Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық экологиялық құқық

КІРІСПЕ
Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттан тыс, оның ресурстарын қолданбай, өмір сүру мүмеін емес.
Табиғат әрқашан адам өмірінің негізгі қайнар көзі бола отырып, физикалық өмір сүруіне және ойдың мүддесіне, өнегелігіне, әлеуметтік және рухани дамуына мүмкіндік жасап отырады.
Көптеген жылдар бойы адам табиғатты бағындыруға және оған үстемділік етуге тырыса отырып, азаматтың өзі кенеттен экологиялық апаттың шегінде тұр. Осы драматикалық жағдай, яғни, қоршаған ортамен бірге табиғаттың адам қатынасына, өзгеруіне біздің буын куәгер болып отыр.
Жер бетіндегі халықтың елді мекеннің қарқынды өсуі, сол сияқты ғылыми – техникалық дамуы адамның қоршаған ортаға деген мүмкіндігінің нығайуына әсер етіп отыр.
Адам жеңіп алған құқықтарын жақын болашаққа пайдалана алмауына нақты қауіп туғызып отыр.
Міне, осы себептен де жеке құқық құрамында қазір оған қауіп туғызбайтын өмір сүру құқығы қоршаған орта және еңбек шарты бірінші орынға жылжуда. Қазақстан Республикасы Конституциясының 31 бабында көрсетілгендей, мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.
Бүгінгі күні қолайлы қоршаған ортада адамның өмір сүру құқығын халықаралықсыз шешу мүмкін емес.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқық | Мектепте құқықтық тәрбие беру

Еліміздің төл Конституциясында Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет деп жарияланғаны баршамызға белгілі. Құқықтық мемлекет құрудағы талпыныс жас жеткіншектерден басталады, себебі болашақ қоғам солардың қолында. «Жаңа ғасырға» қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болуы керек. Әрбір адамның өзі үшін жауапкершілігі жаратушының алдындағы жауапкершілікпен бірдей екені сөзсіз.
Қазіргі «Білім туралы» Заңның талаптарын орындау әлі де сан қырлы экономикалық – материалдық, ұйымдық, кадр, құқықтық – нормативтік шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Солардың ішіндегі маңыздысы жастарға құқықтық білім беру, құқықтық тәрбиелеу.
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өмірдің тиімді жолдарын өз бетімен шешуге үйренуіне, қолайсыз көріністерге бой алдырмауға жетелейді.
Құқықтық білім берудің міндеті – барлық іске жауапкершілікпен қарайтын, өз құқығын жете меңгерген, заңдарды ұғынып қана емес, сонымен бірге силай білетін, құқықтық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті маман даярлап шығару.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ

Азаматтық қоғамның орнығуының басты шарттарының бірі-мемлекеттің құқықтық сипат алып, әлеуметтік мазмұнға ие болуы.
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ - құқықтық үстемдігімен, заңның жоғары құдіретімен, барлық азаматтардың құқығы мен бостандығын мойындап құрметтеумен, оған мемлекет тарапынан кепілдік берумен сипатталады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері мыналар:
1. Қоғамда құқықтың үстемдігі, оның мемлекеттен де биіктігі. Құқық-қоғам өмірінің түп негізі, анықтаушысы. Ол мемлекет конституциясында бекітіледі де, басқа барлық заңдар мен нормалардың, жарлықтардың өзегіне айналады.
2. Мемлекет, оның органдары, лауазымды қызметтегі адамдар, түрлі ұйымдар және барлық азаматтар тегістей заңға бас иеді, заңға бағынады. Заң алдында барлығы да жауапты, барлығы да бірдей. Заңды сыйламайтын ел-берекесіз ел. Сүлеймен пайғамбар аитыпты деген мынадай сөз бар: «Заңға бағынбайтын елде бастық көп болады». Әрине, құқықтық мемлекеттегі кез келген заң-өмір шындығымен қабысып жатқан, іске асыру, орындау тетіктері анық нақтыланған әділ де ізгілікті, көпшілік қауымның көңілінен шығып, қолдау табатындай, оның өмір-тіршілігін, түпкілікті мүддесін бейнелейтіндей сапалы болуға тиіс. Әйтпесе заңнан әрі бедел кетеді, әрі орындалмай қағаз бетінде қалады, содан келіп берекесіздікке жол ашылады.
3. Құқықтық мемлекет жағдайында адамның құқығы мен ар-ожданы құрметтеледі, мемлекет тарапынан қорғалып, кепілдік беріледі. 1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған бүкіл дүниежүзілік мәні бар «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» деп аталатын құжатта былай деп жазылған: «Барлық адамдар жаратылысында азат, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Олардың басында-ақыл, бойында-ар болғандықтан бір-біріне туысқандық ықыласы болуға тиіс» (1-бап). Одан әрі: «Әрбір адам өмір сүруге, еркін болуға және жеке басына ешкімнің қол сұқпауына құқылы»,-деп (3-бап) атап көрсетілген. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Алаяқтықтың қылмыстық құқықтық сипаттамасы

