Мемлекеттің салық жүйесі мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнаманы білдіреді. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеуінің сенімді арқауы болды. Біздің салық жүйемізді халықаралық стандарқа жақындататын шаралар – салық жүйесін төмендету және салық түрлерін қысқарту болып табылады. Жалпы бұл диплом жұмысының мақсаты – салық жүйесінің теориялық аспектілері мен салық жүйесінің жағдайына талдау негізінде салық жүйесіндегі проблемаларды анықтау және оларды шешуге бағыттылған оңтайлы шараларды ұсыну. Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер шешімін табуы тиіс: - Салық және салық жүйесінің түсінігі мен оның экономикалық мәнін қарастыру; - салық жүйесінің принциптеріне сипаттама беру; - салық салу функцияларын ашып көрсету; - салық жүйесінің шетелдік тәжірибесі; - салық жүйесінің реформаларына талдау жасау; - Атырау облысы бойынша салық түсіміне талдау жасау; - мемлекеттік бюждетті қалыптастырудағы салықтардың рөлін анықтау; - салық жүйесінің өзекті проблемаларын қарастыру. Берілген диплом жұмысын жазудағы мақсат – салық жүйесінің жағдайын талдау мен салық жүйесін проблемалары және оны шешу жолдары танып білу, олардың нарықтық экономикада алатын орнын анықтау болып табылады.....
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – Қазақ тілі.Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат Сабақ тақырыбы: Тірі ағзаларды зерттейміз Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.6.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/теріп оқу. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар білу керек: • Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды. Оқушылардың көбі жасай алады: • Берілген ақпаратты оқып, мазмұнын айтады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Ауыз әдебиеттің жанрын анықтайды......
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йасауи «Даналық кітабы» «Даналық кітабы» - мемуарлық сипаттағы шығарма Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар: (Оқу бағдарламасына сілтеме) А/И3. Көркем шығарманың тілі Сабақ мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау.....
Көмекші мектептегі жоғарғы сынып оқушылардың шығармашылық жаңа мүмкіндіктерді ашу, өз бетінше жұмыс жүргізу, өте жоғары психикалық белсенділік қажет етеді. Шығармашылыққа деген сұраныс кез келген бағытта дамиды. Шығармашылықтың деңгейі әр түрлі болады. Бірақ барлығы да жаңа нәрсенің тууына ашуылуына тікелей байланысты. Шығармашылық арқылы ғылым мен өнер тіпті адам өмірінің негізі қалыптасақан. Дамыту шығармашылық бұл кездейсоқтық емес. Ол шынайы толыққанды адами.......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері Сабақтың тақырыбы: Кездейсоқ ашылған ғылыми жаңалықтар Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.5.1. мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру Сабақтың мақсаты: Оқушылар: Оқушылар мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды; Мәтін бойынша нақтылау сұрақтарын құрайды....
КІРІСПЕ Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімі қалың жұртшылыққа әйгілі керемет талант иесі, кемеңгер жазушы ғана емес еді; ол энциклопедиялық білімі бар ғажап ғалым, өте көрнекті қайраткер ретінде де әйгілі. Оның осындай әр жақты жазушылық және ғылыми педагогтік шығармашылығына арналған ірі монографиялық зерттеулерден бастап баспасөз бетіне әр жылдары жарияланған ірілі-ұсақ мақалалардың жалпы саны қазірдің өзінде бес мыңның үстінде. М.О.Әуезовтің ұзақ жылғы жемісті әдеби мұрасына зер салсақ, оның екі үлкен арнасы зерттеушілердің назарын ерекше аударады. Олар зерттеуші Ә.Молдаханов атап айтқандай: Біріншісі – абайтанушылығы, екіншісі – фольклортанушылығы жазушының әдеби-ғылыми мұрасының екі алтын діңгегі де осыла (7). Дүниежүзіне әйгілі «Абай жолы» эпопеясы авторының әдеби мұрасы тарихшы, филолог, педагог ғалымдарының еңбектерінде зерттеліп келді (30). Ал енді, фольклортанушы ғалымның еңбектері әлі де өз дәрежесіне зерттеліп, көпшілікке таныла қойған жоқ. Дегенмен, М. Әуезовтің жазушылық және ғылыми шығармашылықтарындағы фольклортанушылық мәселесі зерттеушілердің назарынан тыс қалды деуге болмайды. Ғұламаның фольклор саласындағы еңбектері туралы ең алғаш пікір айтқан ғалым, белгілі сыншы: Ғ.