Ертегі: Бойы бір қарыс cақалы қырық қарыс

Бұрынғы өткен заманда бір кедейдің үш ұлы болыпты. Бүкіл өмірі байлардың есігінде өткен кедей өлерінде үш ұлын қасына алып отырып өсиет айтады. «Үйдің шығыс жағында бір жалмауыз бай бар, соған өлсеңдер де жалданбаңдар», – дейді.

Әкесі дүниеден қайтқан соң үш баласы қызмет істеуге кіріседі. Ең әуелі қызмет іздеп, ең үлкен ағасы үйінен кетеді. Ол көп уақыт жүріп, қызмет таба алмай әкесі «барма» деген байға барады. Бай мұны көрген соң «хош келдің» деп қарсы алады. Бай бұған:

— Саған бір қызмет берем, соны орындасаң, жалшылыққа алам. Ал орындай алмасаң, басыңды алам, бәрібір басқа байларда жұмыс жоқ, – дейді. Кедейдің үлкен ұлы:

— Жарайды, жұмысыңды істеймін, – дейді......
Ертегілер
Толық
0 0

Шығарма: Қырық қыз(аңыз ізімен)

Тұғырың биік туған елім! Ақ басты бұлттары алыстан қол бұлғап шақыратын қасиетті Атамекенім! Сенің көсіліп жатқан дархан далаңда өзің үшін қасық қанын қиған не бір қасқалар өтті. Қиын-қыстау өткеніңді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізбекті өзіне мұрат тұтқан нендей данышпандар ғұмыр кешіпті сенде. Бағзы замандарда, сенің мейірімді анадай нұрлы жүзіңе қылышынан қан тамған қатыгездер де ат ойнатыпты-ау. Одан бері де талай көш жүріп өткен жолдар сенің бетіңе торлай әжім боп ұялапты.......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Қырыққанбас батыр

Қырыққанбас пен Назар ағайынды екеуі де батыр екен. Қырыққанбас батырдың ер кеуде ерлігімен де, қайыспас кайсарлығымен де, шалдырмас шешендігімен де аты алты Алашқа кең жайылыпты. Сол батыр ерегеспен ұрлық істеп, калмақ пен найманға маза бермепті. Бір сәті келгенде Қырыққанбасты наймандар ұстап алып, қалмақтарға байлап беріпті.

Олардың қолында байлауда бір жыл жатады. Қапысын тауып қашып шыққан батыр тұтқында көп жатып әбден әлсірегендіктен ұзап кете алмай, жазыққа жатып қалады. Таңертең қуғыншылар қиналмай-ақ тауып алады. Қалмақтар қашқынды атқа сүйретіп өлтіруге үкім қылады. Мойнына қайыс арқанды салып жіберіп, кең жазықта түс ауғанша сүйретіпті. Әлден уақытта өлді-ау деп жендеттер тоқтайды.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Қырық өтіріктің мағынасы


Қырық өтірік — қазақтың халық әңгімелерінің ішіндегі ең бір көпке мәлім түрі. Бұл әңгімені ерте күндерден бері қарай, халықтың кәрі-жасы түгел біледі деуге болады.

Мұнда қырық деген сан жай ғана өтіріктің көптігін көрсеткен мөлшер сан. Шынында, осы басылған әңгіменің қара сөзбен айтылған түрін алсақ та, өлеңмен айтылғанын алсақ та, қырық қана өтірік боп тоқтамайды. Қайта қырықтан сонағұрлым көп болады.

Бұл әңгімелердің өзгешелігі, бағасы неменеде? Өзгешелігі, халықтың тапқырлық, жүйріктік сияқты өнерді сүйгендігін білдіреді. Халық фантазиясының тереңдік, жүйріктігіне айғақ болады. Ол фантазия өмірде барды ғана сөз қылмайды. Өмірде болса екен дегенді де сөз қылады. Кейде, тіпті, өмірде болуына мүмкін емес нәрсені де қиыстырып, шын етіп көрсетеді. Мынау өтіріктердің көбі сондай еркін, ұшқыр, өткір фантазияның тудырған әңгімелері және құр болмасты айтқан шылғи өтірік қана емес. Бұнда адам ақылының ізденгіш, шарлағыш серпіні де білінеді. Сонда жанды-жансыз табиғатты өзіне өзгеше түрде құл еткісі келген адамның әр алуан жорамалы байқалады. Мысалы, "құрықты қайық еттім, пышақты күрек еттім" дегені, "қарға міндім", "инелікке мініп, түлкі қудым" дейтіні, "түлкіге жүгімді арттым" дегені — барлығы да сол, жанды-жансыз табиғатты "дегеніме көндірсем" деген қиялдан туады. "Аспанда құстай ұшсам, суда балықтай жүзсем, алты айлықты алты-ақ аттасам" дегеннің бәрі бұрынғы заманда қиял ғана еді. Ондай қолда жоқ өнер жайын ертегі ғана баян етуші еді. Кейін, бүгін соның бәрі қол жеткен табыс боп отыр. Мына қырық өтіріктегі сөздің бәрі өмірде қаз-қалпында іске асады деп ешкім де айтпайды. Бірақ сонымен катар, осы әңгімелердің негізінде де көп мән бар. Адамның бар табиғат жайындағы фантазиясы білінеді. Бірақ бұл айтылғандар әзірше шындықтан алыс. Болды деуге ерсі. Сондықтан болмасты болды деп, қисынсызды қиыстырып айтқанына қарап еріксіз күлесің. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу

