Ғылыми жұмыс (жоба): Математика | Қазақтың байырғы қара есептері

Бұл жоба қазақ халқының байырғы қара есептерін, олардың шешу жолдарын зерттеуге арналған. Қазақ халқының ауызша тараған математикалық есептері ауыз әдебиетінде де, математикада да жинақталып, бір жүйеге түсірілмеген. Бұл әлі астары ашылып, түбегейлі зерттелмеген сала. Бұл ұсынылып отырған еңбек осы бағытта жасалған алғашқы қадам деуге болады. Мұнда байырға есептерді үш топқа бөліа қарастырған. Атап айтсақ, «Алтын қазына», «Ертегілер елінде» және «Теңдеу құрып шығаруға арналған есептер». Берілген жұмыста әр бөлімге сипаттама беріліп, есептер жүйесінің шешу жолдары көрсетілген.
Бұл жұмыста оқушы қазақтың байырғы қара есептеріне және олардың шешу жолдарына тоқталған. Оқушы зерттеу жұмысын жаза отырып өзінің қазақтың байырғы өміріне аса қызығушылықпен қарайтынын, замана талқысынан өтіп, өңі өзгерген де сөлі қалған, атадан балаға мұраға қалған, жүрек қылының пернесі - ауызекі тараған математикалық есептерді жинап, оларға сипаттама берген. Қазақтың байырғы қара есептерінің әдебиетпен байланысын көрсете білген. Бұл берілген жұмысты математикадан қосымша сабақтарда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін кеңінен дамытуға қолдануға болады деген ұсыныс жасаймын......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ер еңбекте сыналады (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары
Сабақтың тақырыбы: Ер еңбекте сыналады
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.4.3.1. Сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану
8.2.5.1. Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
• Сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолданады;
• перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шежіре: Орта жүз - Арғын руы

Орта жүздің Арғын тайпасы ірі-ірі екі рулық бірлестіктен: Мейрам және Момын бірлестіктерінен тұрады. Арғын тайпасының таңбасы көз:
Шежіре: Орта жүз - Арғын руы

ұраны «Ақжол».
Жалпы, осы кітапта шежіре-кестелердің бір-бір нұсқасы, үлгісі ғана келтіріліп отыр. Сондықтан да шежіре-кестелерді ақиқат үлгі деп қабылдамай, оларды көп үлгінің бірі ретінде салыстыру қажет.
Шәкерім Құдайбердіұлының халық аңыздары мен қазақ шежіресіне негізделген дастандарынан жоңғар шапқыпшылығы кезіндегі қазақ тайпаларының көшу жолдарын біршама аңғаруға болады.
Қалқаман мен Мамырдың махаббаты туралы қайғылы хикаясын Ш. Құдайбердіұлы қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі жағдайында өрбітіп, халықтың жадында қалған адамдардың есімдерін....
KZ
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиеті | Қазақ аңыз әңгімелеріндегі Абылай хан бейнесі

“Қазақ аңыз әңгімелеріндегі Абылай хан бейнесі” тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты - биыл туылғанына 300 жыл толған қазақ тарихында өшпес орны бар Абылай бейнесіне қатысты аңыз бен ақиқат мәселесін зерделеу, идеалды билеушінің бейнесін жасаған қазақ аңыздарындағы Абылай ханның ерекше қасиеттерін ашу. Зерттеу жұмысында маңызды оқиғалар мен көрнекті тұлғаларға берген халықтың бағасын, қарым - қатынасын көрсетуде аңыз әңгімелердің орны ерекше екендігі айтыла келе, Абылай туралы аңыздар мен қазақ фольклорында жиі кездесетін тұрақты мотивтер талданған. Қазақ аңыздарындағы Абылай ханға берген халықтың бағасын көрсету үшін Абылай хан туралы аңыздарды жинақтай отырып, Абылай бейнесі, оның мінез қырлары жан - жақты ашылған. Атақты ханның бейнесі елдің рухында азаттықтың рәмізіндей болып сақталып, бүгінгі күнге дейін жетуі Абылайдың тектілігінен, елді жаудан қорғаған батыр, дарынды қолбасшы, халқын даналық істермен басқарған билеуші болғандығынан екендігі көрсетілген. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 2- сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: 2- сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мәтіннен тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің тақырыбын қоя алады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың көбі:
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің тақырыбын табады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі қарқынмен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
- мәтіннің тақырыбын табады, өз бетінше негізгі ойды анықтай алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу,үзбей және біркелкі шапшаң жазады;..
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Баяндама: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың өз бетімен білім алу қабілеттерін дамыту

Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяхат (1 сынып, 5 бөлім )

Пән:қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Саяхат
Сабақ тақырыбы:Саяхат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
Сабақ мақсаты: 1.2.2.1 сурет/үлгі бойынша 1-2 сөйлемнен тұратын сөздерді және сөйлемдерді айта алады.
1.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төрт мезгіл туралы оқу (3-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы:Төрт мезгіл туралы оқу (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.3.1 тыңдаған хабарлама (ұзақтығы 1 – 1,5 минуттан артық емес) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/ сюжетті суреттер/ сызбалар таңдау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап береді және оған сәйкес суретті таңдайды.
Көптеген оқушылар: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және оған сәйкес суретті таңдайды.
Кейбір оқушылар: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға еркін, толық жауап береді және оған сәйкес суретті таңдайды....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан республикасы аграрлық секторының даму мәселелері және шешу жолдары

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы ерекше маңызды сала болғандықтан аграрлық салаға байланысты мәселе мемлекет саясатының стратегиялық маңызы бар бағыты болып табылады. Мемлекеттің аграрлық саясаты біріншіден республиканың байырғы тұрғындары – қазақ халқының тағдырына, өсіп - өркендеу және әлемдік өркениетке қосылу мәселелеріне қатысты шешуші роль атқарады. Мемлекет жергілікті халықтың әлеуметтік экономикалық даму деңгейін қамтамасыз ету үшін, оның дәстүрлі, қалыптасқан ата кәсібі – мал және егін шаруашылықтарын, жалпы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға экономиканың басқа салаларына қарағанда артықшылық беруі қажет. Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді.
Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық-әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршамызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздің қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады.
Елбасының 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағытты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында Үкіметке мал шаруашылығының басқа салаларын, оның ішінде қой шаруашылығын, сондай-ақ жемазық өндірісі мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаларды жасауды қамтамасыз етуді тапсырған болатын [1].
Ауыл шаруашылығындағы экономиканың қалыптасуы, агрокәсіпкерлік құрылымдарды қалыптастырып дамыту аз уақыт ішінде өзінің нәтижелерін беретіні, нарықтық жағдайға сай құрылған агроқұрылымдар өндірістік тиімділікті арттыру барысында құлдырап кеткен ауыл шаруашылығының экономикасын жақсаруына, аграрлық саладағы кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын және орта бизнестік субъектілердің ұлғая бастағаны мысал бола алады. Ауылдық жерді дамыту тек қана ауыл шаруашылығын дамытуды емес, одан әлдеқайда кең ұғымды, яғни ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуын көздейді. Ауылдың тұрмыс жағдайын жақсарту олардың мықты өндірістік және әлеуметтік сала мен қоршаған ортадағы жетістіктерін жақсарту арқылы мүмкін болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0