Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды. Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады. Қазақстанда қызыл кітап үкімет шешімімен 1978 жылдың қаңтарында қабылданды. Онда қызыл кітаптың бірінші бөлімі басылды. Бөлім омыртқалы жануарларға арналған. Онда омыртқалылардың 78 түрі: балықтың-4, қосмекенділердің-1, бауырмен жорғалаушылардың-8, құстардың-43, сүтқоректілердің-31 түрі енгізілді. Олар сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар болып 2 топқа бөлінді. ....
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда абонеттік номерлерді басқа операторға көшіру қызметі іске қосылды. Бұдан былай әр абонент мобиль телефон номерін сақтай отырып, басқа оператордың қызметіне жүгіне алады деген сөз. Осының бәрі "Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңының арқасында мүмкін болып отыр. Ел ішінде мобиль телефон номерін сақтай отырып оператор ауыстыру мүмкіндігі "мобиль құлдықтан" құтылу деп аталып кетті.
Microsoftкорпорациясы сурет арқылы адамның жасы мен жынысын анықтайтын арнайы қызмет түрін жасады. Аталған қызмет how-old.net домені арқылы, Face detection API жүйесін қолданады. Сондай-ақ, How old қызметі Bing API іздеу құралдары мен PowerBI шынайы уақыт тәртібіндегі сарапшылардың көмегіне жүгінеді.
Көптің назарын бірден аударған қосымша электронды бетке жүктелген суретке....
Телефон тұтқасын көтергенде "Аллоның" орнына басқа сөз айтып, әңгімелесушіміздің көңілін көтерейік. Әлбетте, бейтаныс нөмір хабарласқанда күнделікті "алломызды" айта берген жөн. Бұл тәсілді әзілдеріңіз жарасқан құрбы-құрдас, дос-жаранға қолдануға болады. Мынадай қызықты тізім жасап көрдік.