Кіріспе Еліктеу сөздер қытай-қазақ тілдерінің қай-қайсысында да өзіндік дара сипаты бар, ерекше, оқшау сөз табы ретінде қаралады. Оған еліктеу сөздердің басқа сөз таптарына ұқсамайтын қалыптасу жолдары, мағыналық-құрылымдық ерекшеліктері, сөйлем құрамындағы орны мен рөлі, қолданылу икемділігі т.б. жақтары себеп болған. Диплом жұмысында екі тілдегі еліктеу сөздердің жоғарыда аталған өзіндік ерекшеліктерін салғастыра отырып, олардағы ортақтықтарды тауып, өзгешеліктерді айқындауға баса мән берілді. Мүлде ұқсамайтын екі жүйеге тән тілдер бола тұрса да, олардағы еліктеу сөздердің пайда болуы мен қолданылу жақтарындағы өзгешеліктердің болуына қарамастан, көптеген ортақтықтардың да барлығын байқауға болады. Сондықтан, жұмыста екі тілдегі еліктеу сөздерді салғастыра қарастыруды негізгі мақсат еттік. Тақырыптың өзектілігі Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздер әр екі тілде өз алдына жеке зерттеліп келсе де, қазірге дейін оларды арнаулы салғастыра зерттеген ғылыми еңбек жоқ. Сондықтан бұл тақырып көлемінде салғастыра зерттеу жүргізу қазақ-қытай тіл білімі үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Екіншіден, еліктеу сөздерді жан-жақты зерттеу практикалық қытай тілі пәнін оқыту процессінде студенттердің еліктеу сөздердің ерекшеліктерімен толық танысуы, жан-жақты түсінік қалыптастыруы үшін қажет. Үшіншіден, біз диплом жұмысын жазу барысында еліктеу сөздер жөніндегі қытай тіл мамандарының көптеген зерттеу еңбектерін пайдаланып, оларды жүйелеп, негізгі көзғарастарды іріктеп алып, олардың ортақ және өзгеше жақтарын саралап көрсетуге күш салдық. Бұл ғылыми еңбектер мен көзғарастар бұдан кейінгі еліктеу сөздерді зерттеушілер мен еліктеу сөздер жөнінде жазылатын оқу құралдарына пайдалануға болатын құнды материал деп білеміз. Жұмыстың зерттеу нысаны Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздер, олардың зерттелуі, лексика-грамматикалық ерекшеліктері. Зерттеу әдісі Жұмыста салғастырмалы зерттеу тәсілі қолданылды. Жұмыстың мақсаты Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздер жөніндегі бұрын-соңды жарық көрген ғылыми еңбектерді басшылыққа ала отырып, екі тілдегі еліктеу сөздердің ортақтықтары мен айырмашылықтарын айқындау, қазақ тілімен салғастыра отырып қытай тіліндегі еліктеу сөздердің өзіндік сипатын, әсіресе, еліктеу сөздердің қолданылу ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсету. Сөйтіп, қытай тіліндегі еліктеу сөздерді оқытуда кездесетін қиын түйіндерді теориялық тұрғыдан да практикалық жағынан да талдап түсіндіру болып табылады.. Жұмыстың негізгі міндеті Зерттеу мақсаттарына сай, қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздердің лексика-семантикалық сипатын, жеке сөз табы болуындағы негізгі грамматикалық белгілерін айқындау, еліктеу сөздердің морфологиялық құрамын, жасалу жолдарын, қолданылу ерекшеліктерін көрсету. Жұмыстың ғылыми жаңалығы Қытай тілін оқыту практикасында студенттердің қытай тіліндегі еліктеу сөздерді үйрену, игеру барысында кездесетін қиыншылықтар ескеріле отырып, еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты, әсіресе, қолданылу ерекшеліктері, сөйлемдегі басқа сөздермен байланысы, синтаксистік қызметі, фонетикалық ерекшеліктері, морфологиялқ құрамы нақты мысалдар арқылы жан-жақты көрсетілді. Екі тілдегі еліктеу сөздердің өзіндік ерекшеліктері салғастырыла отырып, олардың ортақ және өзгеше жақтары сараланды. Қытай тіліндегі үнемі қолданылатын еліктеу сөздер іріктеліп алынып, әр қайсысы жеке-жеке мысалдармен түсіндірілді. Жұмыстың теориялық мәнділігі Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздердің зерттелуі, лексика грамматикалқ ерекшеліктері, қолданылуы, синтаксистік қызметі т.б. туралы байымдаулар мен талдаулар алдағы уақытта қытай тіліндегі еліктеу сөздерді зерттеуге қызығатын студенттер мен магистранттардың зерттеу жұмыстарына теориялық жақтан пайдалануына негіз болады деп ойлаймыз. Жұмыстың практикалық мәнділігі Жұмыста келтірілген қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздерге қатысты көнтеген нақты мысалдар мен оған қатысты талдау, сипаттаулар студенттердің практикалық қытай тілін оқу барысында кездесетін еліктеу сөздерге байланысты қиын түйіндерді түсінуіне көмектеседі деп ойлаймыз. Тілдік материадардың сипаттамасы Жұмыста еліктеу сөздер жөнінде қазақ-қытай тіл мамандары жағынан жазылған арнаулы зерттеу еңбектері, сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы қытай филологиясымен шұғылданатын оқушылар мен оқытушыларға арналғн оқу құралдары негізгі материал ретінде пайдаланылды. Жұмыстың құрылымы Жұмыс кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.....
