Мен қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметовамен жерлес болғанымды, бөкейлік болғанымды мақтан етемін. Мәншүк (Мәнсия) Жеңсікәліқызы Мәметова-қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. Екінші дүниежүзілік соғыста осы жоғарғы атаққа ие болған шығыстан шыққан екі қыздың бірі. Алғашқы қазақ зиялыларының бірі А.Мәметовтың отбасында тәрбиеленген. Алматы медициналық институтында оқып жүріп, Кеңес армиясы қатарына өз өтініші бойынша алынған. Мәншүктің майданға өз еркімен аттануының бір себебі- халық жауы ретінде әкесін босату еді. Соғысқа өз еркімен келгенін, енді әкесін босатуын талап етіп И.Сталинге үш рет хат жазады. Алайда, Мәншүк бұл уақытта әкесінің атылып кеткендігін білген жоқ еді. 1942 жылы тамыз айында өзінің табандылығының арқасында Алматыда құрылған 100- атқыштар бригадасының құрамында майданға келген Мәншүк әуелі штабтағы хатшылық қызметте жұмыс істейді. Ұрыс алаңына бір-ақ түсем деп ойлаған Мәншүк бұл жұмысқа қанағаттанбай, штаб бастығынан атқыштар бөлімшесіне ауыстыруын өтінеді. Оған рұқсат етілмеген соң 1943 жылы ақпан-шілде айларында табиғатында зерек қыз «максимді» меңгеріп алады. 1943 жылы қазан айында азат етілген ежелгі орыс қаласы Невельді қайтарып алуға тырысқан жау әскері қайта шабуылға шығады. Невель үшін кескілесе жүріп жатқан ұрысқа Мәншүк бригадасы да кіреді. 15 қазан күні олар алдымен Мәскеу-Ленинград темір жолы бойындағы Изочи станциясын басып алады. Алайда екі-үш есе күшті қаруланған жау біраз жауынгерлерді жойып жібереді......
Қазақ қызы - Қазақтың мақтанышы Ерлігіне ескерткіш қойылмаған К.Ахметова
Табиғат сүтін сан ғасыр бойы арда еміп, бұлықсып ерке өскен қазақ халқының «Қызға қырық үйден тыйым» деп қыз баласының болашағы мен тәлім-тәрбиесіне ерекше мән бергені әлімсақтан аян. Сөз жақсысын келістірген хакім Абай:
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін,-деп өлеңіне өрнек еткен қазақ қызы - иба мен инабатты, сұлу сымбатты бір бойына жинаған көркем жаратылыс. Қайран, қазақтың қыздары –ай... Осылай деуімнің себебі жоқ емес. Нәубетті тарих көшінің сахнасында қыз мұңлықтың тағдыры талай таразыға түсті. Қазақ әйелі, қазақ қызы биязы мінезі, ашық көңілі, жоғары парасат-пайымымен халқымыздың даналығын танытқан ұлт айнасы десек асыра айтпағанымыз. Теңіздей терең түсінігі, ділмәр шешендігі, төл дәстүрлеріміздің қаймағын бұзбай сақтаған беріктігімен Құнанбай, Абайдай алыптарды тәрбиелеген Зере, елім деп еміренген батыр Бауыржанды үш жасынан бауырына салған Қызтумас, Шоқандай шоқжұлдызды өсиет әңгіме, ойлы ертегілерімен білімге, адамгершілікке баулып, жетілдірген Айғаным,аналық мейірімі, айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаздығымен ұрпағының ұранына айналған Домалақ анадай ел аналары бұл сөзіме дәлел.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Айым өте бақытты болатын.Оқуын үздікке бітіріп,қуанышында шек жоқ еді.Бәленің бәрі сол диплом алған күні басталды.Сол күні достары диплом алғанымызды тойлаймыз дегенсоң Айымды құрбылары қоярда-қоймай сауық кешке алып кетті.Би билеп, достарымен өткен күндерді еске алып уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамайда қалды.Айым сағатына қарап кеш боп кеткенін біліп кетуге қамданды.Құрбыларына кеттік десе олар көнбеді.Сыныптасы шығарып салам деп еді көнбей үйіне жалғыз кетті.Жолда келе жатып алдынан 2-3 бейтаныс еркек көрінді.Айымның жолын тосып,оған тиісе бастады.Біреуі:"Қарындас жарым түнде неге жалғыз жүрсіз?Оданда жүр менімен пәтерге көңіл көтереміз."деді.Бұл Айымның намысына тиді.Жыны келіп әлгінің бетінен ұрып жіберді.Сонан кейін жігіттер қызға жабысады.Көтеріп алып көлікке салайын деп жатқанды бір жігіт келіп бұзақылармен төбелесіп кетті.Кенет бұзақылардың бірі пышақ алып жігітке сұқпақшы болып еді,бірақ пышақ өзінің досына кіріп кетті.Жараланған жігіт жерге жатып тыпыршылап жатыр еді.Бұл кезде қалғандары ізін суытып үлгерген.Айым мен әлгі батыр жігіт жаралына аураханаға апарды.Қараңғыда бір-бірін көрмеген екен.Айдарды дәрігерлер операция столына алып кетті(жараланған жігіттің аты Айдар болатын).Сол кезде Айым өзін құтқарған жігітпен танысып алды.Оның аты Ермек екен.Бір-бірінің телефон номерін жазып алды.Содан кейін Ермек Айымды үйіне апарып салды да,өзі ауруханаға кетті......
