Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тау басындағы ой)

Шыққаным – Шыңғыстағы бiр биiк тау,
Жақсы екен тауға шығып тағдыр сынау.
«Қайырлы түн болсын» деп үнсiз айтып,
Күн кеткен соң түн келдi қараңғылау.
Аспандағы ай, жұлдыз – бәрi айланды,
Жалғыз-ақ Темiрқазық тапжылмайды-ау.
Күн батып, ай, жұлдыздың айналуы –
Шынында дөңгелеген жер жүрiсi-ау.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 3-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.3.4.1 шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу
Сабақ мақсаты: шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ойдан шығарылған бар түрлі әндерім)

Үйрен, білсең әннің мәндерін,
Дәл толқындарын толғап, бұлжытпай,
Келтір кемеліне сәндерін.

Ән менен күйдің тілі – үн,
Ұқпасаң оны, саған мін.
Жасыңнан талаптан білуге сырын,
Жете ұғып алған соң,
Жарасады әнге қоссаң жырын.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі.
Қазіргі таңда еліміздің оқ󬬬-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселелерінің бірі-өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған ,өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру.Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.Тәрбиенің негізгі міндеті-қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгешілік стимулдарына айналдыру.
Қазіргі таңда әсіресе , көп көңіл бөлінетін мәселе - адамгершілік тәрбиені күшейту.Қазақстан Республикасының «Ұлттық энциклопедиясында» адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген:«Адамгершілік-адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. «Кісілік», «Ізгілік», «Имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүние танымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0