Қазіргі тәуелсіздік алған шағымызда білікті маман, білімді азамат дайындау заман талабы. Қоғам дамуы мен мәдениеттің кең қанат жайып, өркендеуі кез - келген жас жеткіншектердің үлесінде екені даусыз. Сондықтан, философия пәнін оқып - үйрену аса қажет-ақ. Себебі, философия ілімі адам баласының сан ғасырлар бойына жинаған өзіндік санасының ең жоғарғы формасы, ақиқат деп саналған ой-тұжырымдар жүйесі. Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен құбылыстардың ішкі мәні мен маңызын түсіндіру және түсіну барысында философиялық ойлау жүйесініңкөмегі зор. Соған орай оқу құралының жоғары оқу орындарындағы студенттер мен философия ғылымын өздігінше оқып - үйренушілер үшін бұл оқу құралының көрсетер қызметі ерекше. Аристотель өзінің «Поэтикасында» кез - келген пәнді зерттеу барысында тек философтар ғана емес, сонымен қатар өзге де қарапайым адамдар ойлау қабілеті төмендеу болса да рақатқа ие болады деп жазған болатын. Әрине, философтарды, тіпті философияға құштар жандардың өзін де, сөзін де түсіну қиын. Олардың философия ілімі жағынан қолданатын кейбір сөздері философиядан хабары жоқ адамдар үшін күңгір көрінуі ғажап емес. Өйткені, даналық қуушылардың сан ғасырлар бойына өзіндік арнайы сөздігі қалыптасқан еді. Әрине, бұл сөздікті аталған ілімнің өкілдері ғана қолданары анық, ал егерде қолыңызға философия оқулығы не болмаса философиялық сөздік кез бола қалған жағдайда «бас қатыруыңызға» тура келеді. Оның себебі де бар: Сократ немесе Платон секілді ұлы ғұламалардың дүниетанымы баланың ойыны емес екендігі бесенеден белгілі. Сондықтан да философия ілімі көз жүгіртіп, көңіл тоқтата зерттеуді қажет ететіні анық. Біздің дәуірімізге дейінгі ғасырларда - ақ адамдар әлем, қоршаған ортасы, өмірі туралы ойлана бастағаннан бастап әлем, адамзат баласы қалай пайда болды, себебі не, мәні неде деген сауалдар көкейлерін тесе бастағандай болды. Әрине, бұл тәрізді сұрақтар біздің де санамызда орын алғанын терістей алмаспыз. Міне, осы іспеттес сауалдарға әрбір ойшыл өзіндік ой - тұжырымын ортаға салып, ой бөліскендігі баршамызға аян. Әркімнің өз ақиқаты бар демекші, данагөй тұлғалар өздерінің тұжырымдарын, қорытқан ой-пікірлерін қорғап қалу жолында қолдағы барынан аянып қалмады. Философияның тасы өрге домалаған кезден бастап, өзінің даму жолында жинаған тұжырымдары мен күні бүгінге дейін қалыптасқан көзқарастарына көз жүгіртер болсаңыз, уызға тойған төлдей бөгіп қалатыныңызға күмән жоқ. Сондықтан, оқу құралының оқырман қауымға айтары мен берер көмегі зор. ....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4A Ғұндар Сабақтың тақырыбы: Ғұндар мен Ұлы Қытай қорғанының салынуы арасында қандай байланыс бар (1 сағат) Оқу мақсаты: 5.3.2.2 Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау Сабақ мақсаты: Дереккөздер арқылы ғұн мемлекеті мен Ұлы Қытай қорғанының арасындағы байланысты анықтау.