Ол екеуі жұлдызы жарасқан жұп еді. Көркіне көз тоймайтын сұлу келіншек, келісті жігіт. Сырт қараған жандардың қызығуы мен қызғанышын қатар оятардай жарасым тауып тұратын. Бақыттың бал шырынына батқан жұбайлар күндерін ерек көңілді өткізетін.
Бірде күйеуі іссапармен алысқа кететін болды. Осынау қос ғашық үшін бұл сапардың сағынышы махаббаттарын тереңдетпесе, өзге кесірін тигізе қоймайтынына әрі екеуі де сенетін. Сүйіктісін шығарып салып, үйде қалған келіншек сағынышты күндерін өткізе берді. Ол осы күндерде әлдебір тері ауруына душар болады да, жас келіншектің сырқатына ем қонбайды. Бір күні таңертең ол ояна сала айнаға қарап шошып кетті. Сұлу жамалынан көлеңке де қалмаған. Қорқынышты болып бұзылып кеткен ақша жүзі оны қайғы теңізіне батырды. Бұл сырқатын күйеуінен жасырып жүретін. Күндер өте келе, оның қайтып келер сәті де жақындай түсті. Ол мына бейнесін көрсе, қандай көңіл күйде болар. Осыны ойлаған сайын оның қасіреті асқына берді. Айна алдына баруға жүрексініп, күндерін өксумен өткізді.
Осынау азапты күндерде ол хабарлама алды. Іссапармен кеткен күйеуі жол апатынан қос жанарынан айрылыпты. Бір айналдырғанды шыр айналдырған қасіретті тағдыр осы да......
Бармақ болып, достым Жанар, еліңе Тағат қылмай, саған сауқат іздедім, Оттай ыстық ақ жүзіңді көруге Минут сайын шыдамадым, төзбедім. Жанар үшін деп едім мен, анталап Көктем гүлі алдыма кеп жиылды, Қиялыма қанат бітті сол сағат, Қуанышым дастан болып құйылды. Сәнді сұлу ерке көктем гүлдерін Жиды тегіс, саған букет таңдадым. Піскен анар, тәтті беһдин1 түрлерін Жанарға деп, Жанарға деп арнадым......