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, осы тәуелсіздіктің алуына куә болған азаматтар өмірінде көптеген өзгерістер болды. Өмір, идеялар, құндылықтар, формация – барлығы аяқ астынан аударылып түсті. Жеке меншік, азаматтық қоғам, жеке кәсіпкерлікті реттейтін азаматтық құқық “басын көтеріп”, терең тыныс алуға мүмкіншілік алды.
Қылмыстық құқықта да қылмыстық заң қорғайтын құндылықтардың жаңа иерархиясы бекітілді. Ол иерархия адамның ажырамас табиғи құқықтары мен бостандықтарына негізделген болатын .
Нарықтық экономикалық қатынастарға өту жағдайларында, меншіктің жаңа түрлері пайда болу кезеңінде, меншіктің барлық нысандарын берік қорғауға қажеттілік туындады. Бұл міндет, әрине, жас мемлекетімізге жүктелді.
1997 ж. Қазақстан Республикасында Қылмыстық Кодексті қабылдау - әлеуметтік және саяси салалардағы ірі өзгертулердің объективтік қажеттілігі болды. Бұл, әсіресе, еліміздің Конституциясын қабылдаумен байланысты болды. Себебі, Конституция мемлекетіміздің қағидаларын, құндылықтарын, бағыттарын анықтап бекітті. Жаңа кодексті қабылдау қылмыстық құқық ғылымы алдына, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстарға байланысты және сот-тергеу тәжірибесінде қолданылатын заңнамалық новеллаларды зерттеу бойынша міндет қойды.
Еліміздегі салыстырмалы тұрақсыздық және меншікке қарсы қылмыстардың кең таралуы – олармен күресудің қылмыстық-құқықтық әдістерін тұрақты түрде жетілдіруді қажет етеді. Ең алдымен қылмыстық заңнамадағы “ақ дақтарға” көңіл бөлу керек. Себебі, егер қылмыстық жауаптылық тек қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттер үшін туындайтынын ескерсек, онда бірқатар әрекеттер тиісті жазалаусыз қалатынына қауіп бар. Сондай-ақ осы “ақ дақтардың” болуы салдарынан, бір әрекетті өзге қылмыс құрамымен саралау жағдайлары болуда.
Сол сияқты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын жетілдіру қажет екендігі рас. Себебі, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары Қазақстан Республикасындағы қолданылатын құқыққа жатады.
Заң ғылымының әдебиеттерінде, ғалымдар меншікке қарсы қылмыстардың ішінен “алаяқтық” қылмысын ерекше атап өтеді.
Алаяқтықтың қоғамдық қауіптілігі – бұл алдау немесе сенімге қиянат жасау нәтижесінде азаматтарға, ұйымдарға, мемлекетке зиян келтірілуінде.
Алаяқтық қылмысы мүліктік қылмыстар арасындағы салыстырмалы түрде аз тараған, 5,5% қана, бірақ оның үлесі күннен күнге өсуде....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқық | Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстар

