Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлемдік экономиканың өнеркәсіптік өндіріс және қызмет көрсету салаларының қазіргі технологиялық өзгерістерге негізделген даму үрдістері уақыт талабынан туындайды. Экономикалық өсудің дәстүрлі бағыттарының мүмкіндіктері қанат жая бастаған шақта жаңа үрдістердің, инновациялық үдерістер жүйесінің басымдығы айқындалып отыр. Мұның өзі ХХІ ғасырдағы экономикалық өсу тағдыры ғылыми сана, инновациялық процестер, жаңа технологиялар, өнімдер мен қызмет көрсетулер үлесінде екендігін білдірсе керек. Инновациялық бағдар тек қана бүгінгі күннің емес, сонымен бірге кез келген сферадағы адамзат іс-әрекетінің болашағын да көрсетеді. Осы орайда экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инновациялық фактордың маңыздылығын, негізгі мәселелерін, болашағын зерттеу қажеттілігі туындайды. Дипломдық жұмыста ұлттық экономиканы инновациялық даму жолына бағыттау мәселелерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан қарастыруға талпыныс жасалды.....
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды,оның құқықтары мен бостандықтарын,қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдыққатынастарды реттейі.Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Біріншіден қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады.Бұл қатынас қылмыстың істелуіне байланысты қылмыс жасаған Адам мен мемлекет арасында пайда болады. Екіншіден қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі . ....
Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады. Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін «жауапкершілік» түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан. Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады. Азаматтық-құқықтық белсенділік қалыптастыруда мүліктік жауапкершілік иеленуші роль атқарады. Бұл туралы Азаматтық кодекстің екінші бөлімі «ерекше бөлімінде» жан- жақты қамтылған. Осы тұрғыдан алып салыстырғанда, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің, соның ішінде әсіресе, мүліктің төлем мақсаты бар мүліктік жауаптылықтың тәрбиелік функциясы айырықша мәнге ие.....
Кіріспе Талап өндірісінің құқығы және әр түрлі ұғымдар. Талап өндірісі туралы айтылғанда еңбек өнімдерінің тиісті нысандарын иеленумен шарттастықтағы өндіріс құрал-жабдықтары мен өнімдеріне иелік жасау жөніндегі белгілі бір қоғамдық қатынастар туралы сөз болады. Талап – қоғам өмірінің шарты. Талап өндірісінің сипатындағы экономикалық санат болса, ал меншік құқығы қондырмалық тәртіптегі ұғым болып табылады. Талап өндірісі объективті және субъективті мағынада түсініледі. Объективті мағына бойынша талап құқығы өндіріс құрал-жабдықтары мен өнімдерін иелену, пайдалану және оларға билік ету қатынастарын дәйектейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Талап өндірісіне субъективті мағынасында – белгілі бір адамның нақты мүлікке қатысты құқығы болып табылады. Талап өндірісінің иесіне мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтары тиеселі. Бұл құқықтар, дәлірек айтқанда, меншік иесінің құқық өкілеттілігінің яғни адамдағы талап өндірісінің мазмұнын құрайды. ....
КІРІСПЕ Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек бөлісіне қатыса бастады. Он бір жыл ішінде елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер болды. Осы жаңалықтардың негізі материалдық өндірістің, бұрынғы экономикалық қатынастардың орнына жаңа қатынастардың пайда болуы. Социалистік деп аталған мемлекеттік және кооперативтік меншіктің орынына көп түрлі меншік формаларының келуі, оның ішінде жеке меншік түрлерінің пайда болуы. Меншіктің жекешелендірілуі, мемлекет иелігінен алынуы әкімшілік жүйенің құлауына жол ашты. Бірақ шаруашылықты тиімді ұйымдастырушы, ортақолды меншік иелерін қалыптастыру оңай жүргізілетін шаруа емес. Оның басты себебі совет елінде 70 жылдан астам мемлекетке қызмет атқарған адамдар психологияс жеке адамдарды кәсіпкерліктен алшақтатты, шынын айтқанда кәсіпкерлік теорияс болған жоқ, керісінше бұл қызметті мемлекет басқару органдары атқарады деген пікір қалыптасты. Совет экономикасы пролетарлық саяси экономия догмасына сәйкес бір орталықтан басқарылатын күрделі фабрика ретінде қаралды. Оның үстіне кәсіпкерлер - қанаушы тап капиталистер деген ұғым халық санасына молынан енді. Кейбір ынталы, жігерлі, өз бетімен еңбекке, кәсіпкерлікке талпынушы адамдар алдында заң жүзінде кедергі қойылып, олар жазаға тартылған жағдайлар да кездескен. Бүкіл Совет Одағына аты шыққан қазақстандық шаруа Худенко А.