Тоқжанов. Ол 1927 ж. «Әдебиет тарихына бір жақты бағамен сын айтқан. Бұрын жазба әдебиет дамымай тұрған кезде, қазақ-кеңес әдебиетінің алғашқы дәуірлерінде, алдымен халқымыздың бай мұрасы фольклордан үйренуіміз керек, соған сүйеніп жазба әдебиет жасауымыз керек деп жиырмасыншы жылдардың бас кезінде айтқан М.Әуезовтің орынды пікірін Ғ.Тоқжанов: «Мұхтар бүгінгі қазақ жігіттеріне Біржанның салдығын, Ақанның серілігін, қарияларға Асанның қайғысын үлгі етеді. Үлгіні ертегі әңгімелерден, батырлық жырлардан алу керек екенін үгіттейді» - деп өрескел бұрмалайды (29). Тұрпайы социологиялық сын тұрғысынан келе етіп, мін тағады. Сол кездерде ресми жағынан үстем болған «пролеткульттік» әдеби сынның бір белгісі осындай еді. Бұдан кейін ұзақ уақыт бойы М.Әуезовтің фольклорлық еңбектері жайлы мәселе қозғалып сөз болмады. Кейін 50 жылдары «Абай жолы» эпопеясы арқылы аты дүние жүзіне әйгілі болған кезде ғана М.Әуезовтің жазушылық шығармашылығы ішінара ғылыми еңбектері арнайы мақала очерктердің объектісіне айналды. Соның өзінде, жазушылық жағы басымырақ қаралып, фольклортанушылығы «тиіп-қашты» ғана айтылды. Әуезұлы Мұхтардың 1932 жылғы 10 маусымда «Социалистік Қазақстан» газетіндегі ашық хатынан кейін ғалымның 20-шы жылдардағы еңбегі мүлде айтылмай, жабылып қалған болатын. Бұл жағдай М.О.Әуезовтің фольклортанушылық қырының осы уақытқа дейін жете зерттелмей, көпшілік танылмай келуінің басты себебі еді. Солай болғанымен де «асыл тас су түбінде жатпайды» дегендей М.Әуезовтің фольклорды зерттеген еңбектері оның тұтас шығармашылығына арналған жинақтарда әдебиетші – ғалымдар З.Кедринанның (31), А.Нұрқатовтың (32), Е.Лизунова мен Ы.Дүйсенбаевтің (33), М.С.Сильченко мен М.Смирнованың еңбектерінде сол секілді ұлы жазушы ғұламаның творчествосына арналған газеттік журналдың мақалаларында көрініс тауып отырды (34). Дегенмен де, ғалымдар М.Әуезовтің фольклортанушылығы туралы мәселені оның жалпы ғылыми педагогтік қызметімен байланысты көріп, фольклор туралы ішінара ғана тоқталып елуінші, алпысыншы, жылдардағы еңбектері ішінен, әсіресе, «Манас» туралы зерттеулерінің ғылыми мәнін ашып береді.....
Кіріспе Қазақ мектептеріндегі оқытылатын ғылыми негіздері ана тілі арқылы жүргізіліп, оқушының дүниетанымын, ой- өрісін, тіл байлығын ауызша және жазбаша сөйлеуін дамыту қазақ тілінің қалыптасқан заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан бастауыш сыныптарда ана тілінің заңдылықтарын жете меңгеріп, әдеби тіл нормаларын еркін сөйлеп, сауатты жаза білу міндеті қойылып отыр. Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс, қатесіз жазуға үйрету жұмысында көзделетін негізгі мақсат – олардың қате жібермей, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Ал жазбаша жұмыстарында тыныс белгілерін дұрыс қоя білу сауаттылықты арттырады, әрі сөйлемді дұрыс құруға көмектеседі. Тіліміздегі сөздер синтаксистік қызмет атқару үшін, сан алуан байланысқа түседі. Сол байланыстарды мағыналық жағынан дәл ажыратып тұратын – тыныс белгілері. Сондықтан тыныс белгілерін «оқудың нотасы» дейтін себебіміз де сондықтан. Әрбір тыныс белгісінің өзіне тән интонациасы болатындығы белгілі. Ал, керісінше, тыныс белгісі қойылуға тиісті емес жерге де интонация мен үзіліс (іркіліс) жасалады. Тыныс белгісі мен интонацияның, үзілістің сай келетін жерлері де бар. Жазғанды, айтқанды ойды басқалар қалай қабылдайды дегенді әр уақытта естен шығармаған жөн. Айтайын деген ойды оқырманға дәл де нақты жеткізу үшін әрбір сөз, әрбір тыныс белгісі ой мен сезімге бірдей дөп тиіп жатуы керек. Сөздерді дұрыс орналастырып жазғанымен, тыныс белгілерімен дұрыс бөліп жазбасаң, айтайын деген ой дұрыс берілмейді. Қате түсінуге ықпал етеді. ....