспортталатын өнімдер ішінде мақта өнімдері-43,3%, металлургия өнеркәсібі-14,5 %,минералдық өнімдер-17,2 %,мал және өсімдік өнімдері-17,3 %,химия өнімдері-4,3 %.Ал импорт құрылымында машиналар, машина жабдықтары, көлік құралдары, түрлі приборлар мен аппараттар 42,8%, химия өнімдері -18,8 % құрайды. Облыста қазіргі таңды «Оңтүстік Қаазсқатн облысының индустриалды-инновациялық дамуының 2004-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары» жасалған. Өнім сапасын халықаралық стандартқа сай ету жұмыстары жан-жақты жандандырылуда.
Оңтүстік Қазақстан облысы әруақытта өнеркәсіп ошақтары мен аграрлық секторы қатар дамыған аймақ ретінде көзге түседі. Облыстың динамикалық және комплексті дамуында қажетті шикізаттар жеткілікті мөлшерде кездеседі. Мұнда силикатты шикізаттар, түсті металдардың кен ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақ елі

Қазіргі қазақ елі қандай бақыттысың! Аспаның ашық, жерің байтақ. Осыншама кең жер мен алтынға теңер табиғи байлығың бар. Ешкімнен қорықпас егеменсің. Бұдан артық мен үшін мақтаныш сезімі жоқ. Әрбір адам, елін сүйген, елі үшін мақтанып, елі үшін жан күйдірген адам. Өз елі жайлы әңгіме болғанда жүрегі тебіренбей тұра алмайды. Қазақстан – Еуразия материгінің қақ жүрегінде орналасқан тамаша, бірлігі мен достастығы берік мемлекет. Қазақстан – тәуелсіздік жолында көптеген қиындықтар, ызғарлы, қара күндерді басынан өткізді. Ал бүгінгі күнде еліміз − алдағы дамушы елдердің бірі. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектеп пәндері туралы жазамыз №2 (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің мектебім»
Сабақ тақырыбы:Мектеп пәндері туралы жазамыз №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (термин сөздерді қолданбау)
2.5.1.2 мұғалімнің көмегімен шағын мәтіндегі көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ажыратып, ауызша және жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен шағын мәтіндегі көптік жалғаулы сөздерді ажыратады.
Көптеген оқушылар: мұғалімнің көмегімен шағын мәтіндегі көптік жалғаулы сөздерді ажыратып, ауызша қолданады.
Кейбір оқушылар: мұғалімнің көмегімен шағын мәтіндегі көптік жалғаулы сөздерді ажыратып, ауызша және жазбаша тілде қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Қорқыттың нақыл сөздері 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С3. Әдеби эссе
8.Б/С3. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу
Сабақ мақсаты: Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0