Адамға ең бірінші ақыл керек. Ал, ақылды, білімді үйрету үшін ұстаз керек. Ұстаз - санамызға жақсы сөздерді түйіп, бізге тек жақсылық тілейді. Өнерге де, білімге де ұстаздың еңбегі зор екеніне сенімім мол. Біз білім алу үшін «мектеп» деген киелі ордаға келеміз. Өмірдің жаңа жолын бірінші сыныптан бастаймыз. Бәрі де өзімізге байланысты екенін білуіміз керек. Сол себепті сабақты жақсы оқу, ата-анамыздың үмітін......
Жігіт туды үйінің төріне іліп қойды да, келіншегіне қарап: - Қарашы, қандай болып тұр екен? - деді. Келіншегі туға қарап тұрды да, былай деді: - Жаным, алып тасташы, ұятты жұрттан. - Неге? - Қойшы, кімді көрдің, үйінің төріне ту іліп қойып отырған? - Ой, сенің осы мінезің-ай, жоқ нәрседен......
Сабақтың тақырыбы : XXI –ғасыр қожасында қандай дағды қалыптасу керек. Өткізілген уақыты : 01.03.2016 ж Сабақтың мақсаты: 1. Жас жеткіншектерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру.
2. Оқушылар бойына ұлттық намыс пен рух, ақыл мен парасат....
Әр сабағы болып өтіп тағылым, Әр шәкірттің оятатын танымын. Мейлі, есейіп кетсе де сол ұл-қызы, Санасында жүре берер әлі күн, Ұстаз деген – мәртебелі бір есім.
Өмірінің мағыналы шақтары Мектеп болып, содан бақты тапқаны. Ұстаз деген – сол ұяның жүрегі, Ұстаз деген – сол ұжымның мақтаны.
(Ұстаздық қызметтен құрметті демалысына шығып жатқан ұстазға кейінгі буын әріптесінің құттықтау сөзі)
Бір үйдің екі баласы: Айдос пен Жандос. Олар сабақты жақсы оқиды. Айдос пен Жандос жаман баға алған емес. Олар әр жексенбі сайын шомылуға барады.......
Отан үшін отқа түс- күймейсің. Сен құрметте оны! Түсіндін, бе, қарағым? Ол ақшаға сатқан жоқ, Тізеден кесіп аяғын. Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ, Қолтықтағы ұзын таяғын. Кеше елге қатер төнгенде Ол жауға қарсы шапты, Бізді жалмамақ болған ажалды Өр кеудесімен қақты. Ол арыстанша алысты, Өлім соққысын өз үлесіне алды. Денесін оқ пәршелесе де Ел намысын қорғап қалды.... - деп, жерлес ақын жазушы Ә. Сәрсенбаев атамыз сонау сұрапыл соғыс жылдарынан аман оралған соғыс ардагерлерін құрметтеуге өз өлең жолдарында жырлаған болатын. Себебі жерлес Әбу атамыздың өзіде сол 1942-1947 жылдары Кеңес Әскері қатарында қызмет етіп, Ұлы Отан соғысына қатысқан аталардың бірі еді. Әбу атамыздың осы өлең жолдарын оқи отырып, мен де өз атамның әкесі менің атамды көз алдыма елесте аламын......
2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр» -деп атап көрсетті.
1992 жылы 4-ші маусымда тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл жылдар ішінде біздің көк байрағымыз Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінің алдында дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер туларының арасында желбіреп тұрды. Атлантта өткен олимпиадалық ойындарда жеңіске жеткен қазақстандық спортшылар құрметіне шырқалған әнұран есімізде. Ұлттық валютамыз-теңгенің банкнотында тұңғыш елтаңбамыз көрініс тапты. Тұңғыш қазақстандық ғарышкерлермен бірге ғарышта болған мемлекеттік рәміздер еліміздің тарихының бір беттері.
Сіз мәнді де мағынаға толы, ұлағат пен ұжданды жанына серік қылған, ой мен ақыл және парасат пен пайымды жүрегіне жақын еткен, руханият пен білімді жас ұрпақтың тәрбиесіне қарай бағыттап отыратын Ұстаздық деп аталатын игі мамандықтың жолын қалап алған жансыз. Сіздің Ұстаздық қызметтегі әрбір жылыңыз Сізге абырой мен табыс, бақ пен береке әкелді, сонымен бірге тағы да жаңа әрі жарқын мүмкіндіктерге жол ашты.
Әрбір басталған жаңа бір оқу жылының күміс қоңырауының сиқырлы үні Сізге қуаныш сыйлады. Бұл нағыз ұстазға ғана тән сезім еді. Сол күміс қоңыраудың үнімен бірге балдырған күлкілері жараса мектепке енген қаншама бүлдіршін Сіздің алдыңыздан тәлім көрді, ұлағатыңызды тыңдады, өз мектебінен қанат қақты. Олар қазір еліміздің әр түкпірінде жүр.
Сіз үнемі ұстазға тән сергек ойдың иесі болдыңыз. Әрбір табыстарыңызға тоқмейілсу мен тоқырау сізге жат еді, керісінше жаңа ізденістерге жол ашты. Сіз өз қоғамыңыздың ұрпақтан не талап етіп отырғандығын жіті аңғара алдыңыз. Өз бойыңыздағы білім мен білік дариясын солай қарай бұрдыңыз, жас шыбықты солай қарай идіңіз. Егер Сіз осы жылдардың ішінде мақтау мен құрмет көрсеңіз, ұстаздық жолыңызда, шынында да, осыған лайықты істер атқара алған едіңіз.
Сіздің өткен құрметті жолыңыздың әрбір иірімінде шәкірт жүрегінің алғыс сезімі жатыр. Олардың әрқайсысы бір әлем еді, олардың әрқайсысы жаңадан ашылар бір дүние еді. Міне, сіз осы бір балдырған жүректердің риясыз досы, ертеңге деген үміті бола алдыңыз. Сізге осы үшін де өз шәкірттеріңіз алғыс айтады.
Сізді шәкірттеріңіз бүгінгі мерекеңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыңызға бақыт, ұстаздық жолыңызға шығармашылық табыстар тілейді. Ұстаздық қызметіңізде әр уақытта шәкірттеріңіздің алғысына бөлене беріңіз!