КІРІСПЕ Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің даму жайы барша қауымның, елдің барлық топтарының назарында тұрған аса өзекті мәселе, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі дәрежесі Қазақстан Республикасы Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңында көрсетіліп, оны меңгеру аталған Заңда «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» болып анықталған. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін күшейту мақсатында елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және жүріп жатқан күрделі жаңғыру үдеріісі жағдайында қыруар жұмыстар атқарылуда. Қазақстан көпұлтты мемлекет екенін ескерсек, азаматтардың қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде жүйелі меңгеруі үшін тілді тек қана жүйелі оқытулар мен сол оқытулар нәтижелерін, әділ бағалау жүмыстарын жүргізілуде. әрбір зайырлы елде мемлекеттік тіл деген елдегі барлық азаматтар пайдаланылатын коммуникативтік жүйесінің тілі болып табылады. Демек, Қазақстан халқы үшін маңызды мәселелердің бірі – қазақ тілін жүйелі меңгеру. Әлемде азаматтардың тілдік коммуникативтік құзыреттілігін нығайту мақсатында тілді меңгерудің әртүрлі мүмкіндіктері мен жолдары қарастырылып, тіл үйрету, оқыту мәселелері шешімдерін тапқан. Осы орайда Қазақстанда мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтып, қолданыс аясын кеңейтуде бірқатар қазақ тілін үйрету құралдары, оқу әдістемелік кешендері, оқыту немесе тіл үйрету курстары өз жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі Қазақстан – полиэтникалық көптілді, мультитәдениетті мемлекет. Қазіргі Қазақстанда этнотілдік ландшафт 2 жақты болып келеді: біріншіден, мемлекет көптілділікпен ерекшеленсе, екінші жағынан қазақ тілі мен орыс тілі жетекшілік орын алып отыр. Қазақ және орыс тілдері – дүние жүзінің 4% сойлей алатын тілдерге жатады. Сонымен қатар, елімізде екінші тілі орыс тілі билингвтер саны күннен күнге ұлғаюда. Қазіргі таңда қазақ тілін басқа ұлттарға үйрету лингвистика ғылымының мойнына жүктелген. Лингвистика бұл мәселеге байланысты көптеген игі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бүгінде қазақ тілін екінші тіл ретінде таңдап жүрген халықтардың көп пайызын орыстар құрайды. Лингвистика бір индивидтің немесе одан да көп тілдерде сөйлеуін психологиялық құбылыс тұрғысынан зерттейді.....
Одаренные дети – существенный резерв и интеллектуальный потенциал Республики Казахстан. Уже в начальной школе можно встретить таких учеников, которых не удовлетворяет работа со школьным учебником, им неинтересна работа на уроке, они читают словари и специальную литературу, ищут ответы на свои вопросы в различных областях знаний. Поэтому так важно именно.......