В. мердігерлік егіншілік бригадасын құрған үшін жауапқа тартылып мезгілсіз, жазықсызда дүние салды. Әлемдік тәжірибе мен ғылымда кәсіпкерлік теориясы кең қолданылды да индустриясы дамыған елдер экономикасында айтарлықтай жетістіктер болғаны жұртқа мәлім. Теориядағы сыңаржақтық, я болмаса тура бұрмалаушылық экономикаға орасан зор кедергі келтіреді, қоғам мүшелерінің әл-ауқатын, мәдени дәрежесін төмендетері сөзсіз. Осыған орай, теориядағы догмалардың кесірі ұзақ жылдар бойы бүкіл совет халқының, оның ішінде қазақстандықтардың материалдық жағдайына қолайсыз болғаны белгілі. Трансформациялық экономика жағдайында шаруашылықты ілгері дамыту үшін кәсіпкерліктің бастапқы нысандарын қалыптастыру үлкен мәнге ие болды. Себебі, ұдайы өндіріс тұрғысында кәсіпкерлік құрылымдар ғана экономикалық жүйелерді бір-бірінен айырма алады. Осыған байланысты, нарықтық принциптерге негізделген кәсіпкерлік сектордың жүйелі факторлары маңыздылыққа ие болады. Методологиялық тұрғыдан нарықтық сектор кезеңі фирманың өндірістік, қаржылық және ақпараттық жүйесін қайта бағыттау мен кәсіпкерліктің қазіргі заманғы институционалдық құрылымын қалыптастыруды анықтайды. Әдістемелік тұрғыдан қазіргі заманғы кәсіпкерлік табиғатына ішкі және сыртқы ынталылықты, жоғары табысты әрекетке деген ынталылықты жүзеге асырудың мінез-құлықтық құралдары енеді. Кәсіпкерлік нысандар көшпелі жағдайда ұдайы өндірістік қатынастарды келесідей жүйелі нәтижелерге әкелетіндей реформалау тұрғысынан қарағанда іс жүзінде шешуші рөл атқарады. Трансформациялық жағдайда кәсіпкерліктің түрлері туралы мәселе Ұдайы өндірістік реформалау тұрғысынан маңыздылықты иеленеді. Кәсіпкерліктің өзі нақты нысандарда жүзеге асырылады, солардың ішінде ең пәрменділері - корпорациялар (ірі бизнес деңгейінде), лизинг, франчайзинг, венчурлық бизнес кәсіпкерліктің орта және шағын деңгейлерінде болып табылады. Акционерлік қатынастарды дамыту нәтижесі ретіндегі корпорациялау нақты өндірістік сектор мен қатар қаржылық сектордың белсенділігін арттырады. Бұл өндіріс сатысында (комбинаттар, трестер) және айналыс деңгейінде (банкілік консорциумдар, брокерлік ассоциациялар) бірлескен нысандардың пайда болуына әкеледі. Осының салдары қорпоративтік құрылымдардың (ҚӨТ, ТҰК) қалыптасуы болып табылады. Бұл өз кезегінде солардың тиімділігінің қосымша талдауын талап етеді. Сондықтан, мәселенің негізгі элементтеріне: - біріншіден, кәсіпкерліктің қалыптасуының шаруашылық тетігі, егер оның құрылуы үшін технологиялық негіз болса; - екіншіден, тұрақсыз экономикалық орта жағдайында базалық кәсіпкерлік нысандарының факторлық ерекшеліктері; - үшіншіден, кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәл көрсететін оның оңтайлы нысандарын іздестіру; Кәсіпкерлік қызметінің қандайы болмасын мемлекеттің экономикасы аясынан өзіне тиісті орнын, дәреже-деңгейін тапқаны бүгінде баршаға мәлім. Ал бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерлікгің туындап, дамуы жүргізіліп жатқан зкономикалық реформалардың өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені, нарық экономикасына көшудің (өтудің) бірден-бір жолы, бұл кәсіпкерлік құрылымдардың материалдық базасы жекеменшік инвестициялар болып табылуымен қатар, олардың басқару бастауында білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет. Мемлекет тарапында жүзеге асырылатын кызметтерге тұлғаның жұмысқа кіруі еркін сипатта болғанымен, басқару қызметі басқарушы органың мүддесіне соған жету жолында жүзеге асыратын функциаларына, әдістеріне және т,б, негізделгендіктен қызмет істеу еріксіз болып табылады. Жалпы экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңызды түрі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Оның ролін көрсетуде, Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда табу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттайды. Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді. Осыған байланысты кәсіпкерліктің теориясы мен тәжірибесіне деген мүдделілік өсіп отыр.....
Адам құқықтарын қорғау – мемлекеттің мерейлі міндеті ғана емес, саяси-әлеуметтік, қоғамдық қастерлі борышы. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабындағы 2-тармақта былайша көрініс тапқан; «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де құқықтық нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталған». Мұны тарата түссек Ата Заңның 18-бабында ол «Әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар» - деген тұжырыммен айқындалар еді. Біз Ата Заңымызбен қорғалған жалпыға белгілі адам құқықтарын санамалаудан аулақпыз. Кейбір түйінді мәселелердің түпкі мәніне үңіліп, оның бүгінгі тыныс-тірлігі, алдағы көкжиек кемері туралы кемерлі де келелі ой тамызықтау ниетіндеміз. Құқықтық мемлекет құрудағы және сол тектес өмір сүрушілердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз етудегі сот органдарының роліне барлық өркениетті әлемде баға жетпейді.....
