Құлшыораз Бигелдіұлы, Құлшыораз батыр, Әлшораз - Тама тайпасының Дәулеткелді руынан, Бағалақ аталығынан шыққан батыр. Барақ Бигелдіұлының ағасы, Абылай заманындағы батырлардың бірі. Інісі Барақ пен әйелінің оңаша отырған .....
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер Сабақ тақырыбы: Әдеби шығарманың жанрын анықтау «Мен қалай қобызшы атандым?» Нұрсұлтан Әлімқұлов Оқу мақсаттары: 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау; 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, сөйлеу барысында нақыл сөздерді қолдануды біледі Көптеген оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтап талдау жасайды, нақыл сөздерді қолдануды біледі. Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында нақыл сөздерді қолдану себептерін түсіндіре алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, қорытынды жасай алады......
Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға .....
Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген қауіп - қатер төнуі мүмкін. Бұл қатерлер бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, еддегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқарудан басқа да, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз. Бұл мәселе терең және көп қырлы болғандықтан, біз зерттеу жүмысымызда кәсіпорынның тек қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтарына тоқталамыз. Қаржылық - экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіптік кәсіпорындардың әлеуетіне кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді. Кәсіпорын алдына өзіне тән өндірістік қызметтерді орындауына байланысты өзінің жағдайын бағалау мен болжау сияқты, яғни кәсіпорынға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардан қорғау, қауіптілік индикаторларының мониторингі жүйесін құру, олардың шектерін анықтау, қатерлерге қарсы шаралар қабылдау сынды өзекті мәселе туады....
Ертеде Садық деген қаһарлы, жемқор хан болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Тағы бір перзент көрсем деген ойы көкейінен кетпепті. Әйелі баласы Құлекеден кейін, жиырма бес жыл өткен соң, жүкті болады. Айы-күні жақындағанда хан екі жігітті шақырып алып, бұйрық береді: «Әйелім ұл туса, Құлекемнің серігі, қыз туса, өлтіріңдер!» – дейді. Екі жігіт ханның әйеліне келсе, қыз туған екен. Туған қызды Құлеке өлтіртпепті.......
Педагогика тарихында «қиын» бала ұғымы ХХ ғасырда кеңінен тарала бастады. Қиын бала мәселесі Г.А. Умананов, Ә.Ж. Жұмабаев, В. В Трифанов, Л.К. Керімов сынды бірқатар қазақстандық ғалымдардың да ғылыми зерттеулерінің тақырыбына айналды. Аталған ғалымдар осы топтағы балалардың мінез – құлық ерекшеліктерін, жүріс – тұрысындағы жат қылықтарды зерттеп, оларды қайта тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Мәселен, Ә. Жұмабаев мектептің «қиын» оқушылар мен жұмыс жүргізу жүйесін жасады, В. Трифанов болашақ мұғалімдерді «қиын» оқушылармен жұмыс жасай білуге дайындау мәселесін көтерді. Ал Л.К. Керімов «қиын» балаларды жеке және топтап қайта тәрбиелеу бағдарламасын ұсынды. Бұл ғалымдардың зерттеулері қиын оқушылардың пайда болуының бірнеше себептерін ашып көрсетті. Біріншіден отбасында тәрбие ісіне жеткілікті көңіл бөлінбеуден, яғни тұрмыстағы дау – жанжал, ата – аналарының маскүнемдікке салынуы немесе олардың біреуінің болмауы кері ықпал жасайды. ....
Саңырауқұлақтардың морфологиялық сипаттамасы. Саңырауқұлақтар және қарапайымдылар эукариоттарға жатады. Саңырауқұлақтар ірі бактериялар, эволюциялық жағынан өсімдіктерге ұқсас ( жасуша қабырғасында, хитин немесе целлюлоза , вакуолі жасушалық шырынмен, ауысуға қабілетсіз). Саңырауқұлақтардың ядролық материалы цитоплазманың ядролық мембранасынан бөлек. Ащытқы саңырауқұлақтар жеке сопақшалы торшалар түзеді. .....
Әйел - әлемнің ажырамас бөлігі. Әйел - адамзаттың анасы. Әйел - тіршіліктің бастау бұлағы. Әйел - бақа басты еркектің қосағы. Әйел - отбасының өзегі. Әйел - шаңырақтың шамшырағы. Әйел - Тәңір-Тағаланың мейірімінің сынығы. Әйел - нәзіктіктің қас үлгісі.
Қазақтың дүниетанымын оның тұрмыс-тіршілігімен айшықтауға болады. Оның ішінде әйел мен ердің мәртебесі де тұрмыс-салттағы дәстүрлі түсініктермен бағамдалады. Мәселен, Атам Қазақ: «Еркек үйдің иесі, әйел үйдің шегесі» деп, әйел мен еркектің ерік-міндеттерін дәлме-дәл көрсетеді. Яғни, көшпелі халықтың патриархалды түсінігінде еркек шаңырақ иесі саналса, әйел сол отаудың отын жағып, ошағын қайнатып, үйдің берекесін кіргізетін жан. Бұл туралы көне түркінің дүниетанымын тереңірек зерттеп жүрген Д.Кенжетай былай деп тұжырымдайды: «Әлемді кеңістіктер мен бағыттарға бөлу арқылы мәденилендіру құбылысын киіз үйдің еркектік және әйелдік тарапқа бөлінуінен де көруге болады. Бірақ киіз үйдегі ең маңызды қазық - әйел болып табылады. Өйткені бұл кеңістік (ғарыш) - әйелдікі. .....
Әрбір жанжал себебінің туындауы бойынша қайталанбас және де істің нәтижесі тәртібі бойынша екі немесе одан да көп жақтары өзара әрекеттестік формада болады. Осыған орай жеке адам және кез-келген қоғам болсын, басқа да адамдармен қарым-қатынаста өздерінің жанжалдық ситуациядағы тәртіп стилінде бір-біріне деген рухани көмекті және келісу манерасын айқындайды. Бірақ барлық жанжал мінез-құлық стилі және келіспеу манерасы жалпы бір белгіге ие. Осы мәселенің шешімі бірінші ретте жанжалға түскен жақ айқындалса ғана, онда бұл оларды іс-әрекетте серіктес болуға ықпал жасайды. Барлық жанжалдың стандартты даму схемасы болады: қақтығысқа әкелетін тікелей себептер,- бұл қызығушылықтары мен мақсаттары ұқсас болмауынан, болады. ....