Аяулым киімдерін қалай қолына іліксе солай киіп алды да алды артына қарамай ол қарғыс атқыр үйден қашып шықты.Көйлегінің әр жері қызыл-қызыл қан жұққандай көрінді,бірақ есін жинай алар емес жүгіре берді жүгіре берді.Аяқтары да ырқына көніп тез жүрші деген жалынышты үнін тыңдамай шаршап,талып барады.Бір-екі сағатқа ғана алатын жалдамалы пәтер екенін қалай ғана білмеді екен?Қайдан білсін ақымақ қыз ондайды өмірінде көрмеген.Кейін ғана байқады.Білгенмен не пайда бәрі кеш еді.Солай ағыл-тегіл жылап келе жатқанында бір көлік келіп бейкүнә қызды қақты да кетті.Ең өкініштісі ол көлік жүргізушісі адам қаққанын біле тұра тоқтамастан зуылдап өтіп кетті.Қыз ес-түссіз.Көйлегінің кей жерлері ғана емес қазір қыздың жатқан жері түгелімен қып-қызыл қанға боянды.Машиналар әрлі-бері өтіп жатыр бірақ жолдың шетіне қарай шығып қалған қызды ешкім байқар емес. Аяулымның есі бір кіріп бір шығып жатыр.Бір керемет бөтен әлемде жүргендей.Аспанда ұшып қалқып жүр.Бала кезіндегі құрбысы Айсулуды көрді.Бұлттан бұлтқа секіріп ойнап жүр.Еш алаңсыз.еш мұңы жоқ.Қайран жастық шақ! Осы бір тамаша жап-жарық әлемде Аяулым анаадай ұзақ жерден әкесімен анасын көрді.Тездетіп жандарына баруға асықты.Қолын созып жүгіріп келеді,жүгіріп келеді.Бірақ жете алар емес.Оларды көріп қатты жылап келеді. «Әке, апа қатты сағындым ғой сіздерді.мені құшағыңа алшы, әкетайым мені еркелетші әкешім тоқташы қайда кеттіңдер.Мен жете алар емеспін апа күте тұршы қазір жетемін күңіздерші.Мені тастамашы анашым бірге ала кетші.Қайда барасыздар, сәл күтіңіз жетемін ғой.Әке, апа тастамашы.. күтші..» Осылай сандырақтаған күйінде аурухананың бір бөлмесінде жатып көзін ашты.Жанында баяғы досы сырласы Азаматы отыр екен.Көзінен көп мейірімділік байқалып тұр.Аяулым тағы да көзіне жас алды.Екеуі үнсіз түсініскендей бір-біріне қарап отырды.Азамат Ауялымның қасында болды.Толық болмаса да өзі жүре алатындай халге жетіп Аяулымды Азамат ауруханадан алып шықты.Қыз болған жағдайдың бәрін айтып берді. Азамат бәрін түсініп Аяулымды ағасына алып барды.Ағасы да біраз өштеніп кектенгенімен қолынан келер шара балмады.Азамат Ерліктен рұқсат сұрап Аяулымды сол баяғы тыныш ауылға ертіп алып кетті.Жеңіл ескі көлікпен келген екен қайтар жолда екеуі аздан-аздан сойлесіп отырды. - Қалайсың ағаңды көріп жақсардың ба Аяулым?.....
Университетте өзін мойындату үшін бойындағы талантын, жігері мен білімін аяған емес. Сосын өзі басқарып отырған тобындағы басқа қыздар сияқты ешқашан көз жасына ерік беріп, сәл нәрсеге жас шығара бермейді. Осы табандылығы – марқұм анасынан дарыған сияқты. Мына өмірдің «жылағанды жұбатуға емес, жұдырықтауға құмар» екенін ерте түсінген балғын қыз – өз достарын қашан да сабырға, күресуге шақырудан тайған емес. Ақкөңіл, мінезі жеңіл, ақ жарқын қыз. Дегенмен тереңнен ойлайтын, өзгелерге қашан да қамқор, адал жан. Өзіне рухани жақын, бір-бірін жақсы түсінетін досы Нұржанмен таныстығы да қызық басталған болатын. Университетке жазғы маусымда құжат тапсыру науқанымен, қалаға келген беті еді. Вокзалда теріс қарап сыныптасы Бауыржан тұр. Құлағына тосқан телефоннан тіпті қолы тиер емес. Ауылда асыр-салып, алыса кететін мінезімен Гүлзат Бауыржанның арқасына жүгіріп кеп мініп алып еді! Мұны күтпеген жігіт қызбен қоса жерге құлаған. Орнынан тұрғанда Гүлзаттың байқағаны – мына жігіт қалқан құлақ Бауыржан емес, мүлдем бөтен жігіт екен. Дегенмен түрлері нде ұқсастық бар. Сыртынан қарасаң құлақтары айнымайды екен... Ұялып екі беті алаулап кетті... Таныстығы осылай қызық басталған екеуінің арасы кейін үлкен достыққа...дұрысы, берік махаббатқа ұласты. Гүлзат осылай ойлайтын... Бірақ оның мына қабағында болар-болмас мұңның табы байқалады. Жаңағы құлағына жеткен жаңалық – бүкіл өмірін көз алдына алып келді. Өмірінде дәл бүгінгідей денесі түршікпеген шығар-ау. Тек туған анасының қайтыс болғанын естігенде ептеп жүрегі шымырлап, тұла-бойын осылай діріл жайлаған болатын. Өзінің жалғандағы жалғыз сенімді серігі санаған Нұржаны – Қаламқаспен жарасып, бүгінгі кешке сол қызбен баратынын естігенде, қызғаныштан жанын қоярға жер таппаған. Нұржанның бүгінгі қылығы – Гүлзатты өмірінде болмаған, байқалмаған сезімге т үсірді. Күні-бойы оқу ғимаратында бұған ләм деп тіл қатпақ түгілі, мойын бұрып та қараған жоқ. Құрбысынан естігені мынау. Дегенмен бұл қызғанышын ішіне түйіп, кешке болатын мерекеге өз тобындағы ең момын бала Ерқанатты ертіп бармақ болды. Бірақ сұр жемпірін үстінен тастамайтын бұл жігітпен бірге бару... Әй, тәуекел!.....
