Тақпақ: Көктем

Көктем келді,күн шығып,
Айлар,күндер тұр күліп.
Тура анам секілді,
Мейрімді боп тұр күліп.
Тақпақтар
Толық
0 0

Баяндама: Әке мен ананың орны адам өмірінде ерекше емес пе?!

Әйел затының сұлулығы, әдептілігі, ер азматтың қажыр-қайраты, намыс жігері т.б қасиеттер бала бойына берілетін ең асыл қасиеттер екендігі бәрімізге белгілі. Ендеше осындай ардақты ата-аналарымызды сыйлап, қастерлеп жүргеніміздің ешқандай айыбы жоқ.
«Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі», «Ана- бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан», «Балаға сіңірген ата-ананың еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол - өле-өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Әңгіме: Шөмішбай Сариев | ХХ ғасырдың 60 70 жылдардағы қазақ лирикасының көркемдік ізденістері


1960-70 жылдар – Қазақтың қазіргі заман поэзиясына жаңа есімдерді алып келумен қатар, рухани және әлеуметтік өміріміздің, қоғамымыздың кезеңге лайық шындығын ашуда, поэтикалық формалар /түрді/ мен образды, бейнелеу құралдарын барынша терең тамырлы дамытуда, қазақ әдебиеті үшін жаңа бір күрделі кезең болды. Позиядағы айтарлықтай жаңа бір құбылысқа айналды. Ұлы М.Әуезов сөзімен айтқанда жыл келгендей жаңалық сездіре келген Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Қ.Мырзалиев, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, М.Шаханов, т.б. ақындар әдебиет есігін өзіндік үнімен, өзіне лайық даусымен батыл еніп, еркін ашты.

Бұл арада 70 жылдан астам уақыт өз өктемдігін жүргізіп келген Кеңестік жүйенің әдебиетіміздің өсу процесіне кері ықпал тигізген әсерін айтып өтпеуге болмайды:

Біріншіден, бес ғасырлық ғұмыры бар қазақ әдебиетінің алтын қоры, бай қазынасы – фольклордың, ауыз әдебиетінің дәстүрі жалғасын таппай дағдарысқа ұшырады.

Екіншіден, Қазан төңкерісінен кейін, көп ұзамай: «Революцияны жақтайсың ба, жоқ оған қарсысың ба?» деген жалауды көтеріп, оған нақты жауап іздеді де, идеялық мазмұнына, әрі шығармашылығына қарай төрт топқа бөлінді.

Біріншісі – Кеңес үкіметіне сеніп, қолына қалам да, қару да алып күрескен Сәкен Сейфуллин, Баймағанбет Ізтөлин т.б. ақындар тобы. Екіншісі – бұл дүниенің болашағына барлай қарап, баянына үлкен ой көзімен қараған Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов т.б. ақындардың жұлдызды шоғыры. Үшіншісі – әдебиетке демократтық бағыт ұстаған нағыз бұқарашыл ақындар – Сәбит Дөнентаев, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров. Төртіншісі – еңбекші бұқара, халық арасынан шыққан ел ақындары – Жамбыл Жабаев, Иса Байзақов, Нұрпейіс Байғанин, Нартай Бекежанов т.б. тегеурінді талант иелері. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстазым

Қолыма қалам ұстатып,
Білім берген ұстазым.
А мен Б-ны үйретіп,
Сусындатқан ұстазым.

2-ден, 1-ді айырып,
Есептеткен ұстазым.
Алғыс айтам шексіз мен,
Алғашқы асыл ұстазым.
Тақпақтар
Толық
0 0

Баяндама: Тілді мәтін арқылы меңгерту

Тіл мен сананың, сөйлеу мен ойлаудың бірлігі әр адамның
жеке басы қасиеті мен қабілетінің даралығын танытатын белгі екені
мәлім. Лингвистер тілді өз алдына жеке емес, керісінше адам
әрекетінің бір түрі ретінде қарастырады. «Тіл – тұйықталған
әрекет актісі және оның.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин. «Дүние қалай етсең табылады?»
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы
Сабақтың мақсаты: Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Біз – қазақпыз, биікпіз, байтақ елміз

Қаншама ауыр кезеңдерді бастан өткерген Қазақ елінің тарихы тереңде жатыр... Алғаш Қазақ хандығының құрылуына ұйытқы болған Керей мен Жәнібек бабаларымыз екені бәрімізге аян. Шу мен Таласқа дейінгі алқапты иелік етіп, Қозыбасыда ту тігіп, ең алғаш ханымызды да сол жерде ақ киізге отырғыздық. Жауларымыз сескенетіндей ел болдық. Кейін Әбілқайыр ханның бастауымен Ресей боданына айналдық.......
Шығармалар
Толық
0 0