Менің Отаным - Қазақстан! Сонау Каспий теңізі мен Алтай тауларын алып жатқан атырапты қаншама адам өлең - жырларына қосқан. Кіндік қаным тамған туған жерім қасиетті әрі жұмбақ өлкелерге толы. Әсіресе Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары тарихқа бай. Сонымен қатар, біз білмейтін құпия да жетерлік. Биыл жаз айларында Шығысымның көрікті....
Мұның негізі «төркін» деген сөзден шыққан. Ұзатылған қыздың төркін жұртына арнаулы (ресми) түрде баруы «төркіндеу» деп аталады. Мұндай жағдайда қыздың барлық туған-туыстары оны қонаққа шақырып, құрмет көрсетіп, қалаған затын беріп риза етіп аттандыруға тиіс. Төркіндеу — әр қыздың парызы және ол бір-ақ рет төркіндеп баруға хақысы бар. Төркіндеудің халықтық, дәстұрлік маңызы зор және ол әйелдерге ғана тән ғұрып. Қазақ салты бойынша ұзатылған қыз бір жыл өткеннен кейін ғана төркініне барып қайтады. Жыл аунамай төркіндеуді жаман ырымға балайды. Ерекше өлім-жітім, той-томалақ, ас бергенде болмаса, жыл толмай төркініне бармайды. Ұзатылған қыздың жыл аунап төркіндеуінің өзіндік жолы, сыры, мәні мағынасы бар. Төркініне жалғыз күйеу баланы ғана сопитып ертіп баруды ерсі көрген. Қайта сәбиді көтеріп, төркіндесе, әдемі жарастық, жақсы жол болады. Үшеулеп келген күйеу, қыз, жиенге арнап ақ сары бас қой сойып, үлкен той жасап береді. Күйеумен қызға, балаға төс, асық жілік арнап асады. Кетерінде жиенге қырық шыбар тай (кей жерде қырық серкеш) қызына бұзаулы сиыр, күйеуге шапан жауып ат мінгізеді. Қызына әсте сыңар мал бермейді, жағдайына қарай құлынды бие, қозылы қой, боталы түйе, лақты ешкі береді. Онысы - «қуыс үйден құры шықпасын», «бала жолы - бал» десе, енді бір жағынан сыңар мал бермеуі - қызымыз сыңар қалмасын, дәні арылмасын, жан жарынан айырылмасын ылғи да жұп жүріп, ұрпақты болсын дегені. Ал жыл өтпей, уақыт жетпей төркіндетпеуі - ұзатылған қыз жат жерге бауыр бассын, үйіне қайта берсе, төсегінен суып қалмасын деп отбасына сүйспеншілігі артсын дегені. .....
Пән: қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Сабақ тақырыбы: Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу.Қайырымдылық қадірлі іс. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.3.1.1* сурет, жоспар, сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін/ көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу 3.4.1.1 дауыссыз п-б, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазу 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 3.4.1.4 х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу. Сабақ мақсаттары: Кейіпкерлердің сипаттамасын анықтайды,салыстырады , негізгі идея бойынша өз ойын дәлелдейді, мәтін құрастыра алады Кейіпкерге сипаттама беріп үйренеді. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап беруді үйренеді; х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазуды үйренеді.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Атақты тұлғалар» Сабақ тақырыбы: № 1 сабақ. Негізгі зат есім және туынды зат есім. Күй атасы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау; 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: -жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды; -сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды сын есімдерді анықтайды; -мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді. Оқушылардың көбі: -тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды; -негізгі және туынды сын есімдерді ажыратады; -жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді. Оқушылардың кейбірі: -сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады; -туынды сын есімдер жасай алады; -жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.......
Пән: Қазақ тілі Бөлім: Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар Сабақтың тақырыбы: Фастфуд тағамдары Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) Т/А6. Сөйлеу мәдениетін дамыту Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу. Сабақтың мақсаты: Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысады; Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай біледі......
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 6-сабақ Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс Сабақ мақсаты: Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Жәңгір хан және қазақ-жоңғар қарсылығы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау; 6.3.2.7 – Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау Сабақ мақсаттары: Орбұлақ шайқасын Фермопиль шайқасымен салыстыра отыра баға береді.
Ел Президентінің « «Қазақстан – 2030» бағдарламасында XXI ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да сауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздер бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі күні Есет батыр атындағы.......