Әңгіме: Әзілхан Нұршайықов | Ақиқат пен аңыз

БІРІНШІ ДИАЛОГ

I

Алматы жазда да, күзде де әсем ғой, шіркін! Сентябрьдың аяқ кезі болса да, астана ыстық, шуақ, жылы нұрға бөгіп тұр. Бірақ ауа райының хабаршылары бүгін жиырма бес градус ыстық болады деп айтқанымен, жаз жиырма бесі мен күз жиырма бесінің жалыны бірдей болмайды екен. Жаздың мұндай күндерінде шолақ жең көйлек киген көше жаяулары жандарына сая таппай дедектейтін еді. Қазір де көйлекшеңдер көп кездескенімен, бірсыпыра жұрт иықтарына костюм іліпті, бәрі де аяқтарын асықпай басатын болыпты.

Күн әлі де едәуір ыстық болғанымен, сары күздің келгенін сары ала жапырақтар айқын аңғартқандай еді. Төбеден төмен қарай қалықтай құлаған екі-үш жапырақ Фурманов көшесімен жоғары қарай өрлеп бара жатқан менің алдыма келіп түсті.

Комсомол көшесінің қиылысындағы «Ювелирторг» магазинінен өткеннен кейін, үйлердің номеріне көз сала бастадым. Өйткені менің іздеп келе жатқан үйім осы тұста болуға тиіс. Білетін адамдар маған магазиннен өтісімен-ақ оң жағыңа қарай бер деп түсіндірген. Расында да лезде-ақ мен бұрышында төрткіл көк қаңылтырға ақ сырмен 117 деп бадырайта жазылған номері бар үш қабат үйдің қасына келдім.

Үйдің осы номеріне көзім түскен сәтте жүрегім сәл шым ете қалып, өн бойымды әлде бір жеңіл діріл аралап өткендей болды. Ол бірте-бірте ұмытылыңқырап бара жатқан ескі сезім еді. Ұлы Отан соғысында жүрген кезімізде, шабуылға шығар алдында дәл осындай болып, көңіл қобалжыңқырайтын да, артынан дайындық басталғаннан кейін, дененің дірілі басылып, қорыққаның, қобалжығаның ұмыт боп кететін.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Жаңа жылдық сыйлық (әкесінің қызына жазған хаты)

"Жаңа жыл мерекесі таяп қалды. Ал мен саған әлі не сыйларымды білмеймін. Сен көп нәрсені: ойыншықтарды, көйлек немесе мазмұны жақсы кітаптарды ұнататыныңды жақсы білемін.

Бірақ биыл мен саған тозбайтын және мәңгілікке жаныңда болатын сый жасағым келіп отыр. Әр жыл сайын мені есіңе салатын ерекше сыйлық болсын деп едім.

Не сыйласам екен... Көп ойланып, маған оңай шешілмеген жұмбақтың жауабы, болашағыңа азық болатын өмірлік шындықпен бөліскенді жөн көрдім. Бұл сый - шын жүрегіммен табысталатын сыйлықтардың бірі. Егер осы сыйлығымды ықыласпен қабыл алып, оны керегіңе жаратсаң, өмірдегі барлық жетістіктің есігі айқара ашылады. Тағдыр дайындап қойған қиындықты жеңіп, қуаныш пен жеңістің тәтті дәмін сонда шын сезінесің.

Саған ешкім ешнәрсе қарыз емес.
Қалайша? Бұл қағида менің өмірімді қалай жеңілдетеді дейсің ғой?
Иә, сен бұл нәрсені әзірше түсінбеуің мүмкін. Балапаным.....
KZ
Толық
0 0

Өмірді жеңілдететін 7 пайдалы дағды. Мұны бізге мектепте неге үйретпеген?

Мұғалімдер оқушыларға ең маңызды дүниелерді үйреткеннің орнына көптеген қиын тапсырмалар береді. Көбі мектепті аяқтаған соң қарапайым өмірлік тапсырмаларды орындай алмай жатады. Алайда мектеп пәндері адамның болашағы жарқын болуына көмектесетін құрал емес пе еді?
Кеңестер
Толық
0 0