Это важно!
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Өлеңдер
Толық
3 -2

Қиял-ғажайып ертегі: Әуезханның қырық ұлы

Баяғыда Әуезхан деген хан болыпты. Ханның қырық баласы бар екен. «Осы балаларыма бір жерден қалың берсем екен»,—деп
ойлайды екен.

Бірнеше жылдар өткеннен кейін хан бір байдың қырық қызы бар деп естиді. Соған қалыңмалына сөйлесіп, құда түсіп келуге жаушы жіберіпті. Жаушы барып: «Бізді хан жіберді. Балаларына қызын берсін деп,—соған келдік»,—дейді. Бай айтты:

—Қыздарыма қалыңмал алмаймын, менің үйімнен өздерінің үйіне шейін тұп-тура жол болсын, жолдың екі жағына бау-ағаш, түбінен су шығып, бұлбұлдар сайрап тұрсын,—депті. Осы айтқандарымды «бір жылдың беделінде бітіресің»,—депті.

Бұл сөзін жаушылар ханға айтып келіпті. Хан мақұл деп, қырық баласын шақырып алып, ең кенжесін алып қалып, отыз тоғыз баласын бірнеше нөкерімен әлгі жұмысты бітіріп келуге жіберіпті. Балалары бірнеше ай жүріп, бітіре алмай келеді. Онан кейін үйде қалған кенже баласы:

—Әке, мені жібер, мен бітіріп келейін!—дейді.....
Ертегілер
Толық
0 0

Шығарма: Қырық күн үлкен жүрек тоқтағалы

Қырық күн үлкен жүрек тоқтағалы,
Біз оны көп айтармыз жоқтап әлі,-деп бір кездері Әбділда ақын жырлағандай Алланың берген саналы ғұмырын асқан парасаттылықпен пайымдап, тынымсыз тірлікпен терлеп, елеулі еңбекпен көгеріп, жан-жағын қаумалаған қауымға сыйластықпен сән түзеп, өзінен кейін өшпестей із қалдыруға бекініп, жай отындай жарқ етіп, мынау фәниден мезгілсіз мизам боп ұшып кететін, санада қаққан қазықтай қатталып қалатын ерекше жандарды таңды таңға ұрып жырлап біте алмайсың... Сондай жанның бірі әрі бірегейі Сарысу ауданының сары даласында Жаңа-арық деген өнегелі өлкесінде 1965 жылы шыр етіп дүние есігін ашқан, ес білген шағынан ортасында озық ойымен оңашаланған, зеректігімен зерделенген, қабақ шытып көрмеген, өмірде өзіндік қалпынан өзгермей, адалдық пен аңқылдаған ақ жүрек пейілінен айнымаған қайсар қыз Зияш Тұзақбайқызы. Бала күнінен әдеби кітаптарға аңсары ауып, тауып сөйлейтін сөзшеңдігімен ел құлағын елең еткізген есті қыз алтын ұя мектебінен түлеп ұшып арман қуып қазақи ұлттық құндылықтардың қаймағы бұзылмаған шырайлы Шымкенттің педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп оны ойдағыдай тәмамдайды. Бірге оқыған курстас құрбы қыздары Зияшпен университет қабырғасында және жатақханада өткен әр күндерін тәтті ертегідей ерекше еске алып отырады.

Ол кездері жаңадан оқу бітірген жас мамандарды қолына бір жапырақ қағазын ұстатып ұстаздықтың ұлы ісіне белсене атсалысуға бағыт беріп, шалғай ауылдарға жіберетін болған. Машақаты мол мамандықты бір кісідей игеріп, игілікті істі иіруге икемділік танытқан инабатты бойжеткен Комунар мектебі яғни қазіргі Шоқай датқа атындағы орта мектепке жолданады......
Шығармалар
Толық
0 0