Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлар құстар туралы әңгімелер оқимын (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Жануарлар, құстар туралы әңгімелер оқимын
Оқу мақсаттары: 2.2.7.1 мұғалімнің қолдауымен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтау
2.4.2.5 дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/ етістікті анықтау
Сабақ мақсаттары: Мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және оған жауап беру. Мәтіндегі сөз таптарын ажырату......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Бала мен құс)

-Жыршы құс, тілімді алып, келші мұнда,
Жасыл шөп, жасыл ағаш қалсын онда.
Қапаста жаның тыныш отырасың,
Жазы-қыс жейтін ұрық бәрі қолда.
Мен сені жан досымдай қадірлеймін,
Ерінбей, тамағыңды әзірлеймін.
Мөп-мөлдір саф күмістей, тәп-тәтті су
Күнде ерте, жалғаны жоқ: «Әзір!»- деймін. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Үй жануарлары мен үй құстары

Мақсаты. 1. Үй жануарлары мен үй құстары туралы және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
2. Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету.
3. Еңбекқорлыққа баулу.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан әр күнге. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Ертегі: Құс өсіруші Гретаның бабалары

Мырзалар ауласындағы үйрек пен тауыққа арнап салынған әсем жаңа үйшікте Грета дейтін құс өсіруші әйел жападан-жалғыз құстармен бірге тұратын. Бұл үйшік мырзаның қамал сияқтандырып айнала op қазып, оған аспа көпір салып, маңдайшасын кереге бастандырып оюлап тастаған көне үйінің орнында бой көтерген еді. Ал оның нақ түбі қалың тоғай. Бір кездерде тап осы жерден сонау көлге дейін ұласқан бау болыпты, қазір оның да орны......
Ертегілер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Үй құстары

Тақырыбы: «Үй құстары» (презентациясымен)
Мақсаты: Балалардың құстар туралы білімдерін тиянақтау. Қазақстанда кездесетін құстардың түрлерімен таныстыру. Үй құстарының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы әңгімелеу. Үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Құрал - жабдық: Үй құстарының суреттері, ертегі суреттері, құрастырма қағаздар, үнтаспа, интерактивті тақта т. б.
Сөздік жұмысы: Түсіндіру, әңгімелеу. Сұрақ - жауап.

Іс - әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Баланың іс - әрекеті
Мотивациялы ынталандыру кезеңі
1. Шаттық шеңбері: «Сәлемдесу - Амандасу»
Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер құрып отырады: Амандық сөздерді әндетіп айтуға жаттығады .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Құстарды аялайық

Білімділік: балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға үйрету.
Дамытушылық: құстардың дауыстарын сала отырып, тілдік қорын жетілдіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: тыйым сөздер, мақал – мәтелдер айту арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: құстардың бейнесі, дала құстары мен үй құстарына арналған тапсырмаға сәйкес суреттер.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Ал, балалар, қанеки алдымен сәлемдесіп алайық...
Балалар, біз қонақтарымызбен амандастық, енді алақандарымызбен бір – бірімізге жылы лебіздер айтайық........
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Құс қайтқанда)

Жырға ораушы ең, қаласаң, құла түнді,
Қабақ түйсең, қара жел тұратын-ды.
Жақсы көрген кезіңде дүниені
Жанарыңа жасыл жас тұнатын-ды.
Ерлік жырмен шығардың шын атыңды,
Ескіртпедің ежелгі мұратыңды.
Елі-жұртың іздейді енді бүгін......
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Саят құстары және олардың жаратылыстағы ерекшеліктері

Саят құстары және олардың жаратылыстағы ерекшеліктері

Академик Әлкей Марғұлан… Дала данышпанының таяуда табылған "Саят құстары” атты зерттеу мақаласы өз өмірінің қысылтаяң тұстарында жазылған. 1934-1939 және 1947-1953 жылдары академиялық іргелі ғылыммен айналысудан шеттетіліп, қазақ эпосы мен тарихы туралы зерттеулері саяси қағажуға ұшыраған кезде Әлекең елден бойын аулақ салып, "тасада жүріп” деректер жинап, ұлтының ұмыт қалған өнерін зерделеп, қағазға түсірген екен. 1954 жылдан кейін тарих, этнография, археология, шоқантану ісіне бүтіндей бет бұрған кезінде бұл еңбек тартпаның түбінде қалыпты. Жарты ғасыр бойы жарық көрмесе де мақала саятшылар мен орнитологтар үшін ғылыми мәнін әлі жойған жоқ. Ал "Саят құстарындағы” атаулар мен сирек сөздер тіліміздің мәйегін ұйытатыны сөзсіз. Сондықтан да біз бұл еңбекті "Егемен Қазақстанның” қалың оқырмандарына ұсынып отырмыз.

Тұрсын ЖҰРТБАЙ, "Отырар кітапханасы” ғылыми орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | ҚАЗАҚСТАН ҚҰСТАРЫ

ШЫРША ҚАЙШЫАУЫЗЫ - тау өзеніненжағалай өсетін ағаштарда жиі кездесетін торғайдың бір түрі. Қоректері- қыста пісетін шырша тұқымдары. Шырша қайшыауызының тұмсығы атына сай айқасып тұрғандықтан, ол оның жемін оңай алуына көмектеседі. Бұл құстың ерекшелігі- көктемде жұмыртқаламай, керісінше қақаған қаңтар айында жұмыртқалап, балапандарын шығарады. Қоректі олаоға үнемі аталығы жеткізіп отырады. Ал аналығы балапандарын ұядан қашан ұшырғанша шықпайды. Олар балапандарын жемсауында,ы жібіген қарағай тұқымын құсып беру арқылы асырайды. Сәуір айында балапандары өздері қоректенетін болады.
САМЫРКЕШ
САМЫРКЕШ - ақшыл жолақтары бар, қоңыр қызғылт түсті орман құсы. Ол ұзақ уақыт бойы ағаш басында отыруды ұнатады. Самыркештің тұрақты- ұзақтап сәл кешірек. Ұя салар кезінде қалың орман ішіне еніп, адам көзіне түспеуге тырысады. Бұл құс көктем айларында шырша зиенкестері- бізтұмсық және қоңыздармен, ағаш қандаласымен қоректеніп, табиғатқа едәуір пайдасын тигізеді.
Самыркештің бір ерекшелігі- жазды күндері ол жемін ауламай жүріп, ағаштағы жаңғақтарды біртіндеп үзіп, оны түскен жапырақтардың астына тыға береді екен. Осылайша бір құс жылы күндері бір мыңға жуық шырша жаңғағын жинап, оны суық қыс айларында азық ететін көрінеді.

ҚОҚИҚАЗ.
ҚОҚИҚАЗ - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құс. Қызыл қанат- деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады.
Қоқиқаздар жүздеп, мыңдап бір мыңға ұя салып, жұптарын жазбайды. Ұядағы 2-3 жұмыртқаны кезектесіп басып шығарады да алғашқы екі айда құрамы дәрумендерге бай құс сүтімен асырайды. Жеген тамақтарын асқазанында өңдеп, тұмсығын балапан аузына апарғанда 23-ы қаннан тұратын ашық қызыл түсты сұйықтық тамшылап ағады екен. Бұның сыры әлі күнге дейін ашылмаған.......
Рефераттар
Толық
0 0