Пән:Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адами құндылықтар Сабақ тақырыбы: Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Қара құлып» Сайын Мұратбеков Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру; 4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету . Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Мәтінді күйдің үзінді нұсқасымен салыстырып, қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді. Көптеген оқушылар: қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде түрлендіре алады. Кейбір оқушылар: өз тұжырымдарын дәлелдей алады ......
Алтынай Құлажанқызы Жорабаева (1978 жылы 28 қазанда ОҚО Төле би ауданы Бейнеткеш ауылында туған) — танымал эстрада әншісі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2006). Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004). Төле би ауданының құрметті азаматы (2013). Құрмет орденінің иегері (2017).
Алтынай Құлажанқызы 1978 жылы 28 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Бейнеткеш ауылында дүниеге келген. 1995 жылы 1 мамыр орта мектебін тәмамдап, Қожа Аxмет Яссауи атындағы ХҚТУ, өнер факультетіне оқуға түседі. Университетті 1999 жылы бітіріп, аталған университетте 2 жыл мұғалімдік қызметін атқарады. Алтынай Жорабаева үлкен сахнаға алғаш рет 1997 жылы шығып, облыстық «Арай» байқауында жүлдегер, ал республикалық «Жас қанат-97» байқауында дипломант атанған. Одан кейін де орындаушылық шеберлігін үздіксіз ұштау арқасында 2001 жылы Алматыдағы ХІІ Халықаралық «Азия дауысы» байқауында, 2004 жылы Болгарияның Варна қаласындағы ХІІ Халықаралық «Discovery» байқауында, 2005 жылы Мысырдың Каир қаласындағы ІІ Халықаралық «Александрия» ән байқауында лауреат болды. 2003 жылы Белоруссияда ХІІ Халықаралық «Славян базары» байқауында дипломант, 2004 жылы Латвияның Юрмала қаласында V Халықаралық «Янтарь жұлдызы» байқауында бас жүлде (Гран-При) және 2005 жылы АҚШ-тағы Голливудта өткен орындаушылық шеберліктің әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс медальды иеленді. ....
Бүкiл әлем алдында құдiретi күштi «Қызыл Империяның» қаһарынан қаймықпай оның озбырлы - үстемдiк саясатына қасқайып, қарсы тұрған қазақ жастарының 1986 - жылғы Желтоқсан көтерiлiсiндегi жанкештi ерлiктерi қай елге де, қай мемлекетке де болмасын тағылымды да ғибратты үлгi - өнеге. Әйгiлi Желтоқсан көтерiлiсiнде Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбирадай боздақтар қыршынынан қиылса, жүздеген жастар темiр тордың ащы дәмiн татып мыңдаған азаматтар жазықсыз қудаланып, бiлiм ордаларынан шығарылып, қызметтерiнен қуылды. ....
Ойынға қатысушылар араларынан бір ойыншы шығарып, алыстау жерге таман барып, бөркін немесе басқа бір бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де сол маңайына жасырынуы керек.....
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі Сабақ тақырыбы: АҚШ-тағы құлдық қалай жойылды? 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.4.2.2 трансатлантикалық құлдықтың ерекшеліктерін анықтау 7.4.2.1 түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтау Сабақ мақсаттары: АҚШ-тағы азамат соғысының себептерін, барысын, салдарларын анықтайды......
Шілденің орта шені болатын. Елге демалысқа барып едім. Күн бойы кітап оқып, жалыққан соң, кеш бата, мал келер шақта, есік алдына шығатын әдетім бойынша бүгін де далаға шықтым. Күннің аптабы кайтып, әдемі бір қоңыр самал ескен жайлы кеш екен.
Біздің үйдің алдында бір шағын ғана төбешік бар-ды. Ауылдың үлкен кісілері кешкілік осы төбешікке жиналып отырып, әңгіме-дүкен құратын.
Бүгін сол дөң басында ағам мен Дәуітқали аға ғана отыр екен. Өз ағаларым болған соң, мен де қастарына бардым. Үлкен адамдардың арасына жас әйелдер бара бермейді ғой. Сондықтан ба екен, әлде байқамағанмын ба, әлде байқасам да мән бермедім бе екен, әйтеуір төбешік үстінен ауылдың айналасы көкжиекке дейін алақандағыдай болып көрінеді екен.
Айналасын беткейі қалың қараған, тобылғыға толы адырлы қоңыр таулар қоршаған бұл қалын ауыл ертеректегі иесінің есімімен Стамбек ауылы деп аталады. Бұрынырақта салынған қазақы, тоқал тамдардың арасынан төбесін етіп, шатырлап жауып, сылап тастаған, сыртын әктеген еңселі ақшаңқан жаңа үйлер де көрінеді. Ондай үйлердің алдында шөп үйетін, мал қамайтын қоралар бөлек орналасыпты. Ауылдың алды кең далаға ұласады. Даланы қақ жара толқыны жоқ, суы мол, жіңішке ғана Бөке өзені ағады. Өзеннің екі жағасы да жалпақ көгал. Көгалда өзенге түсіп, асыр салып жүрген ауыл балалары.
Ауылдың дәл қарсысында Қара кезең аталатын жалпақ кезең.
Кезенді асып ауылға қарай тіке құлаған қасқа жол өзендегі өткелге келіп жалғасады. Ауылдың төрт түлігі осы өткелге келіп құлады......
ДЦП дертімен ауыратын бала еді. Өз қатарынан жүруі де, сөйлеуі де кешеуілдей берді. Қалалық емханадағы емдеуші дәрігері балаға мейіріммен қарайтын. Ем-дом жасайды. Бір күні сол емдеуші дәрігері: «Үлкен қалада осындай науқас балаларды қарайтын арнайы орталық бар. Сол орталыққа апарып көрсетіңіздер», – деді. Ол жерге де алып барды. Ол жерде: «Осындай науқас балаларды зерттеумен айналысып жүрген Мәскеу қаласынан профессор дәрігер келіп отыр. Сол дәрігерден кеңес алыңыздар», – деді. Одан да кеңес алды.
Баланың жағдайы бірқалыпты еді. Енді тәуіп, бақсы-балгерлерге де көрсетуге көшті. «Пәлен жерде грек кемпір бар екен. Тіл-көз тиген баланы емдейді екен» десті. Тәуіп, бақсы-балгерлердің бәрінің айтатыны жалғыз-ақ ауыз сөз еді: «Сүп-сүйкімді-ақ ұл екен! Құдай балаға дертті өзі беріп отыр. Лайым, қаласа, шипасын да өзі берер. Балаларың әлі жақсы боп кетер», – дейді. .....