Құқықтық мемлекетті құру және қоғамдық өмірдің демократиялық бастамаларының дамуы жалпы адамзаттық басымдылықты болжайды, бәрінен бұрын, жеке адамның өмірі, денсаулығы, бостандығы, қадір-қасиеті, құқықтары және мүдделері.
Біздің еліміздің Конституциясының 1-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, денсаулығы, құқықтары мен бостандықтары». Осыған байланысты, адам құқықтары мемлекет тарапынан сенімді қорғалуы тиіс. Сондықтан, қоғамда түбегейлі өзгерістер болғанда оның бірінші іс-әрекеті – адамның құқықтары, бәрінен бұрын оның өмірге және бостандыққа құқығын қорғайтын шешімдер қабылдауы кездейсоқ емес.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқықтың түсінігі | Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы

КІРІСПЕ
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекет және құқық | Ұлттық құқықтық мәдениеттің қалыптасуы

Кіріспе
Мәдениет-адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы . Қоғамның мәдениеті бірнеше түрге бөлінеді: саяси , экономикалық, әлеуметтік,парасаттылық, инабаттылық, экологиялық құқықтық т.б. мәдениет жүйе салалары. Олар бір-бірімен тығыз байланыста қоғамның экономикалық саяси,әлеуметтік дамуына сәйкес дамиды. Сонымен қатар олар қоғамның әр саласындағы қарым-қатынастарды реттеп,басқарып отырады.Мәдениет салаларының арақатынасы бірлестікте және дербестікте дамып, қоғамның экономикасын,әлеуметтік жағдайын жақсартып,нығайтып отырады.
Жақсы дамыған экономика мәдениеттің жан-жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды. Мәдениеттің жақсы дамуына мемлекеттпен бірге бірлестіктер,одақтар, ұжымдар зор үлес қосады. Жоғары деңгейі мәдениетке жол ашады.
Сонымен, қоғамның парасаттылық, инабаттылық,тәрбиелік т.б. деңгейі мәдениеттің деңгейімен айқындалады.Ал мәдениеттің деңгейі қоғамның экономикасының, саяси-әлеуметтік деңгейіне байланысты.
Қоғамда бұл екі жақтық байланыс бір елдің, бір мемлекеттің шеңберінде ғана болады. Мәдениеттің дамуына сыртқы қолайлы жағдай зор әсер етеді. Мысалы,дамыған елдердің мәдениеті артта қалған елдерге үлгі болып,оладың рухани байлығын, сана-сезімін көтеріп,мәдениетін дамытады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекет және құқық | Құқықтық мемлекет

