Пән:
Қазақ тіліҰзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Уақыт»
Сабақ тақырыбы: № 49-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
-мұғалімнің қолдауымен жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;
-негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасай алады; түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады; түбір мен қосымшаның жазылуын біледі
Оқушылардың көбі:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
-мұғалімнің қолдауымен зат есім, сын есім және етістіктерді қолданып, жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;
-туынды сөздердің құрамына ажырата алады
Оқушылардың кейбірі:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
-зат есім, сын есім, етістіктерді және көмекші сөздерді қолданып жай сөйлемдерді жазуды / құжаттар редакторында басуды;
-туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады, туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады....