Пән: Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім - аялы алтын бесігім Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі 1-сабақ Сабақ мақсаты: Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі Сабақтың тақырыбы: Жануарларды қорғау- адамзаттың парызы Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О3 Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату: Хат, хабарлама (смс), жарнама, нұсқаулық (инструкция), хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату. Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: Үндеу хат пен жарнама мәтінінің құрылымы мен рәсімделуі арқылы ажыратады. Көптеген оқушылар: Үндеу хат пен жарнама мәтінінің құрылымы мен рәсімделуі арқылы ерекшеліктерін ажыратады. Кейбір оқушылар: Үндеу хат пен жарнама мәтінінің құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады......
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Көлік және жол белгілері Сабақтың тақырыбы: Көліктердің дамуы Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О6.Оқылым стратегияларын қолдану. Оқылым стратегияларын қолдану:жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу. Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады: Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпараттарды түсінеді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген мәтіндердегі нақты ақпараттарды анықтайды. Кейбір оқушылар орындай алады: Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпараттарды талдайды, себептерін анықтайды, шешім шығарады......
Диплом жұмысының өзектілігі. Егеменді Республикамызды дамытуда бүгінгі таңда нарықтық экономика мен қоғамдағы қайта құрулар мәселесінің өзектілігі арта түсуде. Әлемдік өркениеттің тарихи даму сатысында экономиканы нарықтық басқару үлгісі мен демократия негізгі жетістікке айналды. Бүгінде қазақ қоғамы стратегиялық таңдау жасап, демократиялық реформалар мен нарықтық қайта құрулар арқылы даму жолына түсті. Алайда әлеуметтік бағдарланған экономиканы қайта құруда қоғамдық дағдарыстар мен қайшылықтардың алдын алу мәселесінің туындайтыны заңдылық. Өтпелі кезеңнің қиындықтары мен нарықтық қатынастарға өту үрдісінің заңдылықтарын игеруде өткен тарихымызға жүгінетініміз сөзсіз. Осындай мәселелердің дүниетанымдық, идеологиялық бастауларын қарастыруда Қазақстан тарихындағы «әскери коммунизм» деп аталатын кезеңнің маңызы зор. «Әскери коммунизм» саясаты қоғамдық дамуға айтарлықтай ықпал етті. Себебі сталинизм мен «әміршіл-әкімшіл жүйенің» идеялық бастаулары «әскери коммунизмнен» басталды. Қазақстандағы «соғыс коммунизмі» саясатының тарихы толықтай қайта қарауды қажет етеді. Ол үшін осы саясаттың қалыптасуының идеологиялық, әлеуметтік-мәдени және құқықтық негіздерін талдау, «соғыс коммунизм» терминінің мәнін айқындау қажет. ....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» Сабақ тақырыбы: №12 сабақ Жазғы демалыс Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: -мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді; - сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады; -мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді. Оқушылардың көбі: -мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді; - қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді; -жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді. Оқушылардың кейбірі: -мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді; - қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді -жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді......
Адамзат тарихында ірілі- уақты он бес мыңға жуық соғыстар өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құрбандықтары мен алапаттығы жөнінен ең жантүршігерлігі екінші дүниежүзілік соғыс және олардың ажырамас бөлігі болған Ұлы Отан соғысы болды. Соғыс жылдары бізден бірте-бірте алыстаған сайын оған деген көзқараста өзгеріп келеді. Қазіргі кезеңнің бір қасиеті-баяғыда аян болған жағдаяттар жайлы шындықтың жаңа Қырынан көрінуі. Бұл айтылған тұжырым 1941- 1945 ж.ж. Ұлы-Отан соғысының тарихынада тікелей әрі толығымен қатысты. Осынау қырғын тұрғысында жүздеген кітаптар мен мыңдаған мақалалар жазылғанмен, сол соғыс жайлы нағыз шындық әлі айтылған жоқ. Қазір соғыстан кейінгі он жыл ішінде ол жайлы естелік әдебиет болмағанын көз алдына елестету қиын. Бұған соғысқа қатысқандарды кінәләудің жөні жоқ, өйткені оның тарихын терең зерттеуге тек партияның XX съезінен кейін ғана мүмкіндік туды. Соғыстың сан өткелінен өткен жауынгерлер Сталиннің 1945 жылғы мамырдағы қошамет сөзін (тостын) жиі еске алады. Онда 1941-1942 жылдарда қиын-қыстау тұстарда жіберілген бір қатар қателіктерді тікелей мойындау және оларға әдейі баға беру бар, өйткені Сталин (үкімет) деген сөзді келтіргенде алдымен өзін алға тартуға әдет еткен еді. Әрине мұның бәрі жөн. Бірақ Сталин өзінің бұл сөзімен өзгелерді, олардың ішінде тарихшыларды соғыс барысына дұрыс та сыни тұрғыда баға беруге шақырған жоқ. Қайта ол ең жоғары төбе би тәрізді тарихтың осы бір кезеңіне тек өзі ғана баға беріп, алдағы уақытта бұл оқиғаға басқаша баға беру мүмкін еместігін анық аңғартқанды. Оның айтқаны өткен жайлы ашы шындықты әйгілеуге шақырғандай болғанымен, іс жүзінде бұрынғыны әрі қарай зерттеуге мүмкіндік бермей, бұл тақырыпқа соңғы нүкте қойғандай әсер қалдырғандай болатын. ....
Асептика-жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі. Бұл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар тазартушы деп аталады. Материалдар мен аспаптардағы, басқа заттардағы таңғыштың микробтарын толық жою тазартқыш деп аталады. .....