КІРІСПЕ Жұмыстың өзектілігі: Қытай Халық Республикасының халқы және ұлттық құрамы қандай? Қытай халқының жас және жыныстық құрамындағы ерекшелігі қандай? Қытай халқының өсуі мен кемуі туралы не білеміз? Қытай халқының тұрмыс салты мен мәдениеті қандай? Қытай халқының қазіргі демографиялық мәселелерін қарастыру? Қытай халқының өсуі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері? Қытай халқы 1949 жылы революцияға дейін Қытайда халықтың тууы мен өлім-жітімі жоғары дәрежеже болып отыр. Жыл сайын миллиондаған адам аштықтан, эпидемиядан, ауру-сырқаудан, кездейсоқ апаттардан қаза болатын. Халықтың өсуіне жаппай эмиграция, көбіне жарлы-жақыбайлардың Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне кетуі кедергі келтірді. 1949 жылғы санақ бойынша Қытайдың құрлық бөлігінде халық саны 541 млн 670 мың адам болды. Елде қалыптасқан тіршіліктің тұрақтылығы мен өндірістің дамуына байланысты демографиялық бақылау бойынша халықтың өсуі артты. 1969 жылы халық санағы бойынша елдегі халықтың саны 806 млн 710 мыңға жетті. Демографиялық жарылыс қаупінің алдында тұрған Қытай үкіметі ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап халықтың санын шектеу мақсатында тууды жоспарлауға кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде туу коэффициенті біртіндеп төмендей бастады. Егер бұл көрсеткіш 1969 жылы мың адамға шаққанда 34℅-ға тең болса, 1995 жылы 17,2℅-ға төмендеп, халықтың табиғ-ға төмендеп, халықтың табиғи өсімі мың адамға шаққанда 36℅-дан 11℅-ға дейін азайды.....
Қара қытайлар мемлекеті 1. Қара қытайлар мемлекеті. 2. Найман мен Керейттер ұлысы. Монғол тілді кидан тайпалары б.з. IV ғасырында Қытай-дың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури аймағын мекендеген. X ғ. басында Солтүстік Маньчжурия мен Монғолияда Киданның Ляо мемлекеті /907-1125/ құрылды. Кидандық тар Сұн /960-1279/ империясы жерінің бір бөлігін және Селенгі мен Орхондағы Ұйғыр қағанатының жерлерін басып алып, Алтай мен Тарбағатайға карай жылжиды. Алай-да, осыған қарамастан - Кидандардың Ляо империясы тұрақты болмады. .....
Халық саны жағынан әлемде алғашқы орынды иеленетін, жер көлемі жағынан әлемде үшінші орын алатын Қытай елі көптеген ғалымдардың қызығушылығын тудыруда. Бұл көбіне Қытай елінің экономикалық өсімі жағынан алдыңғы қатарлы елге айналғандығымен байланысты. Қытайдың экономикалық дамуы мен оның әлемдік экономикадағы орнын көптеген ғалымдар зерттеген. Қытай еліне Ресей, Қазақстан экономисттері қызығушылық танытуда. Ұсынылып отырған жұмыста Қытайдың Хайнань университетінің экономика ғылымдарының докторы Хуан Дингуй, ҚХР қоғамдық ғылымдар академиясының ғалымдары Ван. Лолинь, Вэй Хоукайдың мақалалары қолданылды. Сондай-ақ Ресейдің экономика ғылымдары докторы Владислав Иноземцев, Санкт-Петербург экономика және қаржы университетінің профессоры А.С.Селищев сияқты ғалымдар Қытай экономикасының мәселелерімен айналысқан. Дегенмен, Қытай экономикасының дамуы жөнінде ғалымдар бір шешімге келе алмай отыр, экономикалық жетістіктердің себептері әр түрлі етіп көрсетіледі. Сонымен бірге Қытай экономикасының дамуының Қазақстан үшін қандай әсері бар екендігін біздің ғалымдар терең қарастырмайды. ....
