Сабақ жоспары (ұмж): Саңырауқұлақтардың негізгі белгілері 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың классификациясы
Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтардың негізгі белгілері 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.1.2 Саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін сипаттау
Сабақтың мақсаты: Саңырауқұлақтар патшалығын өсімдіктермен, жануар, бактериямен салыстыру;
Бір жасушалы және көп жасушалы саңырауқұлақтарды сипаттау;
Бір жасушалы және қалпақшалы саңырауқұлақтарды салыстыру;
Улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтардың маңызын білу.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мысал ертегі: Қозы мен құлын

Қозы мен құлын жарысатын болып келісіпті. Жарысатын жері ұзақ жер екен, даяшылар оларды бір төбенің басынан тосып алатын болыпты.
Жарыс басталып, а дегенде құлын озып кетеді. Біраз жер жүгірген құлын артына қараса, қозы көрінбей қалған. Сонымен, ол өз-өзіне марсиып, «Маған қозы өлсе де жете алмайды, босқа жүгіргенше дем алайын, қозы осы араға келгеннен кейін жүгірсем де, бәрібір озбаймын ба», – деп қозының келуін тосып жатады....
Ертегілер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Құлыншақ)

Кішкентай ғана құлыншақ
Уыз еміп қырда өскен.
Жылқы ішінде ойын сап,
Жұлдыздармен тілдескен.
Еріккеннен тістейсің
Анаңның қыл құйрығын.
Оқтын-оқтын кісінейсің
Көк дауыл тентек жүйрігім.
Айға қарап есінеп,
Таңдығыңды кересің.
Күнге қарап кісінеп,
Көңілге жел бересің.
Кейде желмен жарысып,
Атылып ойнақ саласың.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Әбіт Ыразақұлын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дәм бұйырып біз келдік
Қожағұл деген ауылға-ай.
Берекелі ел екен,
Орманы қалың тауында-ай.
Сөртінің ұлы болғандай,
Жасынан шыққан дәрубай.
Атағы жеткен алысқа,
Мұзарттың биік тауындай.
Озып жүрген шын жүйрік,
Бәйгесін алған шабылмай.
Азып келген халыққа,
Сүйеніш болған бауырдай.
Жер-суменен қамдады,
Мініс көлік, сауынды-ай.
Той-жиында халыққа
Мәтел сөзі сарындай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Құлжатай сөзі

Бұл кәдімгі Тобықты деген рудың, оның ішінде Қарамырза деген топтан атақты Тәуке батырдың туысқаны Құлжатай Қорыға баласы деген азамат, осының әңгімесі шығыс әңгімесінен де қызығырақ. Осылар екі атаның баласы, бір жағы – Жақып баласы Байғали, Нұрғали, Қали, екінші жағы – Қорыға баласы Мұсатай, Жолдатай, Құлжатай болып, Ақшоқы деген жерде жерге таласып, екі жақ болып, төбелеске шығады. Бір жағының батыры атақты Тәуке, екінші жағынан қашқын Әділқан деген Байтен деген рудан апрель айының аяқ кезінде талтүсте сарт та сұрт, ал соғыс. Бұл соғыста Қорыға жағы мегдетіп, Жақып баладарының көбі қашып, түсіп қалады. Басты орамалмен мықтап тартып алған, қолда Ақтабаннан нән бір-бір сойыл шоқпар еді. Жерге талас түс мезгілінде Құлжатай мырза тоқтап, Ақшоқының басына шығып, желпініп, насыбайын атайын деп, қалтадан шақшаны суырып ап, ердің қасына тық-тық еткізіп қақса, ері тілге келеді.
– Кенже-ау, басымды жардың ғой, – дейді.
Құлжатай мырза сасып, тап ерінің қасына қараса, тақымынан бір бас қылтиып шығып тұр, қараса, алғашқы кездескенде сасып жүріп, жауырынынан жұлып алып, Әділқан батырды тақымына қысып ап кеткен екен. Оны ұмытып кетіпті. Әлгі ердің қайысы деп, шақша қаққаны осы Әділқан батырдың басы екен. Ыржиып күледі......
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Құлақай

Құлақайдың әкесі елге беделді адам болса керек. Мекені – Тарбағатай тауының алқымы, «Саршоқы», «Аршалы» деген жерлер. Сол уақыттағы дәстүр бойынша Құлақайдың әкесі күз болып, мал семірген уақытта маңындағы елдерге жата-жастана қонақтайтын әдеті екен. Құлақайдың сегіз-тоғыз жастағы кезі. Әкесінің алты ұлының ең кішісі де осы – Құлақай. Сондықтан да оны жасынан-ақ еркелетіп, бетін қақпай өсіріпті. Әкесі қайда барса да, өз қасынан қалдырмапты. Ел ішінің беделді адамы, атақты рудың баласы болғандықтан, Құлақайдың әкесін елі құрметтейтін. Өзі жоққа нанғыш, байлығы болмаса, момын адам еді. Сүйтіп, жас Құлақай әкесімен қонақтап жүріп, барған үйінен үнемі құлақ (малдың) жеп, оның тәттілігі жас баланы кәніктендіреді. Жасы жеткен адам болғандықтан да, қай үйге барса да, бас Құлақайдың әкесінікі де, құлағы – баласынікі. Көбінесе, ағайын ішіндегі бір ауылдың, қалса, бір елдің ақсақалы болғандықтан, бір үйден екінші үй өздері–ақ құрметтеп әкететін. Оған деген бір малдары ертеден арнаулы.
Құлақай жасынан-ақ бір бетті, көңілге алған ісіне тиянақты, көпшіл болды. Өзімен замандас балалардың ортасында әр нәрсеге ыңғайлы, қолынан іс келетін қабілеті күшті еді. Ең аяғы, ауыл балаларын әртүрлі ойынға ұйымдастыратын да осы Құлақай болды. Онсыз ойындарының беделі болмайтын, қызықсыз өтетін......
Ертегілер
Толық
0 0