Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болған. Бурабай көлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Көл – теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте. Қыратта, тектоникалық ойыста, табиғи тұрғыда пайда болған бұл көлдің ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км. Едәуір терең – орташа алғанда 4,5 метрден, ең тереңі – 7 метрге дейін барады. Суы таза, тұщы, жұмсақ, тұнықтығы сондай – түбі және ондағы жәндіктер анық көрінеді. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан балықтар өседі.
Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі – Шортанды, Үлкен шабақты, Кіші шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес.....
Бала, бала балақан, Кәне, қайсы алақан. Саусақтарын әйбат, Былай-былай ойнат. Топ-топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн
Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді....
Мақсаты: Аты аңызға айналған Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру, ерлікке толы өмірін үлгі ету. Кештің құрал-жабдықтары: Бауыржан өмірі жайлы слайд, банер, Батыр туралы кітаптар көрмесі.
Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске түсіруге арналған 1 минуттық үнсіздік.
Сахнаға екі жүргізуші шығады. 1-жүргізуші: Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен-1945 жылғы 9мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара тенге айналдырмақ болды.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
Тәрбие сағаттақырыбы: «Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?» Тәрбие сағат мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету. Тәрбие сағат міндеттері: Білімділік: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.
Көктем – жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең. Күнтізбелік, яғни астрономиялық көктемкүн мен түннің теңесуінен басталады. Күн мен түн уақыттарының теңесуі көбінесе наурыздың 20-сына келеді. Қазақ халқының дәстүрлі күнтізбесі бойынша жыл басы....