Шығарма: Абайдың тарихи мұралары

Қазақ халқының ең бір ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, дана ойшыл,халқымызды әлемге әйгілі еткен философ, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне, міне, 175 жыл толып отыр.Небәрі 58 жыл ғұмыр кешсе де, ұзақ ізденістері арқылы халқымызға тәлім-тәрбие беретін, адамның рухын көтеріп, санасын ашатын шығармалары – бүкіл халықтың тарихи мұрасы.
 Ол – лирик, ол- ақын, ол – эпик... Жинақтап айтар болсақ, сегіз қырлы, бір сырлы аса ірі тұлға. Абай есімі – алға қарай ұмтылу мен әлеуметтік әділдіктің символы. Бұл оның әр ісі мен шығармасынан көрінеді.
Білім | Шығармалар
Толық
1 0

Балабақшаға арналған Абай - біздің бабамыз атты тәрбие сағат

Мақсаты:
- Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;
- «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой - қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;
- Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой - толғауларын насихаттау
Тәрбие сағаттар
Толық
0 0

Абай – дана, Абай – дара қазақта

Абай – дана, Абай – дара қазақта. (авторлық бағдарлама )

Мақсаты:
• Халқымыздың ұлы ақыны А. Құнанбаев туралы білімдерін кеңейту.
• Абай мұрасына оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
• Оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
• Ұлылардың сөздерінен ғибрат алып, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттар
Толық
0 0

Тәрбие сағат: Абай - дана, Абай - дара қазақта!

Абай - дана, Абай - дара қазақта!
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
2. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
4. Дамытпалы поэзия сабағы.
Тәрбие сағаттар
Толық
0 0

М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай балаларының бейнесі

Мақсаты: М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай Құнанбаевтың балаларының бейнесін ашу.

Міндеті:

  1. Абайдың балалары жайында мәлімет жинастыру.
  2. Абайдың балаларының берілген 5 талап бойынша: 1) сезімі; 2)портреті; 3)іс-әрекеті; 4)сөйлеген сөзі; 5)мінез-құлқы бейнесін құру.
  3. Абай мен балаларының арасындағы қарым-қатынасты Құнанбай мен Абай арасындағы қарым-қатынаспен салыстыру. 
  4. Абайдың әкелігіне баға беру.

Болжам: Қазақтың ұлы, дана ақыны Абай Құнанбаев өз артынан білімді, тәрбиелі, еліне пайда тигізетін ұрпақ қалдыра білді.

Ғылыми жобалар
Толық
0 0

10 - тамыз Абай күні!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10-тамыз Абай күні деп белгіленді.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:....
Жаңалықтар
Толық
0 0