Қытай – ежелгі мемлекеттердің бірі. Қытай елінің тұрғындары - ерекше материалдық және рухани мәдениетті жасаушылар болды. Олар өмірді - құдайдың табиғаттан тыс күштерінің сыйы екндігіне кәміл сеніп, дүниедегінің бәрі де ұдайы қозғалыста болады және жарық пен қараңғылық атты бір – біріне қарама – қарсы екі космостық күштердің өзара қақтығысының әлем ұдайы өзгерістерге ұшырап отырды деп санады. Қытайлықтар жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты табиғат күштеріне, яғни жердің, күннің, айдың, таулардың, өзендердің, желдің, жаңбырдың және т.б. рухына табынды және олардың құрметіне құрбандықтар шала отырып, халықтың қажеттілігіне байланысты игі өтініштер жасады. Соладың ішінде барлық рухтар мен о дүниедегі адамдардың жандарын өз ырқында ұстайтын «жоғарғы құдай» ерекше бағаланды. Кейіннен қоғамдық өмірде болған өзгерістерге байланысты патша билігін дәріптеушілік пайда болды. Патша «аспанның ұлы» деп танылып, ол- құдайдың жер бетіндегі өкілі ретінде мойындалды. Б.з.б. ХІІІ ғ. бастап – ақ бұрын тек қана «жоғарғы құдайды» белгілеуге арналған иероглифтермен жаңа патшаларды да белгілей бастады. Ерекше атап өтетін бір жәйт, Қытайда ата-баба рухына табынуға үлкен мән берген. Бұл дәстүрлі наным-сенімнің негізінде адам өлгеннен кейін де оның жаны өмір сүруін жалғастыра береді, тіпті ол тірілердің істеріне араласа береді деген ұғым жатыр. Қытайлықтардың бұл қағидаларға кәміл сенгендігі соншалық, олар өлген уақытта адамдар мен құлиеленушілердің қызметшілерін, құлдарын, тіршілікте пайдаланған заттарын (қару-жарақтарын, әсемдік бұйымдарын және т.б.) қоса көмдірген.....
Аумағы, шекаралары, жағдайы: әйгілілігі мен құрамы туралы түсінік. Қытай Халық Республикасы - жер көлемі жағынан дүниедегі үшінші мемлекет. Ол батыстан шығысқа қарай 5,7 мың км-ге, солтүстіктен оңтустікке қарай 3,7 мың км-ге созылып жатыр. Қытайдың құрлықтағы шекарасы (21,5 мың км) теңіздегісінен (15 мың км) ұзын. Бірақ та құрлықтағы шекараларының көбі аяқ жете қоймайтын табиғи кедергілермен қоршалған. Сыртқы экономикалық байланыс үшін негізінен Желтомға, Шығыс-Қытай мен Онтүстік-Қытай теңіздеріне шығатын «қақпалар» пайдаланылады. Алыс түкпірдегі аудандардың теңізге шығуына Янцзы өзен жолы қызмет етеді. Әкімшілік-аумақтық ерекшелігі жағынан Қытай 23 пропинцияға (Тайванды қоса есептегенде) бөлінеді. Олардың кейбіреуінің халқы шетелдік Еуропаның ең ірі деген елдерінің халқынан асып түседі және Қытайда бес автономиялық аудан, орталыққа тура бағынатын төрт қала (Шанхай, Пекин, Тяньцзин, Чун-цин) бар. 1949 жылы Қытайда халық революциясы жеңіске жетті, мемлекет ҚХР деп аталғаннан кейін талқандалған гоминдан үкіметінің қалдығы Тайваньға қашып барып, аралды «Қытай Республикасы» деп жариялады. Алайда, Қытай оны өзінің бір провинциясы деп есептеп, ҚХР Тайваньның бейбіт жолмен бірігуі бағытындағы саясат жүргізеді. 1997 жылы Ұлыбритания Азиядағы соңғы иелігін — үлкен емес, бірақ сауда-экономикалық, қаржылық жағынан саяси маңызы зор Гонконг аумағын 99 жыл жалға пайдаланудан кейін Қытайдың өзіне қайтарды. Сянган (қытай-лықтар Гонконг деп атайды) өзінің ерекше статусы 50 жыл бойы сақталатын ҚХР-дың құрамындағы Арнаулы экімшілік аудан болып жарияланды. 1999 жылдың аяғында елдің оңтүстігіңдегі тағы бір шағын аймақ, бұрыш португалдық отарлық империяның соңғы тұяғы - Аомынь да Қытайдың құрамына өтті.....
