Жұмбақтар жауабымен: Кәсіп, мамандық

Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін?
Тігінші

Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес, бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол.
Аспаз
Жұмбақтар жауабымен
Толық
210 -122

Қазақша өмірбаян: Абылай хан (1711—1781)

Абылай (Әбілмансұр) хан — (1711—1781) билік құрған. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы, Рахметтің досы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке....
Өмірбаян / Биография
Толық
120,5 -70,5

Қазақша Тәрбие сағат: «Қазақстан - 2050» стратегиясы (Бір халық – бір ел – бір тағдыр)

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.
Тәрбие сағаттар
Толық
54 -29

Қазақша ертегі: Бір жарым дос

Хан баласына қазына береді. Өзіңе дос жи дейді. Баласы 100 дос тауып келдім дейді. Қырық жыл хан болып, менде бір жарым ғана дос бар. Сен қалай бір жолғы сапарда 100 дос таптың дейді әкесі.
Сөйтіп бір жарым достың тарихын айтады. Оның бір досы - бай, жарты досы - кедей екен. Хан сол екі досын сынамақ болады. Мен үшін жаныңды қи, сонда мен тірі қаламын,-дейді хан бүтін досына ауырып жатқан болып. Ол жанымды....
Ертегілер
Толық
27,5 -14,5

Абай Құнанбаевтың Қара сөздері (7)

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе........


KZ
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Таза мінсіз асыл сөз

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына.
Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман.....
Шығармалар
Толық
167,5 -91,5

Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Төрт ана + видео)

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы.....
Өлеңдер
Толық
50,5 -30,5

Қазақша өмірбаян: Төлеген Айбергенов (1937-1967)


Дүниеге өзінің аппақ, тап-таза пейілімен келіп, сол көңілмен кеткен сағыныштың ақыны Төлеген Айбергенов 3 наурызда Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туған. Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1959). 1959-1962 жж. Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалім, 1962-1965 жж. Шымкент облысының Сарыағаш....
Өмірбаян / Биография
Толық
65,5 -34,5