Іштегі сыр жүрегіңді қысып, тамағыңды тұншықтырып тұратынын әркім білетін шығар. Оны ешкімге, тіпті жақын құрыбаларыға да айта алмасаң. Мен де осы дертпен өмір сүріп келе жатқаныма жарты жыл болды. Оқу бітіріп, енді жұмыс істеймін, алда бала кезден армандаған ойларымды жүзеге асырамын деп, қуанышым ішіме толмай жүрген кез болатын. Бұрын талай жігіт сөз айтса да, мен оларға оқуымды бітіріп, өз мақсаттарымды жүзеге асырып алайын, соған дейін күте тұр деп қалыңдайтынмын. Сол жазда құрбым бір досымен таныстыруға ниет білдірді. ол жігіт өзіне жақсы жар болатын қыз іздеп жүр деді. Мен алып қашып кетер деп деп қорқып, таныспай жүрдім. Бірақ айтып қоймаған соң, танысуға келістім. Алдымен телефон арқылы сөйлесіп жүрдік. Бір аптадан соң кездестік. Ол маған бірден ғашық болып қалғанын айтты. Ол да маған ұнады. Кездесе бастадық. Біраз күннен соң үйленейік деді. Мен біраз ойлана келісімімді бердім. Бұрын ешқашан олай сүйіп көрмеппін. Жатсам да, тұрсам да оны ойлайтынмын. Ешқашан өзімді сондай бақытты сезінген емеспін. Мен өмірде көп қиындық көрген адаммын, арманымның көп болуы да содан шығар. Бірақ ол жігітті кездестіргеннен бері арманым тек оның қасында өмір бақи бірге болу еді. Тойға дайындала бастадық. Әке-шешесімен, туған-туыстарымен таныстырды.
Менің де ата-анам ұзату т ой жасаймыз, тіпті үйге ремонт жасап, дайындалып жүр еді. Осы бақытты күндерімде бір нәрсені байқамаппын да. Ол жігіт танысқан күні-ақ өзінің бұрынғы қызы мазасын алып, қайта-қайта телефон шалып жүргенін айтқан болатын. Онымен жарты жыл бұрын айырылысқам, оны сүймегем деген еді. Мен ооған үйленгелі жатқаныңды айт, сонда қоятын шығар дедім. Ол досы арқылы осы жаңалықты қызға жеткізді. Алайда, ол қыз одан бетер жиі телефон шалып, смс жіберетінді шығарды. Менің көзімше де талай смс жіберді, жігітім оларды маған оқытатын. Онда "сен мені пайдаланып кеттің" деген сөздер де болды. .....
Әуелі Алла жаратқан, Пендеге күнін санатқан. Он сегіз мың ғаламды Бір өзіне қаратқан. Әуелі, Алла пайғамбар, Моллалар кітап жайғандар. Әкемнен жұрты айрылып, Жүрегімде арман бар. Көңілімнен шуақ жел есед, Жас-кәрімен кеңесем. Мақтанып, әке, жүруші ем, Тәубәм бір көппен теңесем. Елінің жоқтап зар-мұңын, Көтерген әкем нар жүгін. Алатаудай жас әкем,....