Жұмыстың өзектілігі: Қытай Халық Республикасының халқы және ұлттық құрамы қандай? Қытай халқының жас және жыныстық құрамындағы ерекшелігі қандай? Қытай халқының өсуі мен кемуі туралы не білеміз? Қытай халқының тұрмыс салты мен мәдениеті қандай? Қытай халқының қазіргі демографиялық мәселелерін қарастыру? Қытай халқының өсуі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері? Қытай халқы 1949 жылы революцияға дейін Қытайда халықтың тууы мен өлім-жітімі жоғары дәрежеже болып отыр. Жыл сайын миллиондаған адам аштықтан, эпидемиядан, ауру-сырқаудан, кездейсоқ апаттардан қаза болатын. Халықтың өсуіне жаппай эмиграция, көбіне жарлы-жақыбайлардың Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне кетуі кедергі келтірді. 1949 жылғы санақ бойынша Қытайдың құрлық бөлігінде халық саны 541 млн 670 мың адам болды. Елде қалыптасқан тіршіліктің тұрақтылығы мен өндірістің дамуына байланысты демографиялық бақылау бойынша халықтың өсуі артты. 1969 жылы халық санағы бойынша елдегі халықтың саны 806 млн 710 мыңға жетті. Демографиялық жарылыс қаупінің алдында тұрған Қытай үкіметі ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап халықтың санын шектеу мақсатында тууды жоспарлауға кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде туу коэффициенті біртіндеп төмендей бастады. Егер бұл көрсеткіш 1969 жылы мың адамға шаққанда 34℅-ға тең болса, 1995 жылы 17,2℅-ға төмендеп, халықтың табиғ-ға төмендеп, халықтың табиғи өсімі мың адамға шаққанда 36℅-дан 11℅-ға дейін азайды. Қытай тілінің көптеген диалектілері бар, ресми тіл мандарин диалектісі, өзге ең танымал диалектілер – юаухакка, ган, минь, цзян. Өзге тілдер арасында ең көп тарағандары тай, ұйғыр, мяо және қазақ тілдері. Қытайдың қазіргі демографиялық саясаты. Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн қарқын ала бастады. Өйткенi, әлемнiң алып күштерi үшiн «бос кеңiстiк» саналатын жерден өз үлесiн алып қалу керек болды. Бұл үшiн Қытайдың көптеген себептерi бар: 1) Экономикасының қарқынды дамуы шикiзат пен отын-энергетикаға деген сұранысын күрт арттырып жiбердi; 2) Мамандардың болжамдарына қарағанда Қытайдың территориясы 2 млрд. адамның ғана өмiр сүруiн қамтамасыз ете алады екен. Ал 2015 жылы Қытай халқы 2 млрд.-тан асады деп күтiлуде. Сонымен бiрге бұған «бiр жанұяға – бiр бала» саясатына қарсы санақта жоқ 2-3 баласы бар ауыл қытайларын қоссаңыз ресми санақтан да асып түсетiнi анық. Қытайдан келетiн қауiптiң iшiнен, әсiресе, Қытайдағы ерлер мен әйелдердiң арасындағы табиғаттың өзi реттеп отыратын сандық тепе-теңдiктiң бұзылу процесiне жұрт назарын баса аударғым келедi. Әулеттiң мұрагерлерiн ерлер жағынан қуалайтын дәстүрге берiк қытайлар бiр баланың ұл бала болуына айрықша мүдделiлiк танытуда. Нәтижесiнде, ұл бала көбейiп, қыз бала азайып барады. Зәрулiк туылған жерде адамдар тәсiлқой, амалшыл келедi ....