Бахрейнде секс-құлдықта болған қыз еркектермен төсектес болмау үшін қандай қулыққа барғанын айтты

Бахрейнде секс-құлдықта болған қарағандылық қыз елге оралды. Жат жерде жезөкшелік қызмет көрсеткен отандасымызды құлдықтан сол жақтың полицейлері құтқарған болатын деп хабарлайды КТК арнасы.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Мао Цзэдун мен Дэн Сяопин Қытайды қалай өзгертті? (Дүниежүзі тарихы, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Азияның ХХ ғасырдың екінші жартысындағы даму ерекшеліктері.
Сабақтың тақырыбы: Мао Цзэдун мен Дэн Сяопин Қытайды қалай өзгертті?
Осы сабақта қол жеткізілуге тиісті оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.1.4. себеп-салдарлық байланыстарды аша отырып, социалистік шаруашылық жүргізу жүйесінің дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтау;
9.3.1.3. мемлекеттің тарихи дамуының заңдылықтарын анықтау;
9.3.1.4. тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау;
Сабақтың мақсаттары: Оқушыларды ХХ ғасырдың екінші жартысындағы негізгі оқиғалармен таныстыру, өзгеруі мен сабақтастығын анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
3 -2

"Самұрық-Қазына" қоры Қытайдан 3 млрд доллар қарыз алмақшы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қытайдан 3 млрд доллар қарыз алуға бекініп отыр. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді деп хабарлайды nur.kz, Астана арнасына сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Олимпиадалық іріктеу: Төрт қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты

Рио-де-Жанейро (Бразилия) олимпиадасына Азия боксшыларын іріктеу үшін Қытайдың Цяньян қаласында өтіп жатқан жарыста төрт қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты деп хабарлайды Азаттық.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Реферат: Мәдениеттану | Ежелгі Қытай мәдениеті

Біздің жыл санауымызға дейінгі VI ғасырда Қытайда жаңа философиялық - дүниетанымдық ілім пайда болды. Ол бертін келе дін дәрежесіне көтерілді. Бұл ілімнің негізін салушы Кун-Цзы (Европалық транскрипцияда - Конфуций) болды. Конфуций б.э.д 551 жылы туылып, 407 жылы қайтыс болған. Конфуцидің тоғыз кітап аталатын жинағының барлығы бірдей оның туындылары емес. Оның ішінде ғұламалардың шәкірттерінің де қосқан үлестері бар. Бұл аса көлемді еңбектердің бірінші сериясы бес кітаптан турады:
Өзгерістер кітабы. Бұл кітапқа құлшылық және тылсым дұғалары, өсиет сөздері топтастырылған. Ол алғашқы қауымдық құрылыстан бергіні сөз етеді, барлық кітаптардың ішіндегі көнесі болып табылады. Осыған қарағанда ол бір адамның қаламынан шыққан дүние емес, құрастырылған еңбек болуы ықтимал.
Көне тарих кітабы. Ол көне уақыттарда жасаған императордың аңызбен астасқан тарихынан мәлімет береді; Діни өлеңдер кітабы. Жинаққа әлемнің жаратылуы мен құрылуы туралы мифтер, діни мадақ өлеңдері енгізілген; Салтанатты рәсімдер кітабы. Күн - Цзының төл туындысы деп танылатын бұл кітапта Лу княздығының тарихы баяндалады.
Дао - Сюэ (Ұлы ілім), Чжун - юн (тепе - теңдік туралы), Лун - юй (әңгімелер мен толғаулар) және Күн - Цзының шәкірті және оның ісін алға апарушы Мэн - Цзының атымен аталған еңбек - екінші серияны құрайтын төрт кітап, зерттеуші ғалымдардың пікірінше, Кун Цзының шәкірттерінің қаламдарынан туған дүниелер.
Конфуций ілімі - тұтасымен дерлік адамшылдық, адамгершілік туралы ілім. Мұнда Кұдай турасында бір ауыз сөз жоқ. Құдайды танып білуге адамның ақылы жетпейді. Барлық өзге діндер үшін аса маңызды мәселе - әлемнің, адамзаттың жаратылуы, адам мен құдайға қатысты мәселелер Конфуций ілімінде мүлдем қарастырылмаған.
Дін деуден гөрі әлеуметтік - этикалық жүйеге жуық тұрған бұл ілім бойынша ең маңызды нәрсе - рәсімділік. Яғни, конфуцидегі құлшылық объектісі - көне замандарда жасалып, біржола орныққан, өмірдің барлық жақтарын қамтитын Ұлы Рәсімдер. Оның өмірі - осы Рәсімдерді сақтаудың үлгісі. Ол, өзінің айтуынша үш мың ереже мен жүз ғұрыпты орындаған ....
Рефераттар
Толық
0 0