Кіріспе
Қазақстандық жалпыұлттық идеяның негізгі астарында «Қазақстан кімнің мемлекеті: қазақтардың ба әлде қазақстандықтардың ба?» деген сауал тұр. Жауап: Қазақстан – елді мекендегі барша ұлтар мен ұлыстардың, этникалық-әлеуметтің топтардың Отаны. Этникалық тұрғыда жер қазақ халқының жері болғанымен, мазмұны жағынан демократиялық-құқықты, азаматтық қоғамды құруға бағыт алып отырған Отанымыз көп ұлтты. Қай ұлт өкілі болмасын, олар – Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматы, қазақстандық. Бұл кез келген дамыған демократиялық әлемдік мемлекеттерге тән қасиет. Франция – франциялықтардың, АҚШ – американдықтардың Отаны.
Азаматтық қоғамның, құқықты мемлекетің қайнар көзінде де осы қасиет жатыр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқықтану | АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заңшығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды.
Қылмыстық істі шешу, яғни, айыптау үкімін шығару барысында қылмыстылықты және қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінәлілігін немесе ақтау барысында оның кінәсіздігін анықтау тек бірінші сатыдағы соттың міндетіне жүктелген. Сот істі қарап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Бұл жерде, ең бастысы іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың, сондай-ақ сотталушы жасаған іс-әрекеттің қылмыстылығын және жаза колдану дәрежесін анықтайтын заңдардың еш бұрмаланбай, катаң сақталғаны жөн. Осы талаптарға ақтау үкімін шығару, сол сияқты істі қысқарту жағдайлары да бағынады.
Айыптау немесе ақтау үкімі, яки істі қысқарту жөніндегі қаулы — бұл соттың каралған дауға байланысты жасаған қорытындысы. Ол әрдайым тараптардың мүддесіне, ал, кейде тіпті екі жақтың да мүддесіне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өкінішке орай, сот практикасында істі қарау және шешім қабылдау барысында заң ережелерінің бұзылуына жол берілуде. Міне, осынау қүкық бүзушылықтар мен кемшіліктерді жойып, кылмыстық іс жургізудегі әділеттілікті қамтамасыз ету апелляциялык сот өндірісіне жүктеліп отыр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ТЕТІГІНІҢ ҰҒЫМЫ

Қоғамдық қатынастар өзінен-өзі тәртіп, заңдылық шеңберінде, құлықтылық және гуманистік талаптар негізінде біржүйелік мағанадағы азамат құндылықтары аясында реттелмейді. Қоғамдық қатынастардың өмір сүру формалары индивидтердің сан-қырлы әрекеттері қалыптастыратын қарама-қайшылықтар мен күрделі шиеленістен, мүдде қақтығыстарынан тұрады. Мұндай процестерді бір жүйелі тәртіпке келтіру, индивидтердің мінез-құлықтарына реттік сипат беру көптеген әлеуметтік нормалармен іс жүзіне асырылады, реттеледі. Атап айтқанда діни, әдет-ғұрып, дәстүрлік сияқты нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде үлкен рөл атқарады. Бірақ, жеке адамдардың саналық, тәрбиелік, генетикалық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты олардың бәрінен бір мағанадағы, талаптағы мінез-құлықты талап ету мүмкін емес. Әртүрліліктің өзі қоғамдық қатынастарды дамытудың, жетілдірудің айқын көрінісі.
Осыған орай қоғамдық қатынастарды тиімді реттеу әлеуметтік нормалардың сапынан ерекше орын алатын құқық нормаларына жүктелген. Біріншіден, құқық нормалары қоғамдық қатынастардың барлық салаларына өзінің реттеу функциясымен әсер етеді. Екіншіден, құқық нормалары реттеу қызметін қажет болған жағдайда мемлекеттің күш қолдану арқылы, мәжбүрлеу тетігін пайдаланады. Үшіншіден, құқық нормалар реттеу, қолдану барысында индивидтердің қол сұғылған мүдделерін, бұзылған құқықтары мен бостандықтарын орнына келтіреді. Ал, басқа әлеуметтік нормалар ондай сипаттардан ада. Сондықтан да құқықтық реттеудің мәні де, мазмұны да, шеңбері де өте зор, мемлекеттің тиімді билік жүргізуінің кепілі. Қоғамдық қатынастар тиімді реттелген болса құқықтық шиеленістер тежеледі, биліктің беделі артады, әділеттілік идеясының салтанат құруы халық санасына біртіндеп ұялайды. Міне, сондықтанда құқықтық реттеу тетіктерін танып білу, оларды жан-жақты зерттеу және жетілдірудің жаңа идеясын ұсыну, құқықтық тәжірибеге енгізу бүгінгі күн мұраты.
Құқықтық реттеу тетігі деп құқық нормалары реттейтін қоғамдық қатынастардың құқықтық құралдар арқылы жүйелі, тиімді және нәтижелі тәртіптелуін айтады.....
Рефераттар
Толық
0 0