Кіріспе. ӘҚБтК өзнің материалдық және процессуалдық құқық нормаларымен сот тәртібімен де, сол сияқты соттан тысқары тәртіппен де жүзеге асырылатын әкімшілік-юрисдикциялық қызметті неғұрлым толық реттеген. Онда іс жүргізудің міндеттері айқындалған: әрбір істің мән-жәйын дер кезінде, жан-жақты, толық және объективті анықтау; оны осы Кодекске сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету; әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал етететін себептер мен жағдайларды анықтау. /577-бап/. Сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді болдырмайтын мән-жәйларда анықталған. Төмендегі мән жәйлардың ең болмағында біреуі болған жағдайда іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс қысқартылуға жатады; әкімшілік құқық бұзушылық оқиғаларының және құрамының болмауы; әкімшілік жауаптылықты белгілейтін Заңның күші жойылуы; әкімшілік жауапқа тартуды мерзімінің өтуі. Аталған мән-жәйлар жеке тұлғаларға да, сол сияқты заңды тұлғаларға да қатысты. Мұның сыртында тек жеке тұлғаларға ғана қатысты іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар белгіленген. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде адамның 16 жасқа толмауы; құқыққа қарсы әрекет жасаған адамның ақыл есінің дұрыс болмауы; құқық бұзушылық осы Кодекстің 5-таруына сәйкес мән-жайлар жаслағн ретте; әкімшілік жауапқа тартылатын адам жөнінде сол факт бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы не істің қысқартылуы туралы не істің қысқартылуңы туралы судъяның, органның /лауазымды адамның/ қаулысының, сондай-ақ нақ сол факт бойынша сол ь қылмыстық іс болуы; ісі жүргізіліп отыратын адамның қайтыс болуы.....
Диплом жұмысының мақсаты – азаматтық құқықтағы мәміленің мәнiн, мазмұнын ашу, олардың жасалу тәртiбiн қарастыру, кейбiр мәміленің түрлеріне қысқаша сипаттама беру. Диплом жұмысының мiндетi – азаматтық заңнама бойынша мәмілені құқықтық талдау, Мәміле мен шартқа қатысты сот тәжiрибесiн жинақтау, осы тақырып бойынша проблемалық мәселелердi шешуге тырысу. Дипломдық жұмыстың өзектілігі - Мәмiлелердi заңдастыру, құқықтық аспектiлердi қамту, азаматтық қатынасқа баға беру, заңнамаларды жетiлдiру уақыт талабы балып отыр. Мәмілелелердің құқықтық жақтарын игеру, бiлу мәмiлелердi жасау, орындау барысында туындайтын құқықтық проблемаларды шешу, мүмкiндiгiнше болдыртпау, санын азайту жағдайын қалыптастыра алу бүгінгі күннің талабы.. Мәмiлеге түсушi әрiптестердiң ара қатынасын анықтайтын заңды құжаттарды кәсiби рәсiмдеу құқықтық мәселелердi тиiмдi шешудiң кепiлi болмақ. Сондықтан тек заңгерлер емес, құқықтық мемлекет, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мәміле талаптарын білу керек. ....
КІРІСПЕ Әкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған анықтамасынан табуға болады. Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен байланысты. Қоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының (атқарушы органның) ғана болуы оны барлық жағдайда да сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға, әрі әкімшілік құқықтың пәніне енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша әкімшілік құқықпен емес, құқықтың өзге салаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі жасайды. Мысалы, олар реттелуі азаматтық құқық пәнін құрайтын мүліктік мәмілелер жасай алады. Олардың бюджет — салық аясында жасайтын бірқатар іс-әрекеттері конституциялық және қаржылық құқық нормаларының реттеушілік ықпалына жатады, т.с.с. Бұл мынаған байланысты, мұндай жағдайларда қандай да болмасын атқарушы орган атқару — өкім етушілік сипаты бар функцияларды орындамайды; мысалы, мәміле жасаған кезде ол өзінің мүліктік құқығын іске асырады.....
Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі. Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік роль атқарған. Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған. Мәмілелерді оның субъектілері бойынша жіктеудің құндылығы қоғамның әлеуметтік – экономикалық ақиқатына сәйкес келуі тұрғысынан мәміленің нормативтік өкімін бағалауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, азаматтық айналым әртүрлі субъектілер мүдделерінің теңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен жасатын мәмілелеріндегі ықтимал қиянаттарды заңдық жолмен шектеу қажет. Заңмен қандай да бір саладағы кәсіпкерліктің дамуына жеңілдіктер беру басқа саладағы әсіпкерлердің мүдделеріне қиянат әкелмеу керек. Сонымен тұтынушылардың құқықтық кепілдіктері кәсіпкерлер қиянатынан сақталуы күшейтілуі тиіс. Одан берігеректе тарап кеткен Кеңес Одағы кезеңіне келсек, бұл кезде де қазіргідегідей нарықтық экономика болмағандықтан оның маңызы дәл қазіргідегідей болма ....