Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кәрілік шал деген – бір ат қылғандай)

Кәрілік, шал деген – бір, ат қылғандай,
Айнадай ақылыңды тат қылғандай.
Жеңілді ауыр, алысты жақын қылып,
Бір туысқан жақынды жат қылғандай.
Бойдағы бар қуаттың бәрін алып,
Қайрат, өнер, талапқа қат қылғандай.
Ойым –у, өмірім –су, үмітім –бу,
Қалмады бір сүйеніш шат қылғандай.....
Өлеңдер
Толық
0 0